2.4-сурет. Калориметрлік бомба
Реакция кезінде бөлінген жылуды калориметр деп аталатын құралмен, ал жану жылуын осы құралдардың бір түрі - калориметрлік бомба деп аталатын аспаппен өлшейді. Аспаптың құрылысы мынандай: ол - кезінде пайда болатын қысымға төтеп бере алатындай қалың қабатты болаттан тұратын ыдыс. Ыдыстың ішкі қабаты коррозияға қарсы қолданылатын кіреуке (эмаль) немесе платинамен қапталады. Зерттелген заттың өте дәлділікпен өлшенген мөлшері кішкене табақшаға (3) салынады (2.4-суретті
қараңыз). Табақшаның үстіне алдын ала өлшенген өте жіңішке болат оралма сымтемір ілінеді. Ыдыс (1) қысым
арқылы оттекпен толтырылып, қақпақпен (2)
тығыз жабылады, ал сымтемірден арнайы тетік жәрдемімен электр тогы өткізіледі.
Сонда сымтемір қызып, жанады. Жанған сымтемірдің ұшқыны зерттелетін затқа түсіп, оны жандырады. Бұдан соң бөлінген жылудың шамасы анықталады. Экзотермиялық реакция кезінде бөлінетін жылу әр түрлі химиялық өндірістерде қолданылады. Мысалы, күкірт (IV) оксиді тотыққандағы бөлінген жылу бастапқы заттарды реакция температурасына (400-450°С) дейін қыздыруға қолданылады. Аммиактың синтезделуіндегі бөлінген жылу сутек пен
азотты қыздыруға қолданылса, ал аммиактың тотыққандағы жылуы сулы бу өндірісіне қолданылады. Міне, осындай мысалдарды әр түрлі химиялық өндірістен кездестіре аламыз.