Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Мазмұны
1Милет мектебі
1.1Фалес
1.2Анаксимандр
1.3Анаксимен
2Пифагоршылдар
3Элей мектебі
3.1Ксенофан
3.2Зенон
4Классикалық философия
5Атомдық көзқарас
6Софистер
7Сократ
8Платон
9Аристотель
10Эпикуршылдар мектебі
11Эпикур
12Эллинизм
Милет мектебі[өңдеу] Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты. Фалес[өңдеу] Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды. Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.