Гербарий ісінің қазіргі жағдайы



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#57069
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
презентация номер 2

Гербарий коллекцияларының түрлері,қызметтері алуантүрлілігі

Дайындаған: Ускенбай Аружан

Группа:ЖБИ-212

Гербарий

  • Гербарий (herbárium, лат. herba — «шөп») — зерттеу және жүйелеу мақсатында арнайы жиналып, кептірілген өсімдіктер коллекциясы; олар сақталатын мекеменің аты. Алғашқы гербарийлер (латынша herbarіum, herba – шөп, өсімдік) Қайта өркендеу дәуірі кезінде пайда болған. Бұл атауды 18 ғасырдың басында француз ботанигі Жозеф Питтон де Турнефор алғаш рет қолданды. Ал гербарий ұғымының кең таралуына әсер еткен Швеция Ғылым академиясының тұңғыш президенті Карл Линней еңбектері болды. Гербарий үшін жиналатын өсімдіктер пышақпен, қайшымен кесіліп немесе кішкене күрекшемен қазылып алынып, гербарийлік папкаға қатталып, престерде кептіріледі, содан соң қатты қағаз бетіне тігіліп немесе желімделіп, астына өсімдіктің атауы, қай жерден, қашан, кім жинағаны жазылады. 16 ғасырда тұңғыш рет өсімдіктерді осындай тәртіппен кептіріп сақтаған Болонья университетінің профессоры Лучо Гини. 

Алғашқы гербарийлердің басым көпшілігі көп томдық кітап сияқты қатталынып сақталған. Гербарий – ботаникалық зерттеулердің негізі болып табылады. Қазіргі кезде гербарийдің төрт түрі бар: 1) жалпыға ортақ немесе халықаралық гербарийлер – құрамында бүкіл дүние жүзінен жиналған 4 млн-нан астам биологиялық таксондардың жиынтығынан тұрады. Дүние жүзіндегі ең ірі гербарий (6 млн-нан астам өсімдік жиналған) Кью қаласындағы (Ұлыбритания) ботаникалық бақта сақталған; 2) ұлттық гербарийлер; 3) аймақтық гербарийлер; 4) арнайы гербарийлер (оқу құралына, белгілі бір жұмыстарға, арнайы зерттеу бағдарламаларына арналған).[1]Қазақстанның ұлттық гербарийі Ботаника және фитоинтродукция институтында сақталған. Ол – Жер шарындағы ірі гербарилердің бірі. Қазақстанның ұлттық гербарийінде саңырауқұлақтар мен қыналардың жүз елу мың, мүк, қырыққұлақ тәрізділердің, ашық тұқымдылар мен гүлді өсімдіктердің екі жүз елу мың үлгісі жинақталған. Қазақстандағы ірі аймақтық гербарийлер қатарына Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің, Алтай ботаника бағының, Қарағанды ботаника бағының, Қостанай мемлекеттік университетінің гербарийлерін жатқызуға болады.

  • Алғашқы гербарийлердің басым көпшілігі көп томдық кітап сияқты қатталынып сақталған. Гербарий – ботаникалық зерттеулердің негізі болып табылады. Қазіргі кезде гербарийдің төрт түрі бар: 1) жалпыға ортақ немесе халықаралық гербарийлер – құрамында бүкіл дүние жүзінен жиналған 4 млн-нан астам биологиялық таксондардың жиынтығынан тұрады. Дүние жүзіндегі ең ірі гербарий (6 млн-нан астам өсімдік жиналған) Кью қаласындағы (Ұлыбритания) ботаникалық бақта сақталған; 2) ұлттық гербарийлер; 3) аймақтық гербарийлер; 4) арнайы гербарийлер (оқу құралына, белгілі бір жұмыстарға, арнайы зерттеу бағдарламаларына арналған).[1]Қазақстанның ұлттық гербарийі Ботаника және фитоинтродукция институтында сақталған. Ол – Жер шарындағы ірі гербарилердің бірі. Қазақстанның ұлттық гербарийінде саңырауқұлақтар мен қыналардың жүз елу мың, мүк, қырыққұлақ тәрізділердің, ашық тұқымдылар мен гүлді өсімдіктердің екі жүз елу мың үлгісі жинақталған. Қазақстандағы ірі аймақтық гербарийлер қатарына Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің, Алтай ботаника бағының, Қарағанды ботаника бағының, Қостанай мемлекеттік университетінің гербарийлерін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет