Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері «Геометрия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
ABCDA1B1C1D1 текшесі (кубы) берілген.
АС және B1D1 түзулері арасындағы бұрышты анықтаңыз.
CC1 және B1D1 түзулері арасындағы бұрышты анықтаңыз.
AB1 және B1C түзулері арасындағы бұрышты анықтаңыз.
[3]
АBCDA1B1C1D1 – қабырғасы бірге тең текше (куб). АА1 және СВ1 түзулерінің
а) орналасуын анықтаңыз (қиылысады, айқас, параллель)
арасындағы бұрышты анықтаңыз.
[2]
АВ көлбеуі жазықтықпен 600 бұрышын жасайды, ал АС – оның проекциясы. Егер АВ=48см болса, онда:
а) проекция ұзындығын;
b)В нүктесінен жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табыңыз. [4]
4)А нүктесінен α жазықтығына АВ перпендикуляры мен АС көлбеуі түсірілген.
а)АВ=7см,АС=5см болса,онда ВС ны табыңдар.
б)АС=8см,ВС=13см болса,онда АВ ны табыңдар.
[3]
5)ABC тікбұрышты үшбұрыштың А төбесінен үшбұрыш жазықтығына АК перпендикуляры тұрғызылған. Егер С бұрышы тік, АС=a, ВС=b және АК=с болса, онда табыңыз:
а) К нүктесінен С төбесіне дейінгі қашықтықты.
К нүктесінен В төбесіне дейінгі қашықтықты.
[3]
6)Жазықтықтан 9 см тысқары жатқан К нүктесінен осы жазықтыққа KL және KM көлбеулері сәйкесінше 300 және 450 бұрышпен жүргізілген. Көлбеулер өзара тік бұрыш жасайды. LM кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
[3]
7)ABCD тіктөртбұрышының төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. K нүктесінен басқа төбелерге дейінгі арақашықтық 6 см, 7 см, 9 см-ге тең. AK перпендикулярының ұзындығын тап.
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |