Жылу эффектілерінің температураға тәуелділігі. Кирхгоф заңы
Жүйенің ішкі энергиясының тұрақты көлемде өзгеруін температура бойынша дифференциалдағанда былай өрнектеледі:
(d(ΔU)/dТ)V = (dU2/dТ)V - (dU1/dТ)V
25-теңдеу бойынша: dU/dТ = СV
Олай болса:
(d(ΔU)/dТ)V=СV,2-СV,1=ΔСV (29)
Мұндағы СV,1 жүйенің бастапқы күйінің изохорлық жылу- сыйымдылығы, СV,2 -жүйенің соңғы күйінің изохорлық жылусыйымдылығы, ΔСv жүйенің бастапқы күйінен (1) соңғы күйіне (2) ауысқандағы изохорлық жылусыйымдылығының өзеруі. Жалпы жағдайда изохорлық жылусыйымдылықтың өзгеруі үшін мынадай формуланы жазуға болады:
ΔСV=Σ(nСV)СОҢҒЫ-Σ(n∙СV)баст (30)
Тұрақты қысымдағы процестер үшін осыларға ұқсас былай өрнектей аламыз:
(d(ΔН)/(dТ)р=Ср,2-Ср,1=ΔСР (31)
29 және 31 теңдеулері - Кирхгоф заңының теңдеулері. Ол заң былай айтылады: процестің жылу эффектісінің температуралық коэффициенті процесс нәтижесінде жүйенің жылусыйымдылығының өзгеруіне тең.
Егер С1=С2 болса, онда Кирхгоф заңы бойынша жылу эффектісі температураға байланыссыз болады (ΔС=0). Ол бастапқы және соңғы заттар кристалдық күйде болғанда байқалады. Өйткені қатты дененің жылусыйымдылығы олардың құрам бөліктерінің жылусыйымдылықтарының қосындысына тең. Сол себептен мұндай реакциялардың жылусыйымдылықтары іс жүзінде температураға тәуелсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |