Геоморфология геология негіздерімен 1 Дәріс. Пән және туралы және Жер туралы жалпы мәліметтер. Геоморфологияның басқа ғылымдармен байланысы


–дәріс. Бедер туралы жалпы мәліметтер. Бедердің жасы



бет3/15
Дата06.01.2022
өлшемі56,44 Kb.
#14490
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәрістер

3 –дәріс. Бедер туралы жалпы мәліметтер. Бедердің жасы

Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.

Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар, сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер.

Бедер пішіндері табиғи немесе жасанды дене және жолақтар. Жай  пішіндер  геометриялық  фигуралармен  жақын  теңестіріледі (конуспен,пирамидамен, призмамен). Бедердің  күрделі  пішіндері  жай  пішіндердің жиынтығын сипаттайды, мысалы, құрлық, теңіз ойпаңы, таулы елдер және т. б.

Бедер пішіндерінің элементтері: жақтары – беткейдің жоғарғы беті, қырлары – жақтардың жіктелу сызықтары, суайрық сызықтары, беткейдің, тальвег, жиектіңтабаны, шыңдардың, ерқатпар, аңғар  сағасы, жыралардың нүктелері.


Бедер типтері ұқсас жаралуы, құрылысы мен дамуы бар және үлкен аумақта заңды  түрде  қайталанатын  пішіндер  бірігуімен  анықталады. Бедер  типтерікөбінесе  генетикалық белгілері бойынша бөлінеді.

Бедердің  жіктелуі  бірқатар  белгілері  бойынша  жүргізіледі.   Сыртқы


(морфологиялық) белгілері  бойынша  бедер  пішіндері  оң  және  теріс  болып бөлінеді. Сонымен қатар бедердің нейтрал (жалпақ) пішіндері бөлінеді. Бедердің оң  пішіндері  жергілікті  жер  бойынша  көтеріледі (тау, төбелер, мұхит  түбіндегі құрлық), бедердің  теріс  пішіндері, керісінше  жатқан  аумағына  қарағанда  төмен (воронка, қазаншұңқыр, аңғар, ойпаң). Едәуір  еңіс  жалпақ  жазықтар, нейтрал бедер пішіндеріне жатады. Бедерді  толық  сипаттау  үшін  морфологиялық  сипаттамасымен  бірге морфометриялық параметрлер қолданылады.

Бедер  пішіндері  өлшемдері  бойынша  бөлінеді: планетарлы, мегапішіндер, макропішіндер, орташа, ұсақ  және  т.б. Бедер  пішіндерінің  оң  және  теріс белгілерінде ауданы және орташа айырмасы бойынша бөлінеді. Бедерді  жаралуы  бойынша (генезисі) екі  үлкен  топқа  бөлуге  болады: а) ішкі (эндогенді) күштердің  әрекетінен  пайда  болған  пішіндер, б) сыртқы (экзогенді) күштердің  әрекетінен  пайда  болған  пішіндер. Бірінші  топ  өз  кезегінде  жер қыртысының  қозғалуымен  және  жанартаулармен  байланысты  пішіндерге бөлінеді. Бедер  пішіндерінің  екінші  тобы: мору  процесімен, мәңгі  тоң  басу дамуымен, жерасты  және  ағын, теңіз, қар  және  мұз  суларының, желдің, өсімдіктің, жәндіктердің, адамның  және  метеориттердің (ғарыштық) әрекетімен қамтылады.

Бедердің  жаралуы (генезис). Бедер  эндогенді  және  экзогенді  процестердің әрекеттесуі  нәтижесінде  қалыпатасады. Бедердің  неғұрлым  ірі  пішіндері (планетарлы, мега- және макропішіндері, ал  кейбір кездейсоқ  жағдайларда  және мезопішіндер) эндогенді, ал өлшемі бойынша неғұрлым ұсақ пішіндер  - экзогенді жаралымдарға  жатады.  Өз  әрекеті  барысында  экзогенді  процестер, бедердің эндогенді  процесте  жаралуын  не  күрделендіреді, не  ықшамдап  жеңілдетіледі.

Экзогенді  агенттер, эндогенді  бедерлерді  күрделендіре  отырып, өте  ұсақ  мезо-және  микропішіндер  жасайды: эндогенді  процесте  пайда  болған  әркелкілікті қиып тастап, әртүрлі  аккумуляциялы пішіндер пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет