Сабақ №28
|
Пәні: Логикалық математика
|
Сыныбы:
Күні:
|
Тақырыбы: Жұмбақ есептер
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
|
Тілдік мақсат
|
Қызықты жұмбақ есептерді шешеуді үйренеді, өрнектің мәнін тауып, сәйкестендіреді. Логикалық тапсырмаларды шеше отырып, баланың қызығушылығы артады.
|
Оқушының сабаққа қамтылуы
|
Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын түсінеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.
|
Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.
|
Күтілетін нәтиже
|
Көркем жаза алады, сыни ойлай алады,топпен жұмыс жасайды.
|
Алдыңғы тақырып
/үй тапсырмасы/
|
"Жас математиктер турнирі"
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
/Миға шабуыл/
Қызығушылықты ояту
5 мин
|
Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
Оқушының жұмыс дәптері
|
Ортасы
Мағынаны тану
25 мин
|
№1. Өрнектің мәнін тап, шешуіне сәйкес қозықұйрықтың суретін сал.
№2. Жұмбақ есепті шеш.
Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып, оны жұмсартып кетті.
40-қызыл, 8-і сары, 20-ы жасыл еді,
Тиін мен тышқан 7-ін жеді,
Қалды екен нешеуі ағашта енді? Жауабы:______________________________________________
№3. Ойлан тап!
№4. Есепті шығар.
1. Бір жылда неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53
2. Арман дүйсенбі күні 1 есеп шығарды, сейсенбі күні 2 есеп, сәрсенбі күні 3 есеп және ары қарай келесі күндері де кете береді. Сонда Арман жексенбі күні неше есеп шығарды? Жауабы: 7 есеп шығарды.
3. Ерзат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Әйгерімге берді. Ерзаттың өзінде 15 алма қалды. Ерзат қанша алма жинаған еді? Жауабы: 12•3=36
36-12=24 24:3=8 36-12-8-1=15 Ерзат 36 алма жинады.
№5. Ойлан тап!
|
Соңы
/Ой қозғау/
"Кім жылдам?"
10 мин
|
Айырмашылығын тауып, қаламмен белгілету
|
Кері байланыс
3мин
|
Сабақ соңында кері байланыс жазып қалдыру
"Екі жұлдыз, бір тілек"
|
|