Әдебиеттер тізімі: (1, 5)
№ 2 тақырып.
Бедер туралы жалпы мәліметтер. Бедердің генезисі.
Жоспар
1. Бедер туралы түсінік
2. Бедердің жалпы сипаттамалары
3. Бедердің генезисі.
Жер бедері , рельеф (франц. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) —
жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің
жиынтығы. Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып
келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы
әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына,
ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің
бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер
бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты
жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер
(төбелер, аңғарлар,сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және
нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан
150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і
жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфологияғылымы зерттейді.
Рельеф (фр. relief — көтеремін) — жер бетінің горизонтальды және вертикальды
тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын
жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, езгеріп
отырады. Эндогендік процестер рельефте ірі бұдырлар жасайды да, «Жер пішінінің» негізгі
түрін құрайды, экзогендік процестеррельефтің әр формаларын жасап тегістейді. Әрбір
аймақтың рельеф формасы оның геологиялық құрылысына, экзоген мен эндогендік
процестердің біреуінің басым болуына, оның ұзақ уақыт әсер етуімен байланысты болады.
Рельефтің бұдырлығы әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан ол макрорельеф,
мезорельеф, микрорельеф болып бөлінеді. Рельефті географияның ерекше
тармағы геоморфология ғылымы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |