Гидрология рубержка


Судың агрегаттық куйлері жəне фазалық ауысулар



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата05.11.2022
өлшемі180,29 Kb.
#47756
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
30.Судың агрегаттық куйлері жəне фазалық ауысулар
Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының,
энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі
өзгеруімен қоса қабат жүреді. Барлық зат үш түрлі – қатты, сұйық жəне газ
тəрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын.
бағ. қалыпты қысымда жəне Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С
температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші
агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура


мен қысымға тəуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама –
молекулалардың өзара əсерінің орташа потенциалдық энергиясының
олардың орташа кинетикалық энергиясына қатынасы [~(T, p)]. Мыс., қатты
денелер үшін ~(T, p)1, газдар үшін ~(T, p)1, ал сұйықтықтар үшін ~(T,
p)1.басталады. Заттың бір агрегаттық күйден басқа бір күйге ауысуы оның
потенциалдық энергиясының секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді жəне
ол молекулааралық қашықтық пен молекула аралық өзара əсерге тəуелді.
Газдарда молекулааралық қашықтық молекулалардың сызықтық
өлшемінен əлдеқайда үлкен. Сондықтан газда молекулалар бір-бірімен
өзара əсерлеспейді деуге болады, олар еркін қозғала отырып, бүкіл
көлемді толтырады. Кез келген газды белгілі бір қысым мен
температурада сұйықтыққа, одан кейін қатты күйге келтіруге болады.
Сұйықтықтар мен қатты денелерде (қоюланған не тығыздалған
денелерде) молекулалар (атомдар), едəуір дəрежеде бір-біріне жақын
орналасады да, олардың бір-бірімен əсерлесуі күштірек болып келеді.
Осы себептен сұйықтықтар мен қатты денелер өз көлемдерін сақтайды.
Дегенмен, қатты денелер мен сұйықтықтардағы молекулалар
қозғалысының сипаты олардың əрқайсысында əр түрлі. Олардың
құрылымы мен қасиеттерінің бір-бірінен өзгешелігі осы жағдаймен
түсіндіріледі. Кристалл күйдегі қатты дене атомдары кристалдық тор
түйіндерінің маңында əлсіз тербеліс жасайды. Мұндай денелердің
құрылымы атомдардың реттелгендік (алыс жəне жақын реттелгендік)
дəрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Сұйықтық молекулаларының
(атомдарының) жылулық қозғалысы молекулалардың тепе-теңдік қалып
маңындағы əлсіз тербелістері мен олардың бір тепе-теңдік қалыптан
басқа бір тепе-теңдік қалыпқа секірмелі түрде жиі ауысып тұруынан
құралады. Сұйықтық бөлшектерінің тепе-теңдік қалыпқа ауысуы олардың
орналасуында тек жақын реттіліктің болатындығын жəне оларға
қозғалғыштық пен аққыштық қасиеттер тəн екендігін көрсетеді. Ал,
плазманың басқа агрегаттық күйлерден айырмашылығы – оның
зарядталған бөлшектер (иондар, электрондар) газынан тұратындығы.
Плазмада бөлшектер бір-бірімен үлкен қашықтықта əсерлесе береді. Бұл
жағдай плазманың өзіне тəн кейбір қасиеттерін анықтайды.[1]
Құрылымы жағынан көбірек реттелген заттың агрегаттық күйінің одан гөрі
азырақ реттелген күйге ауысуы белгілі бір температура мен қысымда
секірмелі түрде (қ. Балқу, Қайнау), сондай-ақ, үздіксіз де (қ. Фазалық
ауысу) жүруі мүмкін. Сондықтан, үздіксіз ауысу мүмкіндігі, Заттың
агрегаттық күйінің əр түрге бөлінуінің шартты екендігін көрсетеді. Бұл
жағдай сұйықтық құрылымын сақтайтын аморф денелердің, кейбір


заттарда бірнеше кристалдық күйлердің, сұйық кристалдардың, т.б.
болуымен дəлелденеді. Осыған байланысты қазіргі физикада З. а. к.
ұғымының орнына одан гөрі кеңірек — фаза ұғымы пайдаланылады.[2]
Ағынды фазалары (Фазы стока) ағынды гидрографының қалыптасу
процесінің элементтері. Олар қоректену жағдайының өзгеруіне орай: 1) су
тасу кезеңі; 2) тасқындар кезеңі; 3) судың сабасына түсу кезеңі болып
сараланады. Су тасу кезеңі жыл бойындағы ең көп сулылығы мен, су
деңгейінің биік əрі ұзақ көтерілуі мен жəне, əдетте, судың жайылмаға
тығуымен сипатталады. Басты қоректену (толысу) көзіне тікелей тəуелді
(жазық өзендері үшін — қар еруі, биік тау өзеңдері үшін — мұздықтар мен
қарлар еруі, муссондық жəне тропиктік аймақтар үшін — жазғы ұзақ
жаңбырлар). Бір климаттық белдеудегі өзендер үшін су тасу кезеңі жыл
сайын тұрақты қайталанып, тек ұзақтығы мен күші өзгеріп отырады. Іле
өзені су тасу фазасы көктем жаз болса (мұздықтар мен жауыншашын),
Нұра өзені үшін жазғытұрымғы бір ай (көктемгі қар еруі). Тасқын су
фазасы жыл сайын қайталан байды жəне су деңгейінің тез əрі қысқа
мерзімде көтерілуімен сипатталады. Таскындар ұзақ нөсер немесе қысқы
жылы мықта қар еру барысында қалыптасады. Кей жағдайларда (əсіресе
кішігірім алаптарда) тасқынның биіктігі су тасуының биіктігінен асып түсуі
мүмкін. Судың сабасына түсу кезеңі өзен сулылығының аздығына жəне
жер беті ағындысының азаюына немесе сарқылуына байланысты су
деңгейінің төменгі қалыпта ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Бұл
фазада өзен негізінен жер асты суымен қоректенеді. Көпшілік өзендерде
судың сабасына түсуінің кезеңдері жазғы жəне қысқы кезеңдер болып
бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет