Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет27/41
Дата07.04.2022
өлшемі1,27 Mb.
#30139
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
2cf48276162e74461fb9ee10267ab894672e48b9

2. Рентгендік спектроскопия – жазықтық арақашықтары белгілі торға түсетін рентген сәулелерінің толқын ұзындықтарын табу әдісі болып табылады. Сырғанау бұрышы мен m өлшей отырып, белгілі d – ның мәні арқылы кристалға түсетін рентген сәулесінің толқын ұзындығын есептеп табуға болады.

Оптикалық құралдардың ажырату қабілеті

Оптикалық құралдарда жарық шоқтарын шектеу қажеттілігі туады. Ол үшін апертуралық диафрагма қолданылады. Бұл диафрагмалар арқылы заттың кескінін бейнелейтін жарық шоқтары бөлініп алынады. Мұндай диафрагмалар ретінде линза мен басқа да оптикалық құралдардың оправасы, фотоаппараттардың диафрагмалары алынады. Диафрагма радиусын кішірейту арқылы заттың кескінінің сапасын арттыруға болады. Сол кезде шеткі сәулелерді жойып, (өйткені бұл сәулелер кескін көрінісін нашарлатады) кескіннің анық көрінісін ұлғайтуға болады.

Жарықтың толқындық табиғаты болғандықтан оптикалық жүйе құрған нүктелік жарық көзінің кескіні нүкте емес жарық дақ болып көрінеді. Сол жарық дақ қара және ақ сақиналармен қоршалады, егер жарық монохроматты болса, ал егер ақ жарық болса, онда түрлі түсті сақиналармен қор­ша­лады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет