Гестозды, әсіресе, орташа, ауыр түрлерін тек емханада емдеу керек. Емі жан-жақты болуы қажет.
1. Жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін бром, кофеин дәрілерін береді, электроанальгезия, электроұйқы, психотерапия қолданады.
2. Құсықты басатын аминазин, спленин, дроперидол дәрілерін қолданады.
3. Ағзаның улануына қарсы қажетті мөлшерде сұйықтықтар құйылады. Науқастың ауыр жағдайы кезінде тәулігіне 2500-3000 мл дейін сұйықтықты ақырындап, тамшылатып көк тамырға жіберу керек. Оларға гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин қышқылы, желатиноль, белок препараттары жатады, кейде гемоглобин азайғанда, қан кұю қажет. Физиотерапиялық әдістерді де қолданады: кальций, броммен мойынға электрофорез жасау, эндоназалдық гальванизация және витаминдер беріледі. Егер ем қонбай, әйелдің жағдайы, қан, зәр анализдері нашарласа, жүктілікті үзу белгіленеді.
Сілекей ағуда да құсу кезінде қолданылатын ем тағайындалады.
Жүкті әйелдің дерматозы.Кофеин, бром дәрілері беріледі. Десенсебилизациялайтын дәрілерді, дәруменнің көптеген түрлерін қолданады.
Жүкті әйелдің сары ауруында әйелді бірден емханаға жатқызу керек.
Бауырдың сарғайып солуы. Бұл ауру жеке, көбіне құсудың асқынған түрлерімен қосылып кездеседі. Жасушалардағы алмасу процестерінің бұзылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Әйел сарғайып кетеді, жағдайы күрт нашарлап, жүйкесі қозып, бауыр комасынан өліп кетуі де ықтимал. Сондықтан, тез арада жүктілікті үзу керек.
Остеомаляция – сүйектің жұмсаруы. Бұл фосфор-кальций алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын дерт. Сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектердің пішіні өзгеріп, бұлшық ет жұқарады. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсаңдап, жүріп-тұруы қиындайды. Бір қуантары, бұл ауру сирек кездеседі. Бірақ қазіргі кезде оның жеңілдеу түрі – остеопатия жиі кездесіп жүр. Жүкті әйелдер сүйектің, әсіресе, жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді. Емдеу жолдары.Ол үшін дәрумен құрамдарын қолданады.Әсіресе, Д дәруменін (15-20 тамшыдан күніне 3 рет), балық майын (1 қасықтан күнінен 3 рет), УФО және фосфор-кальциі бар дәрілер мен тағамдарды жиі қолдану қажет.