Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар
Есептер: тақ есептер
Үйге тапсырма беру:
Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып
Реті:3
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Түзу. Сәуле.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түзу. Сәуле. Осы ұғымдарды білу
Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру, ынталандыру
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою. Үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру
Жаңа тақырып беру кезеңі
Практикалық кезең /бекіту/
Үйге тапсырма беру
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру, ынталандыру
Қайталау сұрақтары /үй жұмысының нәтижесі бойынша/.
Жаңа тақырып беру
Кез келген түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.
Ан-ма1: Бір шетінен шектеулі түзуді сәуле деп атаймыз.
Нүкте түзуді екі бөлікке бөліп, олардың әрқайсысын сәулеге бөледі. Сол нүкте сәуленің басы болып табылады. Әдетте сәулені кіші латын әріпімен немесе екі бас әріпімен белгілейді.
Мыс:
түзу бойынан А және В нүктелерін орналастырыңдар. Ав кесіндісінен С нүктесін белгілеңдер, АВ, ВС, СА, АС және ВА сәулелерінің арасынан беттесетін сәулелерді табыңдар.
Осы сәулелрді салыстыруға болады ма?
Әр сәуленің толықтауыш сәулелерін ата.
/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/
Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар
Есептер: тақ есептер
Үйге тапсырма беру:
Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып
Реті:4
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Кесінді. Оның ұзындығы және қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кесіндінің түрлерін, оларды өлшеп салуды білу
Дамытушылық: Геометриялық фигураларды кескіндеуді білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) сабақтың мақсатымен таныстыру, сабаққа ынталандыру
ә) үй жұмысы бойынша сұрақтарға жауап беру
Практикалық кезең /құрал-саймандары бар-жоғын тексеру/
Оқулықпен жұмыс.Есептер шығару /бекіту/
Үйге тапсырма беру
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру, ынталандыру
Қайталауға арналған сұрақтар:
-нүкте, кесінді, түзу анықтамаларын сұрау/қарапайым мысалдар келтіру
-түзулердің өзара орналасуы
-үй жұмысы бойынша жіберілген қателерге сипаттама беру
Практикалық сабақ /салу, өлшеу жұмыстары/
Кесіндіні өлшеу оларды өлшем бірлігі ретінде қабылданған қайсыбір кесіндімен салыстыруға негізделген.
Өлшем бірлігі ретінде мм, см, дм,... т.с.с деп алу қабылданған.
Кесінділердің стандартты халықаралық өлшем бірлігіне метр қабылданған.
Бүгінгі сабақта біз кесінділерді өлшеп салу барысында құрал ретінде сызғышты қолданамыз, өлшем бірлігінде см-ді қолданайық.
Мыс:
1. АВ кесіндісі 3,5 см, АС кесіндісі 7,5 дм, ВС-ның ұзындығын тап.
Осы кесінділерді салыстыр.
Осы кесінділерді параллель орналастыр
Осы кесінділерді өзара қиылыстыр.
/Тақтаға кескіндерін сызып көрсету/
Достарыңызбен бөлісу: |