«____________» Бас директоры
________________ -ға/ге, -қа/ке
қауіпсіздік қызметінің
бас менеджері Е.Е.Оспановтан
ТҮСІНІКТЕМЕ
Мен, қауіпсіздік қызметінің бас менеджері Оспанов Еркін Есенұлы, 2020 жылғы 20 тамызда 9.00-12.00 дейінгі аралықта дәлелді себептермен жұмыс орнымда болмадым. Осы уақытта 3 жасар қызымның дене қызуы көтеріліп, науқастануына байланысты емханаға баруыма тура келді. Емханада болғанымды растау үшін дәрігер жолдамасын қоса ұсынып отырмын.
Өз кінәмды мойындап, әрі жұмыста болмаған кезеңде төтенше жағдай тіркелмегенін ескере отырып, тәртіптік жаза белгілемеуіңізді өтінемін. Алдағы уақытта өз лауазымдық міндеттеріме жауапкершілікпен қарауға уәде беремін.
21 тамыз 2020ж.
Жұмыскердің қолы _________
* Үлгімен танысыңыз
«.... банкі» АҚ Басқарма төрағасы _______________________ Түсініктеме 00.00.00
_________ филиалының _________ жылдың _______ тоқсанына арналған жиынтық есебін құрылымдық бөлімшелерден жіберілуі тиісті мәліметтердің кешіктірілуіне байланысты (соңғы мәліметтер 13.04.2020ж. жіберілді) белгіленген мерзімде дайындап үлгірмедік. Орын алған кемшілік бойынша бөлімше басшыларының қатысуымен жиналыс өткізіліп, жауапты тұлғаларға ескерту жасалды (жиналыс хаттамасы қоса ұсынылып отыр). Алдағы уақытта орын алған осындай кемшіліктердің алдын алу мақсатында жыл соңына дейін әзірленуі тиіс есептердің тізімі жасалып, мерзімі белгіленді, жауапты тұлғаларға таныстырылды.
Бөлім бастығы ______________ ____________