Гидрология рубержка


Гидрологияның практикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата05.11.2022
өлшемі180,29 Kb.
#47756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Гидрология рубержка

Гидрологияның практикалық маңызы – су ресурстарының қазіргі
жайын бағалау жəне келешектегі жайын болжаумен қатар оларды тиімді
пайдаланудың жолын көрсету. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу,


егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. мəселелерді шешу жөнінде
гидрологияның маңызы өте зор.
Гидрологияның негізгі проблемалары – табиғаттағы су айналымы, оған
адам əрекетінің тигізетін əсері, су объектілері мен территорияның су
режимін реттеп отыру, жеке территория мен тұтас Жер шары үшін
гидрологиялық элементтерге (су деңгейі, шығыны, температурасы, т.б.)
кеңістік пен уақыт тұрғысынан анализ жасау жəне бұл элементтердің
ауытқуындағы заңдылықты ашу.
2. Гидрология оның пəні мен міндеттері
«Гидрология» сөзі екі грек сөзінің (гидро — су, логос — ғылым, ілім)
қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.
Гидрология жердің жəне оның су қабығының физикалық, географиялық
қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады. Гидрология пəнінің
көмегімен келесі су объектілері: мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер
бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ жəне жер асты сулары
зерттеледі.
Гидрология ең алдымен метеорологиямен яғни атмосфера жəне ондағы
өтіп жатқан процестерді, оның ылғал айналымы жəне судың булануын
зерттейтін бөлімдерімен өте тығыз байланыста. Су қабығы мен жер
қыртысының- (литосфера) өзара байланысы жер бетінің тікелей судың
əсерімен калыптасатынынан айқын көрінеді. Ал жер бедері өз кезегінде
су ағыстарының пайда болуына үлкен əсер етеді. Сондықтан гидрология
пəнінің геоморфология яғни жер бедерінің қалыптасу жəне даму
заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласымен көп ортақтығы бар.
Мұхиттар мен теңіздерде өтіп жатқан процестердің өзендер мен
көлдердегі жəне мұздықтардағы процестерден көп айырмашылығы
болатындықтан жалпы гидрология пəні мұхиттар гидрологиясы
(мұхиттану) жəне құрлықтар гидрологиясы болып екіге бөлінеді.
Гидрология — табиғи суларды жəне оларда болатын құбылыстар мен
процестерді зерттейтін ғылым саласы. Жер туралы ғылымдар санатына
жатады. Геофизикамен, географиямен (көбіне физикалық географияның
бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология жəне биология
ғылымдарымен тығыз байланысты. Гидрология пəніне гидросфера
суының барлық түрлері: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар,
топырақ жəне жер асты сулары, сондай-ақ атмосфера сулары жатады.
Зерттейтін нысандары бойынша гидрология құрлық гидрологиясы жəне
мұхитты зерттеу болып бөлінеді. Гидрология XVII ғасырда қалыптаса
бастады.


Зерттеу объектілері бойынша құрлықтар гидрологиясы мына салаларға
тармақтанады:
1) өзендер гидрологиясы (потимология);
2) көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология);
3) батпақтар гидрологиясы (тельматология);
4) жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология);
5) мұздықтар гидрологиясы (гляциология);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет