5- дәріс. Жер қырытысының қозғалыстары. Тектоникалық деформациялар
Жер қыртысы үнемі өзгерісте болады. Жер қыртысы қозғалысының екі түрі белгілі. Бірінші түрі жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі. Мысалы, Скандинавия түбегінде теңіздің соқпа толқыны ертеректе тілімдеп тастаған тау беткейлері бар. Олар қазір толқын соқпайтын биіктікте жатыр. Дәл осы биіктікте жартастарға қағылған шығыршықтар оларға ертеде қайықтардың шынжыры байланғанын білдіреді. Қазір су бетінен бұл шығыршақтарға дейінгі арақашықтық бірнеше метрді алып жатыр. Демек, қазіргі кезде Скандинавия түбегі баяу көтерілуде, жылына шамамен 1 см көтеріледі. Ал Еуразияның батыс жағалауы төмендеп, түсіп барады. Құрлықтың бұл бөлігін мұхит суы басып кепес үшін, адамдар теңіз жағасын бойлай жүздеген шақырым бөгет салады. Мысалы, Нидерланды халқы бірнеше ғасырдан бері өздері қоныстанған жерлерді теңіз шабуылынан қорғауда. Бұл жерде жер қыртысының шөгу жылдамдығы – жылына 3 мм-ге дейін жетеді. Осыған юайланысты бөгеттердің биіктігін үнемі арттырып отыруға тура келеді. Бұл мысалдар біз қозғалмайды деп есептеген жер қыртысының баяу көтеріліп және төмен шөгіп отыратынын дәлелдейді.
Жер бетінің барлық бөлігінде құрлық баяу тербеледі. Жердің ішкі күштерінің әсерінен тау жасалу, жер сілкіну болады. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен шөгуі жер бедерінің пішінін, құрылымын өзгертеді. Мысалы, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар түбектершге айналады.
Екінші түрі – тау жасалу қозғалысы. Жер қыртысы майысып, бүктеліп, жарықтармен бөлінеді, ығысады. Бұл қозғалыс жер бетін қатты өзгертеді. Қозғалыс салдарынан жазықтар орнына таулар пайда болып, тіпті жер сілкінулер болуына да жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |