Гесс заңы және оның салдары



бет8/11
Дата25.02.2022
өлшемі82,35 Kb.
#26397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бейтараптану жылуы


Бейтараптану реакциясы әрқашанда жылу бөліп шығарады. Егер күшті қышқылдар мен күшті негіздер сулы ерітіндіде әрекеттесе, онда олардың жылу эффектілері бірдей болады. 1 г-экв. қышқыл мен негіз әрекеттескенде 57,3 кДж жылу бөлінеді. Мұны бейтараптану жылуының тұрақтылық заңы деп атайды. Бұл заңды электролиттік диссоциациялану теориясымен түсіндіруге болады. Мысалы, натрий гидрооксидін тұз қышқылымен бейтараптандыру реакциясын гидроксоний және гидроксил реакциясы ретінде қарастыра аламыз:

НзО++ОН ˉ =2Н2О+57,3/сДж

Бейтараптану жылуы деп бір грам-эквивалент қышқыл мен бір грам-эквивалент негіз әрекеттескендегі бөлінген жылуды айтады.

Бейтараптану жылуының тұрақтылығы бейтараптану реакциясына әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздер қатысқанда байқалмайды. Оның себебі әлсіз қышқылдар мен негіздер әрекеттескенде, бейтараптану жылуына иондардың диссоциациялану жылуының әсері болады. Диссоциациялану жылуы эндотермиялық процеске жатады, яғни диссоциациялану кезінде жылу бөлінбейді, керісінше сіңіріледі.

Күшті электролит болып табылатын тұздардың сұйылтылған ерітінділерін араластырса, онда ешқандай жылу эффектісі байқалмайды. Бұл - термобейтараптанудың заңы. Оны 1841 ж. Г. И. Гесс ашқан. Мысалы, мына тұздар ерітінділерінің реакциясын қарастырайық:

LiСl + КВr LiВr + КСl Бұл жағдайда жылудың бөлінгенін де, сіңірілгенін де байқай алмаймыз. Өйткені Li+, Сl-, К+ және Вr- иондары іс жүзінде ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Алайда электролиттердің әрекеттесуі нәтижесінде тұнба түзсе, термобейтараптану заңы орындалмайды. Мысалы:

AgNO3 + КСl = АgСl↓ + КNO3

Өйткені бұл реакцияның нәтижесінде тұну (шөгу) жылуы

байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет