Геометрия элементтері



бет1/4
Дата18.04.2023
өлшемі122,06 Kb.
#83715
  1   2   3   4
Байланысты:
Геометрия элементтері


  1. Геометрия элементтері.

1-сынып:
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; нүкте,түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш; жазық және кеңістік фигуралар;
2-сынып: Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; бұрыштар түрлері; көпбұрыштардың жіктелуі;тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың белгілері; геометриялық фигуралардың қабырғаларын табу; периметрді табу формуласы;


Қоршаған ортаны сызықтар мен нүктелер арқылы бейнелеуге болады. Нүкте мен сызық- қарапайым геометриялық фигуралар
Сызықтар түзу және қисық болады

 Сәуле-түзу сызықтың бөлігі. Сәуленің басталу нүктесі бар, бірақ оны аяқталу нүктесі болмайды. Сызықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады. Тұйықталмаған сызықтардың екі ұшы болады. Тұйықталған сызықтардың ұштары болмайды.
Сәулелер мен бұрыштар 
Бір нүктеден екі сәуле сызсақ, онда бұрыш пайда болады. Нүктені бас әріппен белгілейді. Түзуді және қисық сызықты кіші әріппен де белгілеуге болады. Сәуленің басы мен ұшын бас әріппен белгілейміз.
Кесінді —
Түзудің екі нүктесі аралығында жатқан және әлгі екі нүктені де қамтитын бөлігі. Екі нүктенің арасын қосатын қысқа түзу. Кесінді тұйық аралық болып есептеледі.
{\displaystyle a\leq x\leq b}Кесіндінің ұштары кесіндіге тиісті болады.


Жазық фигуралары : үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш және кеңістік фигуралары:куб, шар, цилиндр, конус, пирамида.


Шаршы– барлық қабырғасы бірдей тік төртбұрыш; 
Үшбұрыш - ең қарапайым көпбұрыш, үш нүктеден, үш қабырғадан және үш бұрыштан тұрады немесе бір түзу бойында жатпайтын үш нүктені қосатын кесінділерді шектейтін жазықтық бөлігі.



Үшбұрыш'.
Үшбұрыштардың түрлері: тең қабырғалы , теңбүйірлі, сүйірбұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты.
Доғалбұрышты үшбұрыш - ішкі бір бұрышы доғал бұрыш болатын үшбұрыш.
.







Дұрыс үшбұрыш

Теңбүйірлі

Доғал бұрышты


Әр түрлі төртбұрыштар
Төртбұрыш — төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын фигура.
Сонда бұл берілген нүктелердін ешбір үшеуі бір түзудің бойында жатпауы тиіс, ал оларды қосатын кесінділер қиылыспайтын болуы тиіс. берілген нүктелер төрбұрыштың төбелері деп, ал оларды қосатын кесінділер төртбұрыштың қабырғалары деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет