2 ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2.1 География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану
Дүниежүзі елдері бұдан 50-55 жыл бұрын қолданған әдіс тәсілдер мен озат технология бұл күнде оқу мен тәрбие ісімен айналасып жүрген әрбір мұғалімнің адастырмас компасына айналып отыр.
Қазақстан республикасының «2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» біздің республиканың білім жүйесі әлемдік денгейімен үндеспей отырғандығына көңіл бөліп,білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді оқушыға білім білік дағдыларын беріп қана қоймай ол жиі өзтеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы.
Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол денгейде болады деген еді. Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа технологияның өзі жаңадан пайда болған дүние емес, оның негізі ерте кезде-ақ қалыптасқан, бірақ уақыт ағымына қарй түрлі өзтерістерге ұшырап, зерттеліп, жетілдірілді.Жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі-жаңа технологияны пайдалану арқылы жеке тұлғаны дамыту. Осы талаптарды орындау үшін,біріншіден оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету.екіншіден оқытудың дербес және топтық түрлері арқылы оқытушыға сенім арту,мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Үшіншіден жаңа технологияның мақсаты-оқытуды ізгілендіру.
Қазіргі заманда педагогикалық ой тұжырымдардан оқушыларға еркін білім беру,оқушының жекеліктұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігін дамыту басты роль атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздар қамуының алдыңғы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қаблетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру тек қана білім берумен шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына,ақыл-ойы ойлау тәсілдеріне үйрету, дағдылндыру. Оқытудың жаңа технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағыттаоған.оқудың жаңа техналгиясы оқу мен мазмұнын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Оқушылардың білім білік дағдыларын жетілдіру үшін оқудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принцептерінің талаптарына сәйкес сабақты әртүрлі әдіс тәсілдерімен өткізу.
Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.
Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырысын орындауда мектеп географиясының қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапаларды тәрбиелеу арқылы көрінеді. Мектепте оқытылатын Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір аумақта оның географияның ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етуге даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды элементі болып саналады. Оны географиялық тұрғыда қарайтын болсақ, ол оқушыларда әрбір объектіні себеп- салдарын байланыс негізінде аумақпен байланыстыру және шаруашылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады.“Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік география” курсын оқытудың жаңартылған мақсат міндеттерін жүзеге асыру үшін мектепте географиядан білім беру география ғылымының бұрыннан кіріктірілген тұжырымдары мен идеяларына (географияның біртұтастығы, табиғатты тиімді пайдалану, табиғи- шаруашылық аудандастыру және т.б.) сүйенеді. Ол Н.Н Баранский, К.К Марков, Ю.Г Саушкин, В.А Анучин, И.П Терасимова, В.М Разумовскийдің еңбектерінде көрініс тапқан [9].
Соңғы 2000 жыл мен XX ғ 50 жылдар аралығында адамзат тарихы екі технологиялық төңкерісті басынан кешті.
Біріншісі- XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында бу двигателінің ойлап табылуы болса, екіншісі- XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы электроэнергетика мен электромеханиканың пайда болуы.
Ал, қазіргі уақытта адам баласы үшінші өнеркәсіптік төңкерісті басынан кешіріп отыр. Ол электрондық есептеуіш машиналардың қоғамда кең етек алуы.
Қазіргі таңдағы өндірістік қоғам дамуының аса маңызды сипатының бірі- ақпараттық технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім беру саласына енуі білім беру ісінде елеулі өзтерістердің енуіне әсер етті. “Оқытудың ақпараттық ортасы” термині ақпарттық ортаны пайдаланудың сапалық өзтерісіне байланысты өзекті болып отыр. Ақпарттандыру ұғымы компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның компьютерлік технологиясыз іске асуы мүмкін емес. Барлық дамыған елдерде оқытудың компьютерлік технологиясы пайдаланылады. Себебі, біріншіден, оқытуда бұл технологияны пайдаланбау оқыту процесінің қарқындылығынң төмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі уақыттағы ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты.
Компьютерді білім сапасына пайдаланудың алғашқы эксперименті алпысыншы жылдарға сай келеді. Алғашында автоматтандырылған оқыту курсының пайда болуы, одан кейін автоматтандырылған оқыту жүйесі. Ал, қазіргі уақытта дербес компьютердің пайда болуы білім беру саласына оң өзтерістер енгізуде.
Қазақстан Республикасы ғылыми- техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғы шарты. Ал, осы мәселені шешудегі басты роль мектепке жүктеледі. Оған дәлел Қазақстан Республикасының президентінің 1997 жылғы “Орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының” қабылдануы. Қазіргі кезде еліміздегі орта білім ұйымдары ақпараттандырудың келесі кезеңін басынан кешіруде, яғни, мектептерді жаңа компьютерлермен жабдықтау.
Қоғамдағы жаңа өзтерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзтертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
Білім сапасын арттыру;
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
Орта білімді ақпараттандыру;
Интернет жүйесін пайдалану;
Электрондық оқулықтар;
Қашықтықтан басқару:
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат қойып отыр: “Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын жаңарту”. Осы мақсатқа сай бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты “ақпараттық қоғамға” тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие процесінің заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жаңа ақпараттық коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы- ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде есептеуіш техника құралдарының ролі мен орны. Мектепте компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;
Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компьютерді қорқып ұстайтын болса, қазіргі уақытта олар информатиканы екінші сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді түрде пайдаланылады [10].
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту әдістері, оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Біз өз тәжірибемізде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, алдымызға төмендегідей мақсат қоюымыз керек:
Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға тәрбиелеу.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді өздігінен меңтерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы қалыптастырады: Оқушы- оқу ортасы – технология жүйесі. География пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:
Мәтіндік редакторы- географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар)
Графикалық редактор- шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын- шашынның, желдің графигін сызу)
Мультимедиялық редактор- сабақта табиғи процестерді құру құралы(геологиялық, климаттық).
Презентациялық- елдің, объектінің презентациясын жасау.
Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия)
Локальдық тестілеу.
Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез- келген жеріне виртуалды саяхат жасау;
География ғылымы бойынша өзінің интернет- қорын құру; тәжірибе алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.
Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.
Қажетті білімді толығымен алу.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлу керек. Пайдаланатын әдістерімді төмендегідей сызба түрінде көрсетуге болады.
Жай кәдімгі сабақ: жоғарыда көрсетіліп отырған барлық әдіс бойынша қай оқыту тәсілін пайдалансаңыз да өзіңіз білесіз. Мұндағы мұғалімнің қызметі: оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын біле отырып, пән аралық қорытынды сабақ өтсе де компьютерге байланыстыру керек [11].
Өзін- өзі оқыту программасы. Бұл әдісте мұғалімнің қызметі оқушыларды қадағалап тұру және жаңа сабақты қысқаша түрде түсіндіру керек.
Биоинформация әдісі. Мұғалімнің міндеті- әдебиеттер беру және оқушыларды тыңдап, оның қате кеткен жерлерін айту. Бұл әдісте әр оқушының ізденімпаздығын, яғни шығармашалық жұмыс жасауын арттыру.
Электрондық оқулық. Оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы.
Мультимедиялық оқыту программасы. Оқушыға экран арқылы компьютер жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқарады. Әрине бұл программа информатика пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асады (сызба 2).
Қашықтықтан оқыту тәсілі. Қашықтықтан білім беру дегеніміз- белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |