Гестоздардың жіктелуі



бет2/5
Дата11.07.2023
өлшемі2,01 Mb.
#104193
1   2   3   4   5

Сілекей ағу. Бұл дерт жеке немесе құсумен бірге кездеседі. Кейде әйелден тәулігіне бір литрден көп сілекей ағады. Аузы, ерні кебірсіп, тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Бұл жағдайда да құсу кезінде қолданылатын ем тағайындалады.

  • Сілекей ағу. Бұл дерт жеке немесе құсумен бірге кездеседі. Кейде әйелден тәулігіне бір литрден көп сілекей ағады. Аузы, ерні кебірсіп, тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Бұл жағдайда да құсу кезінде қолданылатын ем тағайындалады.
  • Жүкті әйелдің дерматозы ­ әйел денесінің әр жері, әсіресе, сыртқы мүшелері, қолы, аяғы, кеуде терісі қышып, қасынғаннан қотырлар пайда болады. Кейде денеде эритема, болмаса экземаға ұқсас бөртулер шығады. Дененің қышуы әйелдің мазасын алады, түнімен дұрыс ұйықтатпайды.
  • Жүкті әйелдің сары ауруы. Бұл ауруды әсіресе басқа көп аурулардан (инфекциялық гепатит, өт аурулары, мерез, безгек, т.б.) айырып, анықтап алу қажет. Кейде бұл ауру құсықпен не болмаса кеш гестоздармен бірлесіп кездеседі. Қалай да болмасын, жүкті әйелдің сарғаюы өте қауіпті белгі болып есептеледі, бұл жағдайда әйелді бірден емханаға жатқызу керек.
  • Бауырдың сарғайып солуы. Бұл ауру жеке, көбіне құсудың асқынған түрлерімен қосылып кездеседі. Жасушалардағы алмасу процестерінің бұзылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Әйел сарғайып кетеді, жағдайы күрт нашарлап, жүйкесі қозып, бауыр комасынан өліп кетуі де ықтимал. Сондықтан, тез арада жүктілікті үзу керек.
  • Остеомаляция – сүйектің жұмсаруы. Бұл фосфор-кальций алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын дерт. Сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектердің пішіні өзгеріп, бұлшық ет жұқарады. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсаңдап, жүріп-тұруы қиындайды. Бір қуантары, бұл ауру сирек кездеседі. Бірақ қазіргі кезде оның жеңілдеу түрі – остеопатия жиі кездесіп жүр. Жүкті әйелдер сүйектің, әсіресе, жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді.
  • Жүктіліктің екінші жартысында гестоздың таза және аралас түрін ажыратады.
  • Гестоздың таза түрі - дені сау жүкті әйелдің жүктілік гестозына шалдығуы.
  • Бүгінгі күні гестоздың белгілі және белгісіз түрлері жиі кездесіп жүр. Мысалы, жүктілік нефропатиясына тән бірнеше белгілері бар: қан қысымының көтерілуі, аяқ-қолдың ісінуі, зәрде белоктың пайда болуы. Белгісіз түрінде тек қана зәрінде белок болып, шамалы аяқ-қолының ісінуі мүмкін. Жүктілік гестозының ең бастапқы басталған мезгілін анықтаудың маңызы зор, себебі, гестоз мерзімі екі жұмадан асып кетсе (жеңіл дәрежесінің өзі), ұзаққа созылған гестоз деп есептеп, оның жатырдағы нәрестеге, анаға тигізер әсерін анықтап, емдеу және босану тәсілдерін тез арада шешу керек.
  • Преэклампсия мен эклампсия айырмашылығы.
  • Жүктілік кезіндегі гипертензия, протеинурия анықталмаған. Преэклампсияның жеңіл түрі.
  • АҚ жоғары немесе 140/90 тең. Екі рет өлшенеді (екінші рет 6 сағат сайын дем алғаннан кейін). Немесе систололық қысым 30мм, ал диастолалық 15мм. Қол-аяқтарда ісік болмайды, тәуліктік протеннурия 0,3грамм.
  • Жүктілік кезіндегі гипертензия, протеннурия анықталған. Преэклампсияның орташа түрі
  • АҚ жоғары немесе 140/90 тең, 6 сағат дем алғаннан кейінгі 160/110 мм-тан төмен емес. Протеннурия 0,3г (тәуліктік 5г) қол-аяқтарда ісіктер болуы мүмкін.
  • Жүктілік кезіндегі гипертензия протеннурия анықталған. Преэклампсияның ауыр түрі
  • АҚ жоғары 160/110 немесе тең, 6 сағат сайынғы дем алыстан кейін өлшенген. Немесе систолалық қысымның 30мм жоғарлауы, ал диастолалық 15мм. Протеннурия тәулігіне 5г. Қол-аяқтардың ісіктері болуы мүмкін.
  • Эклампсия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет