3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына тұруы.
Макс Петтенкофер гигиена тарихында құрметті орынға ие болған ғалым. Медициналық білім алған соң ол, атақты химик О. Либихтан тәлім алды. Ол 1865 жылы Мюнхен университетінде алғашқы гигиена кафедрасын құрды, ал, 1879 жылы өзінің ұйымдастыруымен құрылған Гигиеналық институттың басқарушысы болды.
Жан-жақты білімді ғалым бола отырып, ол бірінші рет қоршаған орта факторларын бағалау үшін химиялық, физикалық, микробиологиялық әдістерді қолданды. Қалалар мен тұрғын үйлерді санитарлық абаттандыру қажеттілігін дәлелдеді. М. Петтенкофер құрған ғылыми мектепте ауамен, сумен, топырақпен, тамақтанумен, киіммен байланысты гигиеналық мәселелер кеңінен зерттелді.
3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына тұруы.
Федор Федорұлы Эрисман, Швейцарияда туылған, бірақ «швейцариялықтан орысқа айналды, Ресейді шынайы сүйді және оған қызмет етуге өз өмірінің барлық жақсы жылдарын сарп етті» (И.М.Сеченов). 1869 жылы жас көз дәрігері Ф.Ф.Эрисман Цюрихтен Петербургке көшіп келеді. Бұл жерде 4000 астам оқушылардың көздерінің көруін зерттеп, балаларда алыстан көрмеушіліктің дамуына нашар жарықтанғандық, дұрыс жасалмаған парталар, жазу кезінде дұрыс отырмау, оқулықтардың әріптерінің нашар басылуы және т.б. әсер ететіндігіне көзі жетеді. Ол жарықтандыруды жақсартуды, оқулықтарды дұрыс басып шығаруды ұсынады, өзі партаны құрастырды, бұл кейіннен барлық мектептерге де енгізілді («Эрисман партасы») және бүгінгі күннің өзінде де, мектеп жиһаздарының түптұлғасыболып табылады.