Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет12/41
Дата07.04.2022
өлшемі1,27 Mb.
#30139
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
2cf48276162e74461fb9ee10267ab894672e48b9

Жарқырау. Практикада кездесетін жарық көздері аумақты болады, мысалы жарқырауық қатты дененің белгілі өлшемдері болады. Осындай жарық көзінің ds бетінің (3-сурет) бір жағына, яғни 2-ға тең денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол ds бетке қатынасы, яғни жарық көзі бетінің әрбір аудан бірлігінен шығатын жарық ағыны, жарқырау (R) деп аталады, сөйтіп,

R= (8)

Мұндағы dФ-жарық ағыны.

Жарқырау мен жарықталыну өрнектері бір-біріне ұқсас. Бірақ жарқырау өрнегінде dФ қарастырылып отырған жарқырауық беттен шығатын жарық ағынын, ал жарықталыну өрнегінде болса dФ алынған бетке сырттан түсетін жарық ағынын көрсетеді.

Дербес жарық көзі емес денелердің (мысалы, жарық шашыратқыш беттердің) жарқырауы оның жарықталуына тура пропорционал, яғни

R=E (9)


Мұндағы - шашырау коэффициенті делінетін шама, нақты денелерге тән мәні бірден кем (<1) болады.

Кейбір денелердің ақ жарықты шашырату коэффициенті бірге жуық (мысалы, магнезий күлі жағылған беттің =0.9) ондай денелер ақ болып көрінеді; ал кейбір денелердің шашырату коэффициенті бірден көп кем (мысалы күйенің =0.01), мұндай денелер қара болып көрінеді. Көптеген денелердің шашырату коэффициенттері түскен жарық толқынының ұзындығына тәуелді. Сондықтан мөлдір емес денелердің түсі олардан қандай түсті сәулелер көбірек шағылалы, соған байланысты болады.



Жарықтылық. Белгілі өлшемдері бар жарық көзінің жарық шығаруын сипаттау үшін жарықтылық делінетін шама да қолданылады. Жарық көзінің жарықтылығы (В) деп жарық көзінен берілген бағытта кішкене d денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол бұрышқа және жарық көзінің көрінер бетіне қатынасын айтады. Жарық, мысалы, алынған бетке жүргізілген нормальмен -бұрышы жасалатын бағытта (4-сурет таралған болса, онда жарықтылық мынаған тең болады:

В= (10)

Мұндағы dSn –жарқырауық беттің сәулеге перпендикуляр жазықтыққа түсірілген проекциясы, dФ- жарық ағыны.

Жарықтылық пен жарық күші бірімен бірі байланысты. Расында (5.10) өрнекке енген , ендеше ол өрнекті былай жазуға болады:

B= (11)

Сөйтіп, жарықтылық шамасы жарық көзі бетінің бірлігінен нормаль бағыты бойынша шығатын жарық күшіне тең.

Егер жарықтылық шамасы жарық таралатын бағытқа тәуелді болмаса, онда жарқырауық ауданнан элементар d денелік бұрыш ішінде таралатын жарық ағыны cos-ға пропорционал болады, яғни (10) теңдік бойынша:

dФ=ВdS dcos (12)

осы шарт орындалатын жарқырауық денелер косинустік жарық көздері деп аталады. Осындай жарық көздерінің жарықтылығы тұрақты болады.

Белгілі өлшемдері бар косинустік жарық көздерінің жарқырауы (R) мен жарықтылығы (В) өзара байланысты, атап айтқанда:

R=B (13)

Яғни жарқырау шамасы жарықтылықтан =3.14 есе артық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет