Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет10/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
оптика лекция

Жарықталыну. Өздері жарық шығармайтын денелер оларға жарық түссе ғана көрінеді, өйткені ондай денелерге түскен жарық азды-көпті ағылып жан-жағына шашырайды, дене дербес жарық көзі тәрізді болады. Дене неғұрлым күштірек жарықталса, соғырлым одан жарық көп шашырайды. Дененің жарық болу дәрежесін сипаттау үшін жарықталыну деген шама пайдаланылады. Сонда жарықталыну (Е) деп жарық түскен dS беттің аудан өлшеу бірлігіне келетін жарық ағыны айтылады, яғни,

Е= (6)



Мұндағы dФ- дененің бетіне түскен жарық ағыны.

Мысалы, жарық түскен беттің нүктедей жарық көзінен (2-сурет) қашықтығы r болып, сол бетке жүргізілетін нормаль мен түскен сәулелер аралығындағы бұрыш  болсын.

Жарық көзі тұрған орыннан қарағанда dS бетікөрінер денелік бұрыш d болсын, сонда бұл бетке түсетін жарық ағыны dФ мынаған тең болады:

dФ=Id


мұндағы I-жарық күші. Денелік бұрыш мынаған тең:

d==

Олай болса жарық ағыны мынаған тең болады:

=

Жарық ағының осы мәнін (5.6) теңдіктегі орынына қойсақ, мынау шығады:

E= (7)

Сөйтіп, беттің жарықталынуы жарық күшіне, түсу бұрышы косинусына тура пропорционал, жарық көзі мен беттің ара қашықтығының квадратына кері пропорционал. Жарықталудың бұл заңы тек жарық көзінің өлшемдері жарық түскен бет арақашықтығымен салыстырғанда өте кішкене, яғни жарық көзі нүктедей болса ғана дұрыс орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет