Патогенезі
ВГА – кезең өзгерістерінің айқындылығымен сипатталатын жіті циклді
инфекция.ВГА жұқтырылғаннан кейін ішектен қанға, одан кейін бауырға түседі.
Гепатоциттердің рецепторларына бекінген соң клетка ішіне енеді. Біріншілік
репликация стадиясында гепатоциттердің айқын зақымдалуы байқалмайды.
Вирустар өт каналына бөлініп, одан ішекке түседі де нәжіспен сыртқы
ортаға
түседі. Жарты бөлігі қанға түсіп, продромальды кезеңнің интоксикациялық
симптоматикасын дамытады. ВГА-ның ары қарай даму ағымында гепатоциттердің
зақымдалуы вирустың репликациясына емес, иммуноцитолизге негізделген. ГА-
ның өршу кезеңінде морфологиялық зерттеулер бауыр бөліктерінің перипортальды
аймақтарында және портальды тракттарда қабыну және некробиотикалық
процестерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл процестер үш
негізгі клинико-
биохимиялық синдромдардың дамуына негізделген: цитолитикалық,
мезенхимальды қабынулық және холестатикалық.