Гестоздардың жіктелуі



бет3/5
Дата11.07.2023
өлшемі2,01 Mb.
#104193
1   2   3   4   5

Жүктілік нефропатиясы өз уақытында толық емделмесе, гестоздың ауыр түрі – преэклампсияға ауысады. Бұнда нефропатияда айтылған ауру белгілерінің барлығы болады (гипертензия, протеинзия, протеинурия, ісіну). Оған қоса бұдан басқа да қосымша белгілер пайда болады. Аурудың асқынғаны сонша, жүйке жүйесінің қозуы біліне бастайды. Науқастың басы ауырады, көзі қарауытып, бұлдырап, көруі нашарлайды, көз алдында кішкентай шіркейлер ұшқандай болып көрінеді. Кейде көзі тіпті көрмей де қалады. Жүрегі айнып, құсады, асқазан тұсы қатты ауырады. Кейде мұндай ауруларды тамақтан уланған деп болжап, емді уақытында қолданбай, асқындырып алатын да жағдайлар кездеседі. Кейбір әйелдерді ұйқы басады, ал кейбіреулері, керісінше, абыржып, ашушаң, жылағыш болады. Тез уақытта ем қолданбаса, преэклампсия асқынып, эклампсияға ауысады.

  • Жүктілік нефропатиясы өз уақытында толық емделмесе, гестоздың ауыр түрі – преэклампсияға ауысады. Бұнда нефропатияда айтылған ауру белгілерінің барлығы болады (гипертензия, протеинзия, протеинурия, ісіну). Оған қоса бұдан басқа да қосымша белгілер пайда болады. Аурудың асқынғаны сонша, жүйке жүйесінің қозуы біліне бастайды. Науқастың басы ауырады, көзі қарауытып, бұлдырап, көруі нашарлайды, көз алдында кішкентай шіркейлер ұшқандай болып көрінеді. Кейде көзі тіпті көрмей де қалады. Жүрегі айнып, құсады, асқазан тұсы қатты ауырады. Кейде мұндай ауруларды тамақтан уланған деп болжап, емді уақытында қолданбай, асқындырып алатын да жағдайлар кездеседі. Кейбір әйелдерді ұйқы басады, ал кейбіреулері, керісінше, абыржып, ашушаң, жылағыш болады. Тез уақытта ем қолданбаса, преэклампсия асқынып, эклампсияға ауысады.
  • Эклампсия ­ гестоздың ең ауыр түрі. Ми ұлпаларының оттегімен қоректенуі нашарлап, ісінуі салдарынан, жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Әйел есінен танып, бүкіл денесі, бұлшық еттері құрысып, эклампсия басталады. Эклампсияны қазақша «жүкті әйелдің талмасы» десе де болады

Эклампсияның өту сатылары

  • 1. Талудың алдыңғы кезеңі. Жүкті әйелдің есі кіресілі-шығасылы, дем алысы жиілеп, жүрегі қатты жиі соғып, қас-қабағы жыбырлап тартылады. Бұл кезең 20-30 секундқа созылады.
  • 2. Тоникалық талма кезеңі ­ әйел есінен айрылады, дем алысы тоқтап, терлеп, аузынан көбікті сілекей ағады, көз қарашығы үлкейіп, жағы қарысып қалады. Осы кезде ауру тілін тістеп алуы да мүмкін. Жүрек қағысы, тамыр соғуы нашарлайды. Дененің бұлшық еттері қатайып, сіресіп қалады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 30 секундқа созылады, ол ана үшін де, нәресте үшін де қауіпті.
  • 3. Клоникалық талма кезеңі. Әлгі қатып-сіресіп тартылған бұлшық еттер енді бірінің артынан бірі, кеудеден бастап, алдыңғы саннан, артқы аяқтарға қарай селкілдеп тартылып тарай бастайды. Әйелдің демі жоқ, ауыр қалпында, біртіндеп тартылғаны саябырлап, жақтары ашылып, аузынан қан, сілекей аға бастайды. Бұл кезең 40 секундтан 1,5 минутқа дейін созылады. Талма біткеннен кейін әйел ессіз қатты ұйықтап қалады. Кейде жүкті әйел осындай жағдайда бірнеше күннен айға дейін болуы мүмкін.
  • 4. Талмадан айығу кезеңі. Ауру әйел есін жиып, өз-өзіне келе бастайды. Дем алысы, жүрек жұмысы дұрысталады. Аурудың беті қайта бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет