Гепатит а вирусының қоздырғышы. О р ы н д а ғ а н : у т е г е н о ва м о н ш а к



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата10.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#81376
1   2   3   4
Клиникалық белгілері

Инкубациялық кезеңі 15-50 тәулік, орташа - 28-30 тәулік, вирустың жұқтыру дозасына
байланысты. Организмге түскен соң вирус регионарлық лимфа түйіндерінде көбееді, 
қанға түседі, одан әрі бауыр клеткаларына жетіп жедел түрде өтетін диффуздық гепатит 
тудырады. Гепатоциттер мен бауырдың ретикулоэндотелиялық элементтерді
зақымдайды. Бауырдың дезинтоксикациялық және қорғаныс қызметін бұзады. Бауыр
клеткаларын зақымдауы белоктар, көмірсулар және пигменттік зат алмасуын бұзады, 
сондықтан қанда кей ферменттер деңгейі жоғары болады (альдолаза, аминотрансфераза
ж.т.б.).

Гепатит А негізгі клиникалық көрінісі - сарғаю: инкубациялық кезеңі, продромалық
кезеңі (сарғаю алды), сарғаю кезеңі, реконвалесценция. Сонымен қатар, көп жағдайларда
ауру сарғаюсыз, симптомсыз өте алады (“айсберг феномені”).

Аурудан соң дамитын иммунитет тұрақты, ұзаққа созылады, вирусты нейтралдайтын
антиденелер мен иммундық есте сақтайтын клеткаларымен қалыптасады.


Диагностикасы
Диагноз эпидемиологиялық мәліметтер, клиникалық көрсеткіштер және лабораториялық
зерттеулер нәтижесіне негізделіп қойылады. Олардың ішінде: гипертрансаминаземия АлАТ
активтілігінің нормадан 10-40 және одан да көп есеге жоғарлауымен бірге, сулемалық титрінің
төмендеуі, тимол сынамасының жоғарлауы, қан сарысуындағы протеинограммада
гаммаглобулин фракциясы құрамының жоғарлауы, гемограмма өзгерістері (нормоцитоз немесе
лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ баяулауы).
Арнайы иммунохимиялық әдіс ВГА-ны дәләлдеуге мүмкіндік береді – продромальды кезеңде
және өршу кезеңінің басында қанда ИФА әдісімен IgM-анти-HAV титрінің жоғарлауын анықтау.
Полимеразды тізбекті реакция – гепатит А-ның РНК вирусты құрамын табу 
Продромальды кезеңінде дифференциальды диагностика тұмау, басқа ЖРВИ-мен, 
энтеровирусты инфекциялармен жүргізіледі. Тұмаудың ВГА-дан айырмашылығы- тұмауға
катаральды және токсикалық, бірінші кезекте нейротоксикалық, синдромдардың басым болады, 
ал функциональды бауыр сынамалары және гепатомегалия тән емес.


А вирусты гепатитінің емі. Терапевтік шараларда көбінесе жоғары 
мөлшерде көмірсу бар және аз май мөлшерлі диета (№5-ші диета), аурудың 
өршу кезеңінде төсектік режим, симптоматикалық ем берумен шектеледі. 
Негізгі ем нұсқаулары 1-ші кестеде берілген. Реконвалесценция кезеңінде өт 
айдағыш заттарды тағайындайды, көрсеткіштер бойынша – спазмолитикалық 
заттарды. Стационардан шыққаннан соң науқастар кемінде 14 күн жұмысқа 
жарамсыз. Клинико-биохимиялық көрсеткіштер арқылы ары қарайғы 
жарамсыздық мерзімділігін анықтайды. АлАТ активтілігінің жоғарлауы 2-3 есе 
және одан да көп болып сақталып тұрса жұмысқа шығуы индивидуальды 
шешіледі – науқастың мамандығы мен қоғамдық дәрежесіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет