Гидрология рубержка



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата05.11.2022
өлшемі180,29 Kb.
#47756
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Гидрология рубержка



1. Табиғаттағы жəне қоғамдағы судың рөлі. Гидрологияның
практикалық маңызы.
Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су - тірішілік көзі,
жердің нəрі. Жердің климатын жасаған су. Егер су болмаса, біздің
планетамыз суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Сусыз
ешбір организм өмір сүре алмайды деуге болады. Су жердің геологиялық
тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда
болуында аса маңызды рөл атқарады.
Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат
өмірі мен мəдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз
байланысты. Ол қазір өнеркəсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы
мен балық шаруашылығында, медицинада жəне т.б. толып жатқан
салаларда кеңінен қолданылады. Су- физика, химия, механика жəне
басқа да ғылым салаларының зерттеу обьектісі.
Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен
қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу жəне
еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.
Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін
басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының
70 пайызын немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су
топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлылығына жəне басқа да
қасиеттеріне үлкен əсерін тигізеді.
Судың еріткіш ретіндегі рөлі аса зор, себебі заттардың ерітіндіден
тысқары жерде бір – бірімен қарым –қатынасқа түсуі өте қиын. Жер
қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа
қосылыстар түзе алады. Химиялық заттар су ерітіндісімен жер қабатында
үлкен қашықтықтарға еркін орын алмастырады жəне қолайлы
жағдайларда олар химиялық құрамы біртекті, аумақты шөгінділер
құрайды.
Судың маңызы əсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуы мен
сақталуы үшін өте зор.
Гидрология – табиғи суларды, олардағы құбылыстар мен процестерді,
олардың даму заңдылықтарын зерттейтін географиялық ғылым.
Гидрология мұхит, теңіз, өзен, көл, бөген, батпақ сияқты су объектілерін,
қар, мұздақ, топырақ жəне жер асты суы күйінде кездесетін ылғал
жиынтығын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет