«геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері


ҚАЗАҚСТАНДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛДАР



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата31.03.2017
өлшемі27,56 Mb.
#10809
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

ҚАЗАҚСТАНДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛДАР. 
ВОЛЬФРАМ 
 
Қазіргі  заманда  ғылыми  техникалық  прогресcтің  өсуіне 
байланысты  шетелде  сирек кездесетін  металдарға  сұраныс көп. 
Себебі сирек кездесетін металдар жоғары технологиялы ғылыми 
ауқымды  өнімдердің  негізін  құрайды  жəне  оның  қолдану  аясы 
өте кең.  
Қазақстан – ірі сирек металдық провинция. Бізде көптеген 
сирек металдар мен шашыранды элементтердің қоры барланған. 
Олардың кейбіреулері (вольфрам,  молибден,  бериллий,  ниобий, 
тантал,  цирконий,  стронций,  қалайы)  дербес  кен  орындар  жа-
сайды, басқалары (литий, сынап, күшəла, висмут, ванадий, жəне 
т.б.) рудаларда ілеспе компоненттер түрінде кездеседі. 
Вольфрам кендері Қытай мен оңтүстік  Кореяда, АҚШ, Ав-
стралия,  Индияда  жəне  т.б.  елдерде  өндіріліп,  өндірістің 
көптеген саласында қолданылады.  
Вольфрамды  минералдардың    22  түрі  белгілі.  Вольфрам 
минералдарының  ішінде    өнеркəсіпте  ең  көп  қолданылатыны 
вольфрамит пен шеелит. 
Вольфрамит  [(Fe,Mn)WO₄]  химиялық  құрамы  мен 
кристалдық  формасы  жағынан  бір-біріне    ұқсас  темір  мен 
марганецтің  вольфраматтарының    қоспасынан  құралады.  Шее-
лит (Ca WO₄) кальцийдің вольфраматынан тұрады. 
Вольфрамның  рудаларын  байыту  арқылы,    оның  концен-
траттарын  алады.  Рудаларды  байыту  үшін    мынадай    тəсілдер 
қолданылады: 
Гравитациялық  байыту  –  минералдардың    тығыздығына 
байланысты бөлінеді. 
Флотациялық  байыту  –  суланбайтын    минералдардың  
іріктелініп  пульпадағы  ауаның  көпіршігімен  бөлініп  шығуына 
негізделген. 
Магнитпен сепарациялау жəне химиялық байыту.  

 
439 
Вольфрамның  ең  негізгі    кен  орындары    эндогендік 
құбылыстарға  байланысты, яғни  пегматитті жəне гидротермал-
ды ортада, тиісінше генетикалық байланыста қышқыл граниттер 
кайназой,  мезазой  жəне палеозой  дəуірлерінде,  вари,  киммерий 
жəне альпі кезеңдердегі магмаларға қатысты  пайда болған.  
Республикадағы  вольфрам  қорының  мөлшері    əлемдегі 
қордың  жартысынан  артық  мөлшерін  түзеді.  Бұл  металдың  16 
кен орны есепке алынды, оның 12 баланстық қорлар, ал 4 балан-
стан тыс қорлар. Вольфрамның негізгі қорлары 7 ірі кен орын-
дарында:  Караоба-штокберкті,  Ақшатау,  Жоғарғы  Қайрақты, 
Солтүстік Қатпар, Баян, Көктенкөл, Оңтүстік Жаур жəне Богут. 
Бұл  кен орындары W-Мо кенді формациясына жатады жəне екі 
кварцты  желілі  жəне  кварцты  желісымақты  морфологиялық 
түрмен  сипатталады.  Қалған  кен  орындар    маңызы  шектеулі, 
балансты: Нұраталды, Солнечное, Ақмая; баланстан тыс: Баты-
стау,  Байназар,  Чердояқ,  Гремячий  кен  орындары.  Негізгі 
вольфрвмды  кен  орындары  өте  кедей  келген  штокверкті  тау 
жыныстарында пайда болған. Орталық Қазақстандағы көптеген 
вольфрамды  кен  орындары  шақпақ  тасты  вольфрамды  кен 
орындары  түрлеріне  жатады.  Оның  ішінде  шақпақ  тасты  – 
шеелитті кен орындары қатарына Жоғарғы Қайрақты, Оңтүстік 
Жаур , Шығыс қазақстандағы Чердояқ, Гремячий жəне Кенкинг 
кен орындары. 
Қараоба  кен  орны  төменгі  жəне  орталық  девонның  
эффузивті  тау  жыныстарын    жарып  шығып,  шағын  келген  гра-
нит  сілеміне    ұштаса  орналасқан,  яғни  шақпақ  тасты  желілер 
жəне  грейзенді    тау  жыныстары    арасында    граниттер  мен 
олардың шекараларында  іргелес орналасқан. Өндірістік маңызы 
бар  кеніштер қатарына  аса жоғары температурада пайда болған 
шақпақтасты вольфрамитті  молибденитпен касситеритпен жəне 
висмутты  минералдармен  қоса  шоғырланған  кеніш  желілері, 
сондай-ақ қорғасын, мырыш жəне мыс сульфидтерімен араласа, 
орташа температурада пайда болған шақпақ тасты-вольфрамитті 
желілер қосылады.  
Акшатау  кен  орны  палеозой  дəуіріндегі  силурлық  жəне 
девондық  кезеңдердегі  эффузивті-  шөгінді    тау  жыныстары 

 
440 
қалыңдығын жарып шыққан интрузивті  гранитпен байланысты 
кен  пайда  болған.  Кенді  минералдар  желілер  мен  грейзендерде 
дамыған. Өндірістік кеніштік денелер көбіне граниттер мен ада-
мелиттерде орналасқан. Кенорын рудалары вольфрам, бериллий 
жəне  молибден  шикізаттарын  құрайды.  WO3  орташа  үлесі  0,7-
0,5 %-дан 0,25-0,35% дейін төмендеді. 
Жоғарғы Қайрақты кен орны палеозой дəуіріндегі жоғарғы 
силурдың құмдақты сланецтер сілемдеріне ұштасып жəне девон 
кезеңіндегі  эффузивті  туфты  тау  жыныстарымен  іргелес  пайда 
болған. 
Кенорынның 
қалыптасуы 

этаптан 
тұрады: 
молибденитті кварц-калишпатты жəне молибдошеелитті  кварц-
калишпатты;  кварц-молибденитті,  мусковит-пирит-вольфромит 
жəне  колчеданды.  Желілер  мен  сызаттардағы  басты  кен  мине-
ралдар  –  пирит,  шеелит,  молибденит,  висмутин.  Вольфрамды 
кен  жиналу  750-800  м  тереңдіктегі  кондициялы  кескінде 
байқалады.  Кен  орындағы  WO3  орташа  мөлшері  0,135%;  Mo  – 
0,004%; Ві – 0,024%.  
Соңғы 
жылдары 
молибденге 
жəне 
вольфрамға 
дүниежүзілік  бағаның  едəуір  өскені  байқалады.  Осыған  байла-
нысты  ҚР-ның  молибденді  жəне  вольфрам-молибденді 
штокверктері  ашық  қазып  шығару  үшін  тиімділік  деңгейіне 
жетті.  
Осы түрдегі вольфрамды кен орындары үшін конъюктура-
ны жақсару тек WO3 салыстырмалы орташа шоғырлауы жоғары 
объектілер  үшін  жеткілікті  (Солтүстік  Қатпар,  Баян,  Оңтүстік 
Жаур  жəне  Богуты).Техникалық-экономикалық  есептердің 
көрсеткіші бойынша WO3 қорының 50-60% пайызын құрайтын,  
Қараоба-штокверкті жəне Жоғарғы Қайрақты кендерінің пайда-
лы 
компонеттерінің 
салыстырмалы 
жоғары 
орташа 
шоғырлануына қол жеткізу үшін алдын ала байыту қажет. 
 Солтүстік  Қатпар  кені  лабораториялық  жəне  тəжірибелік 
өнеркəсіптік технологиялық сынақ процесінде ауыр суспензияда 
сəтті  түрде  алдын  ала  байытылды.  Пайдалы  компоненттердің 
ауыр  фракцияда  орташа  маңызы  кеннен  шығарылғанмен 
салыстырғанда 2,5-3 есе көбейді. Өкінішке орай республиканың 
қалған вольфрамды штокверкті кендері алдын ала байытылмай-

 
441 
тын  кен  түрлеріне  жатады,  оларды  тек  ядролық  физикалық 
əдістерді қолдану арқылы ғана алдын ала байытуға болады. Са-
па жағынан рентген - радиометрлік ірі бөлшекпен іріктеу (РІР)   
əдісі  аса  тиімді  болып  табылады.          Бүгінгі  таңда  Қазақстанда 
шторкверкті  кеннің  рентген  -  радиометрлік  ірі  бөлшекпен 
іріктеу (РІР) əдісі жасалмаған. 
       Қазақстанда 
Mo 
мен  W  өнімдерінің  жоғарғы 
технологиялық    өндірісін    жəне  металлургиялық  толық  циклді  
қуаты  зор    сирек  металды    тау-кен    өндіретін    жəне  өндейтін   
өнеркəсібін  дамытуға  қолайлы  жағдай  бар.  Оның  даму  
екпінділігі    республикада    сирек  металдардың    жалпы 
қорларының    98,6  %  құрайтын    штокберікті  кенін  алдын  ала 
байыту  жəне  шығару  əдістерінің    нəтижелігімен  байланысты. 
Осыған  байланысты  Қазақстанда    алдын  ала  байытылмайтын 
штокверікті кендерін алдын ала байыту  үшін РІР жəне де басқа  
нəтижелі  əдістерін  құру    мақсатында  ғылыми    зерттеулер 
жүргізу керек. 
Пайдаланылған əдебиеттер:  
Металлогения  Казахстана.  Рудные  формации.  Месторож-
дения руд редких  металлов. Алматы: Наука КазССР, 1981.207с. 
Лаумалин Т.М., Губайдулин Ф.Г., Шептура В.Н. и др. Ме-
сторождения редких металлов редких земель Казахстана: Спра-
вочник . Алматы, 1998. 136 с. 
Бекежанов  Г.Р.,  Иванов  Л.Б.  Редкие  металлы  Казахстана. 
Вольфрам//Геология и охрана недр. 2006. №3.С.37-43. 
Бекежанов  Г.Р.,  Иванов  Л.Б.  Редкие  металлы  Казахстана. 
Молибден//Геология и охрана недр. 2006. №2.С.17-24. 
Т.Н.Жұмағалиев, Н.Сейітов, Б.А. Есқожа, К.С. Шубдабаев, 
Б.Т.  Жұмағалив.  Мұнай  жəне  газ  геологиясы  терминдерінің 
түсіндірме сөздігі. Алматы, 2000. 
 
 
 
 
 
 

 
442 
Мустапаева С. ғылыми жетекшісі:  
 
г.м-ғ.д. профессор Байбатша Ə.Б. 
 
ҮЛКЕН ҚАРАТАУ  ЖАҢАҚОРҒАН ӨЗЕН АЛАБЫ 
ТАСКӨМІР ЖҮЙЕСІ ТҮЗІЛІМДЕРІНДЕГІ 
ИІНАЯҚТЫЛАР ТИПІНІҢ ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ 
СИПАТТАМАСЫ 
 
Үлкен  Қаратаудың  таскөмір  түзілімдері  жайындағы  бірінші 
мəліметтерді  1878-1915  жылдары  И.В.  Мушкетов  пен  Г.Д. 
Романовский анықтаған. Казіргі кезде Қаратау геолоиясын  көптеген 
ғалымдар  зерттеуде  олар  г.м-ғ.д.  Академик  Ергалиев  Г.К., 
трилобиттерді,  к.г-м.н.,  Жаймина  В.Я.,  фораминифераларды, 
Сергеева Л.Н. иінаяқтыларды зерттеуде өз үлестерін қосуда. 
Үлкен  Қаратаудағы  таскөмір  қабаттары  карбоннатты 
түзілімдерден,  оның  ішінде  басым  көпшілігі  доломитті  - 
əктастардан  тұрады.  Таскөмір  қабаттары  фароминифер, 
конодонт,  маржан,  мшанка  жəне  брахиоподтар  кешендерінің 
таралуын байланысты жоғарғы жəне төменгі ярустарға бөлінеді. 
Жоғарғы  турне  ярусындағы  төменгі  орғайлысай  подсвитасы 
Ақсай түзілімдерімен үйлесімді орналасқан. Төменгі орғалысай 
подсвитасының  қимасы  сипаты  бойынша  үлкен  Қаратаудың 
барлық 
аумағында 
ерекшеленеді. 
Əдетте 
подсвита 
түзілімдерінің  құрамындағы  органогендік  əктастарда  жеке 
маржандар мен кремнилі қабатшалар жəне ұялшықтар кездеседі. 
[1,2,3]. 
  Қимадағы  Ақұйық,  Жертансай,  Жаңақорған  өзені, 
Тұрлан  əктастарында  фораминифералар  кешендерінің  көптеген 
түрлері  анықталған.  Оның  ішінде  Endothyra  (Latiendothyra) 
turkestanica  жəне  Chernyshinella  glomiformis-  Ch.  Subrotunda 
Tournayellina  beata  (Malakh.),  Tournayellina  beata  (Malakh.), 
Endothyra  (Latiendothyra)  latispiralis,  (Lip.),  Planoendothyra 
compta (Schlyk.), Palaeospiroplectammina tchernyshinensis. (Lip Ал 
Жаңақорған  өзен  жəне  Ақұйық  өзендерінің  жоғарғы  бөлігінің 
қимасында  Marginatia  burlingtonensis  (Hall),  Dictyoclostus 
deruptoides Sar., Spirifer tornacensis Kon., Palaeochoristites cinctus 

 
443 
Kon.  Тегісті  мен  Ақұйық  қимасында  көптеген  жеке  маржандар 
Siphonophyllia cylindrical (Scoul) кездеседі. [1,2,3]. 
Жоғарғы  орғалысай  подсвитасында  қара  жəне  қара-сұр 
түсті  органогенді-детритті  əктастар  көп  тараған,  арасында  көп 
мөлшерде жеке маржандар кездеседі. 
Қазанбұзар свитасының түзілімдері орғалысай свитасының 
əктастарымен  үйлесімді  орналасқан.  Свитаның  карбонатты 
терригенді  бөлігі  құрамындағы  фораминиферлер  белдемімен 
сипатталады.  Олар  Tetrataxis  dievi  жəне  T.  kiselicus-  Tetrataxis 
minima  Lee  et  Chen,  T.  eominima  Raus.,  T.  riselicus  Malakh.,                 
T.  dievi  Malakh  .,  Т.  cf.  pervida  Malakh.,  T.  aff.  Angusta  Viss., 
белгілі. [1,2,3]. 
  Свитаның  жоғарғы  бөлігі  құрамында  (Қошқарат  өзені 
аңғары)  миндаль  тасты  трахи-базальттардың  болуымен 
ерекшеленеді.  Бұл  трахибазальттардың  жасы  жоғарыда 
орналасқан 
кремнийлі-əктастардағы 
орта 
визелік 
фораминиферлер-  Eodisus  sp.,  Pseidoammodiscus  paraprimaevus 
(Skvor.),  Rectocornuspira  submosguensis  Fomina  брахиоподтары 
жəне  ортавизелік  иінаяқтылар  (брахиопоттар)  Productus 
productus,(Mart.),  Fluctuaria  undata,  (Defr.)  Ovatia  ovata  (Hall), 
Antiguatonia 
insculptiformis 
Litv 
анықталған. 
Ақұйық 
свитасының  түзілімдері  қазанбұзар  свитасының  түзілімдерімен 
қосыла синклиннің ядролық бөлігін алып жатыр. [1,2,3]. 
Ақұйық өзені бойынша свита қймасының негізгі бөлігін сұр 
жəне ашық сұр шомбал, плиталы органогенді жəне күлгін түсті 
əктастар  құрайды.  Бұл  түзілімдерде  көп  мөлшерде  –  Fluctuaria 
undata  antis  Litv.,  Productina  praemargaritacea  Serg.,  Pugnax 
pugnus 
Mart 
Иінаяқтылары 
(брахиоподтар) 
кездеседі. 
Стратотиптегі қиманың қалыңдығы 370м. 
  Қаратау свитасы Жаңақорған өзенінің  қимасы бойынша 
визелік жəне серпухов ярустарының шекарасы қошқыл сұр түсті 
ұсақ  түйірлі  конгломераттармен  ірі  түйірлі  құмтастар  жəне 
əктастар  арқылы  анық  бөлінеді.  Бұл  түзілімдердің  астасу 
шекарасынан  10м  жерде  қара  түсті  кесек  түйірлі  сазды 
əктастарда-  Neospirifer  derjawini  Jan.,  Spirifer  trigonalis  Mart., 

 
444 
Pseudoleptaena 
distorta 
Sow: 
иінаяқтылар 
кездеседі 
(брахиоподалар). Түзілімдердің қалыңдығы 54м. [1,2,3]. 
Таскөмір  жүйесінде  Қаратау  брахиоподтарын  А,В,С,Д. 
ассоцацияларына бөлген. С ассоциациясы төменгі жəне ортанғы 
визенің  аралықтарын  сипаттайды.  С  ассоциациясы  бойынша 
жұқа  қабыршақты  орта  жəне  үлкен  көлемдегі  Globosoproductus 
жəне 
Moderatoproductus 
туыстары, 
аз 
мөлшерде 
Gigantoproductus туысы, аз мөлшерде Antiguatonia. түрлес туысы 
иінаяқтылары кездеседі. Жаңақорған өзен қимасында А жəне В 
ассоциациясында  кездеспейтін  иінаяқтылар,  С  ассоцациясында 
кездеседі  олар  Globosoproductus  sarsimbai  Gal.  жəне  Productus, 
сондай-ақ  бұл  қимадан  Moderatoproductus-  Striatifera  striata 
иінаяқтылар туысы табылмаған [4-11]. 
 
ARTICULATA  құлдыптылар класы. 
Orthida отряды. Таскөмірде өмір сүрген. 
Orthis туысы. 
Қақпақшалары ізбесті дөңгеленген тік еңістелген пішінде . 
Жармақтарының  пішіні  əртүрлі:  арқа  жармағы  жалпақтау,  кей 
түрлестерінде  аз  көтеріңкі,  құрсақ  жармағы  негізінен 
айтарлықтай  биік  болады.  Шанақтың  төбесіне  орналасқан 
маңдай  шеті.  Құрсақ    жармағының  төбешігінің  астында 
үшбұрышты не жарты ай тəрізді тар алаң арея бөлінеді. Құрсақ 
жармағының  ареясында  аяқ  шығатын  дельтеридің  ізі  қалған. 
Сыртқы  жармағы  сəулелі  сызықтармен  үстіңгі  жармақтың 
астыңғы  жармақпен  қосылған  жеріне  дейін  созылған.  Үстіңгі 
жармақта көлденеңнен сызылған үш сызығы болады. №1 үлгіде 
оны  көре  алмаймыз  себебі  үлгі  корбанатты  жыныстармен 
əктастармен көмкерілген [11]. 
Spirifer туысы 
Өмір сүру уақыты С 
Жармақтары үлкен көлемде, дөңесті үшбұрыштыдан доғал 
пішіндіге  дейін,  ені  бойынша  созылған.  Екі  жармағы  да 
көтерілген,  жармақтардың    дəл  ортасында  синусы  бар  немесе, 
көтеріңкі  жармақтары  ұзынды,  қысқалы  көптеген  сызықты 
қабырғалармен көмкерілген. Құрсақ жармағы. Құлпылану жиегі 
ұзын.  Құрсақ  жармағының  төбесінің  астындағы  түйіскен 

 
445 
жерінде  кең  ареясы  бар,  ареяның  ортасында  ұшбұрышты 
дельтириум  таңбасы  сақталған.  Дельтириум  ашық  немесе 
жалған  дельтидиум  болады.  Құлпылы  тістердің    іздері  де 
байқалады.  Қол  аппараты  екі  ұзын  конус  тəрізді  əктасты 
спиральдардан екі шетінен байқалады. [11]. 
Productus туысы Өмір сүру кезеңі С 
Жармағы  жартылай  дөңгелек  кейде  трапеция  тəрізді, 
жалпақ немесе иіле томпайған. Құрсақ жармағы көтеріңкі, арқа 
жармағы  жалпақ  ішіне  кіріккен.  Құлпталу  жиегі  ұзын,  көп 
жағдайда екі жақ қанатты жалғасуламен немесе құлақшалармен 
аяқталады.  Жармақтың  сыртқы  үстіңгі  жағы  шашыранды 
қабырғалармен  көмкерілген.  Екі  жармақтың  қосылған  жері  аз 
əжімделіп  келеді.  Құрсақ  жармағында  ұзын  талшықтары  іздері 
таңбасы  сақталған,  бұл  талшықтар  жармақтың  бөгде  затқа 
жабысып тұру қызыметін атқарады. Құрсақ жармағы ішке қарай 
қатты  қайырылған.  Құлпы  арқа  жармағының  құлпылы 
өскіндерінен тұрады [11].  
Үлгілердің сақталу сапасы жақсы, қол апараттарының жəне 
бұлшық  еттерінің  іздері  айқын  көрінеді.  Құрсақ,  арқа 
жармақтарындағы  қабырғаларының  ірілігі  үлгілердің  қатты, 
ауыр болуы иінаяқтылардың жағаға жақын жерде өмір сүргенін 
білдіреді.  Жəне  бір  дəлел  иінаяқтыларман  бірге  колониялы 
маржандар,  дара  маржандар  кездеседі.  Маржандар  негізінен 
таза,  саяз  жылы  суларда  мекен  етеді.  Осы  мəліметтерге  сүйене 
отырып  сол  кездегі  палеогеографиялық  жағдайды  болжамдап 
айтсақ  өте  суық  болмаған.  Жəне  бұл  иінаяқтылар  таскөмір 
кезеңінің  визе  ярусына  сай  келеді  деп  салыстырмалы  айтуға 
болады.  
ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1 Геология и металлогения Каратау том 1. АЛМА-АТА 1986г. 
Ергалиев Г.Х. Кембрийская система: Большой Каратау и отроги 
Таласского Алатау. – В кн.: Геология СССР. М.: Недра, 1971, т. 40, кн. 
1, с. 67-79. 
3  Ергалиев  Г.Х.  Некоторые  трилобиты  верхнего  кембрия  и  нижнего 
ордовика  Большого  Каратау  и  Улутау.  –  В  кн.:  Стратиграфия  и 
палеонтология нижнего палеозоя Казахстана. Алма-Ата, 1983, с. 35-66. 

 
446 
4  Алексеев  А.С.  Типизация  фанерозойских  событий  массового 
вымирания  организмов//  Вести.  Моск.  ун-та.  Сер.  4.  Геология.  2000. 
№5.С. 6-13. 
5  Использование  событийно-стратиграфических  уровней  для 
межрегиональной  корреляции  фанерозоя  России:  Методическое 
пособие. СПб.: Изд-во ВСЕГЕИ, 2000.166с. 

Сергеева 
Л.В.
 
Раннекаменноугольные 
брахиоподовые 
ассоциации  северо-западной  части  Большого  Каратау//  Геология 
Казахстана. 2002. №3. С. 4-9. 

Сергеева 
Л.В.
 
Визейско-серпуховские 
брахиоподовые 
ассоциации северо-западной части Большого Каратау// Известия НАН 
РК. Сер. геологическая. 2003. №1С. 15-20. 
8  Сергеева  Л.В.  Некоторое  проблемы  зональнойстратиграфии  на 
примере  каменноугольных  отложений  Казахстана//  Изв.  НАН  РК. 
Сер.геол. 2003.№5.С.3-8. 
Сергеева Л.В. Условия осадконакопления и палеобиогеография 
каменноугольных 
отложений 
Джунгаро-Балхашской 
области// 
Геология Казахстана. 2002. №4. С. 26-42. 
10  Литвинович  Н.В.,  Аксенова  Г.Г.,  Разина  Т.П  Стратиграфия  и 
литология  отложений  нижнего  карбона  западной  части  Центрального 
Казахстана. М.: Недра, 1969. 448с. 
11 Əбішев Б.М.,. Лисогор К.А., Малиновская В.Д., Махмұтов Ə.Т. 
Палеонтология. Алматы 1999. 
 
 
 
Нысанбаев Д.  Ғылыми жетеші:  
Хабиева А.М 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАБАТТЫ - ИНФИЛЬТРАЦИЯЛЫҚ 
УРАН  КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ  ЖАРАЛУ  
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
          
Уран  кенорнының жаралуы 
Магма  суығанда  бөлек  қосындылар  жəне  оларды  кешені 
минералдар  кристалданады.  Ең  бірінші  еру  температуралары 
жоғарғы жəне магмада өлшемі көп қосындылар кристалданады. 
Бірінші  кристалдану  сатысында,  алғашқы  кристалдану  деп 
аталатын  800-900  градус  температурада  магмадан  екі  негізгі 

 
447 
кристалдарының  элементтердің  сипаты  бойынша  (Mg,  Fe 
олармен  изоморфты  қосылыстар)  мафиялық  элементтер  түседі 
[1].  Сирек  металдар  магмада  аз  болса  да,  олар  магний  жəне 
темір  изоморфы  емес,  сондықтан  осы  сатыда  олар  ерітіндіде 
қала береді. Бұл жағдайда магний оксидтері жəне аздап кремниі 
бар  негізгі  таужыныстарда  уран  мен  басқа  сирек  металдар 
болмайды.  Келесі  кристалдану  сатысында  бас  кристалдану  деп 
аталатын  300-500  градус  темперптурада  магмадан  «сиалдық» 
(кремний, алюминий, кальций, каллий жəне олардың изоморфты 
қосылыстары)  элементтері  түседі.  Сиалдық  элементтерімен  де 
сирек металдар изоморфты емес болғандықтан олар осы сатыда 
ерітіндіде  қалады.  Осы  қалдық  силикатты  ерітінділерден 
жаралған  уран  жəне  тағы  басқа  сирек  металдар  кенорындары 
үлкен  миграциялық  қасиеттері  бар  элементтерге  жатады.  Бұл  
олардың  физика-химиялық  қасиеттерімен  байланысты,  соның 
ішінде: 
1- Уранның    амфотерлігі,  жоғары  валенттік  жағдайында 
(+6) ол негізгі қышқыл сипатты қосындылар деп беруі мүмкін. 
2-Уранның 
 
ауысу 
 
валенттілігі, 
тотықтану 
қалыптастандыру процестерінде қатысу мүмкіндігі береді.  
2- Жоғары кешенді жаратылысты қасиеті. 
4-Изоморфизм,  қоспа  кристалдарды  жарату  мүмкіндігі 
немесе кейбір сирек металдардың қосындыларының кристалдық 
торына 
кіруі. 
+6 
валиентті 
жағдайдағы 
тотықтанған 
гидрлтермальдық  ерітіндіге  жеңіл  ауысады  уранмен  бірге 
гидротермалдық  ерітіндіге  молибден,  темір  сульфидтер  алтын 
айналады жəне коллойдты ерітінді түрінде кремний қышқылына 
ауысады [2].  
Жарық  бойымен  жылжып  гидротермальды  ерітінділер 
төмен 
қысымдағы 
аймаққа 
түседі 
сосын 
жайлап 
суыйды.Төмендеген  қысым  мен  температураның  əсерінен 
сонымен  қатар  сыйыстырушы  жыныстармен  күрделі  химиялық 
қарым  қатынастың  нəтижесінде  гидротермалдық  ерітіндіден 
кварц,  пирит,  арсенопирит,  настуран,  молибденит,  алтын 
тұнады. Олар жарықтарды толтырып желіге айналады. Тұндыру 

 
448 
себептері  қышқылдығы  төменднгенде  гидролиз,  сыйыстырушы 
жыныстардағы қалыптастырушылармен бірігу. 
 
 Мысалы:     UO2SO4+2H2O       UO2(OH)2 +H2SO4  
                UO2+2Fe+6H2O       UO2  +2Fe(OH3) +6H  
                UO2+ H2S         UO
2
 +S  +2H  
 
Осыған  қарағанда,  гидротермальды  жыныстарда  сирек 
металдардан  тек  қана  кейбір  бөлігі  (U,Mo,Au)  бар,  көбінесе 
сирек  металдар  силикатты  ерітіндіде  қалып  қояды.  Жоғары 
сипатталған процестер эндогендік болып келеді, ал жаратылған 
минералдар  алғашқыға  жатады[3].Түпкілікті  пегматитті  немесе 
гидротермальды  кенорындар  қалыптасқаннан  кейін  кейбір 
жерде  геологиялық  əрекет  нəтижесінде  жер  бетіне  шығуы 
мүмкін.  Осы  жағдайларда  түпкілікті  жыныстар  тəулік  жылдық 
температураның өзгеруіне байланысты тотық пен  басқа ерігіш 
заттардан  тұратын  жерасты  жəне  жерүсті  суының  əсерінен 
моруға  ұшырайды.  Жел жəне  микроорганизмдер əсерінен  жəне 
топырақ жаралумен байланысты процесстер де қирату əрекетіне 
апарады.  Мору  процесінде  көбінесе  минералдар  химиялық  
қайта жаралады. Кейбір элементтер соның ішінде алтываленттік 
күйге  дейін  тотықтанған  уран  аз  қышқылданған  немесе 
карбонатталған  суларда  ериді  сосын  жерүсті  жəне  жерасты  
сулармен  көп  жерге  тасымалданады.  Соңыныан  осы  сулардан 
гидролиз  немесе  қалпына  келтіру  нəтижесінде  шөгу  немесе 
көмірсулар,  тақтатастар,  шымтезектердің  гумусты  құрамы  мен 
ионалмасу процестердің нəтижесінде уран шөгуі мүмкін. Ураны 
бар грунтты сулар артезиан суқоймасына ағуы мүмкін, ол жерде 
қабатты 
тотықтану 
мен 
қалпына 
келтіру 
белдемдер 
шекарасында 
роллa 
типті 
қабатты 
инфильтрациялық 
кенорындар  қалыптасады.  Осы    жағдайда  Қазақстандағы  Шу-
Сарысу мен Сыр-Дария  уран провинциясы  жаралды.[4] 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет