Геоморфология



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата06.01.2022
өлшемі241,31 Kb.
#11704
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4, 5)

№ 3 Тақырып Бедер түзілуінің факторлары. Бедер түзілуінің эндогендік процестері

Жоспар          

1. Жер бедерін түзейтін факторлар. 

2. Эндогенді факторлардың түрлері.

3. Эндогенді бедер түрлері

Эндогендік   процестер – Жердің ішкі   энергиясына, ауырлық   күшіне және   Жер

айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық

процестер.   Эндогендік   процестерге   радиоактивті   заттардың   ыдырауы,   әр   түрлі   химиялық

реакциялар   және   жер   қыртысының   астындағы   массалардың   өзгеруі   және   т.б.   жатады.

Эндогендік   процестер   тектоникалық қозғалыстар (жер   қыртысының   баяу   көтерілуі   мен

төмендеуі,   қатпарлану,   бедердің   ірі   элементтерінің   пайда   болуы,   жер   сілкіну),   вулканизм

процестері   (магманың   көтерілуі,   бедердін   жанартаулық   пішіндерінің   құрылуы   мен

жанартаулардың   атқылауы), тау жыныстарының   метаморфизмі   және   пайдалы   қазбалар

кенорындарының   қалыптасуы   түрінде көрініс береді.   Эндогендік   процестер   жер   бетінің



морфоқұрылымына   себепші   болады   және   экзогендік   процестермен   бірге   Жер   бедерінің

қалыптасуына қатысады.

Морфоқұрылым (грекше morphe –   пішін,   түр   және   латынша structura –   құрылымы)

– эндогендік (жердің   ішкі), экзогендік(сыртқы)   күштердің   ұзақ   уақыт   әсер   етуінен   пайда

болған жер бедерінің ірі элементтері және теңіздер мен мұхиттардың түбі. Мұнда эндогендік

процестер  (жанартау  атқылау,  жер  сілкіну т.б.)  жетекші  рөл атқарады.  Морфоқұрылымдар

өздерінің   морфологиялық   құрылысының   ерекшелігімен   және   жер   қыртысының   жеке

бөліктерінің   геология   тарихының   өзгешеліктерімен   сипатталады.   Екінші   реттік

Морфоқұрылымдарға   жеке   қырат,   тау   жотасы,   ойыс,   т.б.   жатады.

«Морфоқұрылым» 

терминін

 

 геоморфологияға



 алғаш рет 1946 жылы И.П. Герасимов енгізген. 

Материк (континент).   Жердің геологиялық даму   барысында   оның   сыртқы

қабаттарының физикалық-химиялық және гравитациялық жіктелу нәтижесінде қалыптасқан

күрделі құрамды гетеротекті денелер жиынтығы. Материктер өңірінен көрініс беретін ірі-ірі

геологиялық

 

құрылымдар



 

болмысы


 

басты-басты

 

екі


 

түрге


— геосинклинальдарға жәнеплатформаларға —   жіктеледі.   Материктерге   тән   жербедер

түрлері —жазықтар мен таулар. Синонимі — континент.

Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан.

Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады.

Қайраң   Мұхиттардың   шетін   бойлай   құрлықтың   су   астындағы   жалғасы   ретінде   200   м

тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол

Мұхитқа қарай тік кемер жасапконтиненттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының

төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль

қазаншұңқырларға   қарай   ені   200   –   300   км   болатын   континентті   етек   жалғасады.

Мұхиттардың   орта   тұсынан   әдетте Ортамұхиттық   жоталар өтеді.   Олардың   беткейлері

абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000

км   болатын   біртұтас   жүйені   құрайды.   Жоталардың   ені   1   000   км,   абиссальды

қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен

2700   м   тереңдікте   өтеді.   Жоталардың   осьтік   бөлігінде   тереңдігі   1,5   км,   ені   20   –   30   км

болатын рифті аңғарлар   байқалады.   Абиссальды қазаншұңқырлардың ені   1000  км-ге   жуық,

тереңдігі   5   –   6   км   болады.   Пассивті   шеткі   белдем   Жер   қабығының   континентті   және

мұхиттық   шекарасын   бойлай   жатады;   ол   сейсмикалығы   мен   жанартаулық   процестердің

жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан

тұрады.   Активті   шеттердің   сейсмикалығы   жоғары.   Оған   Мұхит   табанын   жанартаулық

аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар(тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін

негізгі   екі   геологиялық   кешен   құрайды:   беті шөгінді қаптамамен   жабылған базальттіжәне

оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын

зерттеушілер   Мұхитты   бастапқы,   өтпелі   және   қазіргі   даму   кезеңдеріне

ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы

сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы

және  мұхит  түбі жыныстарымен  іс-әрекетке  түсіп  бейтараптануымен  байланысты.  Өтпелі

кезеңнің   ұзақтығы   2   млрд.   жылды   құрайды   (3,5   –   1,7   млрд.   жыл   бұрын).   Бұл

кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды.

Мұхит   суының  құрамы  тұрақталып,  тұздылығы  шамалы   ғана   өзгеріске  ұшырады.  Қазіргі

кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет