Гестоздардың жіктелуі



бет1/5
Дата11.07.2023
өлшемі2,01 Mb.
#104193
  1   2   3   4   5

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

  • Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  • Акушерлік және гинекология кафедрасы
  • СӨЖ
  • Тақырыбы: «Гестоз кезінде жүктілікті, босануды жүргізу. Гестоздың қарқынды терапиясының принциптері».
  • Орындаған: Сабденова М.С.
  • Тексерген: Жанабаева С.У.
  • Қарағанды 2015 жыл

Жоспары:

  • Гестоздардың жіктелуі.
  • Гестоздардың клиникалық симптоматикасы.
  • Преэклампсия мен эклампсия айырмашылығы.
  • Эклампсияның өту сатылары.
  • Гестоздың ауыр түрлеріндегі шұғыл көмек.
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Гестоздардың жіктелуі

  • Гестоз - ісіну, қан қысымының жоғарлауымен, зәрмен нәруыз жоғалтумен, тырыспамен (эклампсия) көрініс беретін қалыпты жүктіліктің асқынулары.
  • Гестоз екі үлкен жікке бөлінеді:
  • ерте гестоз (құсу, сілекей ағу, жүктілік дерматозы, сары ауру, остеомаляция, бауырдың жедел сарғайып солуы);
  • кеш гестоз(жүктілік шемені, нефропатия, преэклампсия).

Гестоздардың клиникалық симптоматикасы

  • Ерте гестоздар жүктіліктің алғашқы айларында пайда болады.
  • Гестоз кезінде әйел тәулігіне бірнеше рет жүрегі айнып, лоқсып, құсып, тәбеті төмендеп, жалпы жағдайы нашарлайды. Клиникалық белгілеріне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) жеңіл; 2) орташа; 3) ауыр.
  • Жеңіл түрінде күніне 3-4 рет құсады (көбіне тамақ ішкеннен кейін). Тамақ ішу қабілеті сақталады, кейде ащы-тұщы тағамдарды сүйсініп жейді. Жалпы жағдайы өзгермейді. Орташа түрінде әйел тәулігіне 10 және одан да көп рет құсады, жүрегі айнып, тамақ ішуі нашарлайды, ал ішсе, жедел құсып тастап отырады. Содан әлсіреп, жүдей бастайды. Сонымен бірге жүйке жүйесінде, зат және көмір сутегінің алмасуында өзгеріс болып, кетоацидоз пайда болады. Дене қызуы көтеріліп, жүрек пен тамыр соғуы жиілейді. Уақытында дұрыстап емделмесе, келесі ең ауыр түріне көшеді. Құсықтың ауыр түрін тоқтатусыз құсық деп те атайды. Бұнда құсықтың саны 20-дан да асады, жүрегі айнитыны сонша, тамақты ойлағаннан, иісінен құсатын болады. Кейде бұған сілекей ағу қосылады. Соның салдарынан ағза сусызданып, әлсізденіп, жүдейді. Кейде салмағы 8-10 кг дейін кемитін болады. Ағзада зат алмасуының ақырына дейін тотықтырылмаған қалдықтар көбейіп, қанда мочевина, қалдық азот және креатиннің мөлшері көбейеді, зәрде ацетон пайда болады, дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, ол 100-120-ға дейін жетеді. Дем алғанда аузынан ацетонның иісі шығып, әйел есінен тануы (кома) мүмкін. Ауруды анықтау жолдары жоғарыдағы белгілерге байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет