Геометрия элементтері. 1-сынып:
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; нүкте,түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш; жазық және кеңістік фигуралар; геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру; геометриялық фигураларды кескіндеу және салу; түзу, қисық сызық, сынық сызық, кесінді; геометриялық фигуралардан құралған композициялар; нысандардың орналасуы және бағыты; нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты; нүктелердің сандық сәуледе орналасуы.
2-сынып: Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; бұрыштар түрлері; көпбұрыштардың жіктелуі;тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың белгілері; геометриялық фигуралардың қабырғаларын табу; периметрді табу формуласы; геометриялық фигураларды кескіндеу және салу;кесінділер мен түзулер; тік бұрыш; жазық фигуралардың моделдері; жазық фигураларды салу;геометриялық фигуралардың орнын, қозғалысын және бағытынанықтау; нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты; нүктелердіңсызықта орналасуы.
2. Сандар мен шамалар, алгебра элементтері мен геометрия элементтеріне 3 деңгейлі (төмен, орта, жоғары) қызықты тапсырмаларды 2 нұсқада құрастыру (MsWord программасы арқылы құрастырылған тапсырмаларды жүктеу ұсынылады).
Бастауыш сыныптарда геометриялық материал бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдарымен тығыз байланыста қарастырылады. Бастауыш сыныпта: кеңістік туралы түсінік, нақты фигура туралы ұғым, геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату, геометриялық шамаларды өлшеу, фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру, әртүрлі геометриялық шамалармен таныстыру қарастырылады да, оқушылар геометриялық алғашқы түсінтерді жинақтайды әрі дамытады, кейбір геометриялық терминдермен танысады; қарапайым сызу және өлшем құралдарын пайдалан біліудің қарапайым дағдыларын меңгереді.
Бастауыш сыныпта қарастырылатын мазмұнды жаттығулар мен есептер жүйесі және олармен жұмыс істеу әдістемесі балаларда кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру, абстракциялау және жалпылау біліктерінң дамуына ықпал жасауға тиіс.
Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсатын ғана емес, оқытудың құралы да геометриялық материалдар сандардың реттік қатары, арифметикалық амалдар тексті есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту барысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады;
Геометриялық ұғымдарға (тік төртбұрыштың, шаршы және периметрдің басқаларына) анықтама тек қана остенсивті түрде көрсету арқылы беріледі;
Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;
Геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмір байланысын түсінуге есептігін тигізеді;
Геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады.
Геометриялық материалды оқып үйренудің неғұрлым тиімді әдісі болып табылатын мына сияқты лаборатория- практикалық әдістер: қағаздан, таяқшалардан, сымнан фигуралардың модельдерін жасау; сызу, өлшеу т.б. Мұнда елеусіздеу белгілерін(түсі, өлшемі, жазықтықта орналасуы т.б.) өзгертіп ала отырып объектілердің алуан түрлілігін қамтамасыз етудің, балаларға елеулі белгілерін-нәрселердің формасын, фигуралардың қасиеттерін т.б. айырып көрсете білуді меңгеру мен көмек берудің маңызы зор.
Геометриялық түсініктер мен ұғымдарды өздігінен және мейлінше айрықша бағытта ұсына отырып, орындалатын болса да мүмкін болатын жерде сабақта геометриялық материалдарды оқып үйрену арифметикалық және алгебралық материалды оқып үйренумен байланыстырылуы тиіс.
Тақтадан сызбаларды орындау үшін сыныпта сызба-өлшеуіш аспаптар жиынтығының: сызығштың, сызба үшбұрышының, циркульдің болуы қажет.
Мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыруда қазіргі кезде өзара байланысты екі мақсат көзделеді:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және өз бетімен білім алу ынтасын тәрбиелеп, оның жолдарын үйрету.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ойлау шеберліктерін тек ізденумен проблемаларды өз бетінше шеше білуді үйретумен жетілдіруге болады. Мұндай ізденуді іске асыруда оқушыларға тыңғылықты білім беруде проблемалы оқытудың маңызы зор.
Бастауыш сыныптарда геометриялық материалды оқып үйренудің негізгі міндетттері:
1. Оқушылардың нүкте, түзу сызық, түзу кесінді, сынық сызық, бұрыш, көпбұрыш, дөңгелек сияқты геометриялық фигуралар туралы айқын
түсініктерін және алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;
2. Геометриялық фигуралар: сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған, сынық сызықтар, перпендикулярлар және пареллельдер); нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді, көпбұрыштар: үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы; олардың элементтері (төбелері, бұрыштары, қабырғалары); сопақша, дөңгелек, шебер және олардың элементтері (центрі, радиусы, диамтері) туралы нақты түсінік қалыптастыру.
3. Ұзындық жөнінде нақты түсінік қалыптастыру және заттың ұзындығын салыстыру, кесіндінің ұзындығын өлшеу сияқты ұғымдарды меңгеру.
4. Ұзындықтың өлшемі бірліктерімен: сантиметр, дециметр, метр, километр, миллиметр және олардың арасындағы қатынаспен таныстыру.
5. Сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу, сондай – ақ берілген ұзындық бойынша кесінділер сызу, кесіндінің ұзындығын кеміту немесе арттыру, кесінділерді ұзындықтарына қарай салыстыру біліктерін түрлендіру (іріден ұсаққа және керісінше); әр түрлі бірліктермен берілген ұзындықты салыстыру , сондай – ақ шамалармен ( ұзындық ) амалдар
орындауға үйрету.
6. Ұзындық бірліктерін түрлендіру (іріден ұсаққа және керісінше); әр түрлі бірліктермен берілген ұзындықты салыстыру, сондай – ақ шамалармен (ұзындық) амалдар орындауға үйрету.
7. Фигураның ауданы туралы түсінік беру және фигураның ауданын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
8. Аудан бірліктері: см2, дм2, м2, мм2, ар, гектармен таныстыру. «Палетканың» көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету.
9. Аудан бірліктері арасындағы қатынасты игеру және шамаларды түрлендіруге, салыстыруға және аудан бірліктерімен амалдар орындауға үйрету.
10. Тік төртбұрыш, шаршы, сондай-ақ әлдеқайда күрделі фигуралардың аудандарын табуға үйрету.
11.Қарапайым кеңістік денелерімен: текше және тік бұрыштары параллелепипед; олардың элементтері: төбелері, жақтары, қырларымен таныстыру.
12.Геометриялық фигураларды өлшеу және оларды «көз мөлшерімен», «еркін өлшеммен қолмен» салу, құралдардың: сызғыш, траспортир, циркульдің көмегімен, сызықтары бар және сызықсыз қағазды салу, практикалық біліктерге жаттықтыру.
13.Кесіндінің қосындысы мен айырмасын, көпбұрыштардың периметрі мен ауданын, текшенің және тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табуға үйрету.
14.Геометриялық фигураларды түрлендіруге үйрету.
2.Геометрия элементтерін оқытып үйретудің басты және аса маңызды нәтижесі – фигураларды бір-бірінен ажырату және оларды тани білу іс-әрекетін меңгеру. Ол оқу процесінде, әсіресе, геометриялық мазмұнды жаттығулар мен материалдарды қарастыру барысында жүзеге асырылады. Дегенмен, бастауыш буынның соңын ала осындай іс-әрекеттер түрлерін арнайы қайталау, тиянақтау, жетілдіру, қорытындылау, бір жүйеге келтіру бағытында арнайы жұмыстар ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Алайда, төрт жылдық бастауыш мектептін соңына қарай берілетін қайталауға арналған жаттығулардың ішінде геометриялық мазмұнды тапсырмалар жетеу-ақ (10). Олардың өзі дәстүрлі мәселелерді (периметр мен ауданды есептеу және салыстыруды, кыадрат пен тік төртбұрышты салуды) қайталауға арналған. Әрине, бұл мәселелер өзінің дидактикалық құнын жойған жжоқ, дегенмен, олар бағдарламада анықталған негізқгі геометриялық іс-әрекеттерді оқушылардың тиянақты меңгеруін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан негізгі геометриялық іс-әрекеттерді тиянақтала, жетіле, дами түсуіне себепші болатын және бастауыш буынының соңын ала арнайы өткізілетін қайталау сабақтарында қарастырылуы тиісті жаттығуларды келтірейік.
Бірінші топтың жаттығулары ажырату және танып білу іс-әрекеттерінің орындалуын көздейдді. Мұнда оқушылар жаттығуларды орындау барысында фигуралардың бірнеше қасиеттерден тұратын сипаттамалық белгілерін еске түсіреді және оларды айтып шығады, әрі қарай сол қасиеттер фигураға тәне екенін біртіндеп тағайындап, тексеруден өткізеді, сонан кейін әрбір фигураның қарастырып отырған ұғымға тиісті немесе тиісті емес екендігі жайында қорытынды жасайды.
1) Суретті қараңдар:
Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, тік бұрыш, тік емес бұрыш болатын фигуралардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.
2) Суретті қараңдар:
Әрббір фигураның сәйкес «атын» келтіріңдер.
3) Суретті қараңдар:
Барлық тік бұрыштардың, көпбұрыштардың, шаршының сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.
4) Суретті қараңдар:
Барлық тік төртбұрыштарддың, шаршының сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.
5) Суретті қараңдар:
Барлық тік бұрыштардың, тік емес бұрыштардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.
6) Суретті қараңдар:
Барлық төртбұрыштардың, тік төртбұрыштардың, шаршылардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.
7) Суретті қараңдар:
Әрбір фигураның сәйкес атын келтіріңдер. Әрбір суретте қанша кесінді бар?
8) Суретті қараңдар:
Әрбір үшбұрыштың, тік төртбұрыштың сәйкес белгіленуін жазып көрсетіңдер. Әрбір фигураны белгілеп көрсету үшін қанша әріп пайдаланылған? Неліктен?
Сызбаны қараңдар:
Сызбадан барлық көпбұрыштарды табыңдар және оларды қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.
Екінші топтың жаттығулары геометриялық фигуралардың бейнелерін еске түсіруді көздейді.
1.Кез келген үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, кесінді, тік емес бұрыш, көпбұрыш сызыңдар.
2.Кез келген үшбұрыш сызыңдар. Оның төбелерін әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.
3.Кез келген тік төртбұрыш сызыңдар.Оның төбелерін әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатыын жазып көрсетіңдер.
4.Кез келген кесінді сызыңдар, оның ұштарын әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.
Үшінші топтың жаттығулары сызу дағдыларын қалыптастыруға және тиянақты түсуге арналады. Сонда әр түрлі жағдайларда геометриялық фигураларды салудың ерекшеліктері пысықталады.
1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау
2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау
1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
2.3.1.2 көпбұрыштарды жіктеу
1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру
2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттар қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды: Р=2(а+b),
Р=4а,
Р=a+b+c қорытындылау, құру және қолдану
2.3.1.4 фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі мен белгілі қабырғалары арқылы табу
2.3.1.5 берілген периметрі бойынша жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру
3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта / қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу
2.3.2.1 нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу
1.3.2.2 берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу
2.3.2.2 тік бұрышты сызу
1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
2.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерін бөлу және олардан композиция құрастыру
1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке, қалың-жұқа) 2.3.2.4 бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу), анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасау
1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау
«Сандар және шамалар»
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. 100 көлемінде сандар. Тура және кері санау. Екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сандар құрамы. Сандарды римше нөмірлеу. 1000 көлемінде сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сандармен амалдар орындау. Көбейту және бөлу. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі. 2; 3; 4; 5-ке көбейту және бөлу кестесі. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту. Екітаңбалы сандарды қосу және азайту.
Шамалар және өлшем бірліктер. Әртүрлі өлшеу аспаптар шәкілдері. Шамалар мәндерін: ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылықты) салыстыру. Шамалар мәндерін: ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылықты) түрлендіру. Монеталармен әрекеттер.
«Алгебра элементтері»
Санды және әріпті өрнектер. Қосу және көбейту қасиеттері, санды 1-ге көбейту және бөлу. Жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектер. Теңдік және теңсіздік. Теңдеулерді шешу. Күрделі теңдеулер.
1.3 Шамалар және өлшем бірлік тері
1.1.3.1 ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу 2.1.3.1 әртүрлі өлшеу құралдары шкалаларын (шәкілдерін) бір бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау
1.1.3.2 өлшем бірліктерді (см, дм/ кг/л/сағ) қолданып өлшеу 2.1.3.2 ұзындық (м)/ масса (ц)/ уақыт (мин), тәулік өлшем бірліктерін қолданып шамаларды өлшеу
1.1.3.3 шамалар мәндерін (см, дм/ кг/ л/ сағ) салыстыру және амалдар орындау 2.1.3.3 шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) тәулік, апта өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру 2.1.3.4 ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
1.1.3.5 циферблат бойынша 12 сағаттық форматта уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай, жыл 2.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат және минут
1.1.3.6 1 теңгелік, 2 теңгелік, 5 теңгелік,10 теңгелік, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау 2.1.3.6 50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200 теңгелік, 500 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау
2.1 Санды және әріпті өрнектер
1.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
2.2.1.1 санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
1.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу
2.2.1.2 әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу
1.2.1.3 қосу мен азайту амалдары арасындағы қатынасты әріпті өрнектер түрінде: а +b = c, c -a= b, c -b =a көрсету және қолдану 2.2.1.3 қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c)
ab=ba көрсету және қолдану
1.2.1.4 қосу және азайту жағдайында 0 -дің қасиетін әріпті өрнек түрінде: a+0=a; a-0=a көрсету
2.2.1.4 санды 1-ге көбейту және бөлу жағдайларын әріпті теңдік түрінде: a 1=a; a:1=a көрсету
1.2.1.5.жақшасыз әріпті/, санды өрнектерді салыстыру
2.2.1.5 екі амалдан артық жақшалы және жақшасыз санды өрнектерді салыстыру
2.2.1.6 екі/үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
2.2 Теңдік және теңсіздікТеңдеу
1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді тану; тура және тура емес теңдікті айыра білу
2.2.2.1 х < және х > түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау
1.2.2.2 «таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу
2.2.2.2 көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді; х+(25-6)=38;
(24-3)-х=8;
а+6=7+80 түріндегі күрделі теңдеулерді
Достарыңызбен бөлісу: |