А.П.Доброславиннің еңбектері кеңінен танымал. Оның 1882 жылы «Гигиена- қоғамдық денсаулық сақтау курсы» деп аталатын іргелік нұсқауы шықты. Осы жылда А.П.Доброславин әскери гигиенаның курсын оқуды бастады, ал 1885-1887жж. «Әскери гигиена курсы» деген жаңа нұсқауды жазады. Әскери гигиенаның сұрақтарын дайындауда А.П. Доброславиннің гигиена маманы ретінде орыс-түрік соғысы (1877-1878жж.) кезіндегі әрекеттегі армияға қатысуы маңызды роль атқарды. А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисманның және олардың шәкірттері мен ізбасарларының арқасында Ресейдегі гигиена ғылымы алдыңғы қатарға шықты және санитарлық істің ары қарай дамуына септігін тигізді. 19 ғасырдың 70-80-жылдарында Ресейдің ірі қалалары мен губернияларында санитарлық комиссиялар, санитарлық кеңестер және станциялар құрыла бастады, бірінші санитарлық дәрігерлер пайда болды.
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы
Н.А.Семашко
(1874-1949жж)
Денсаулық сақтаудың бірінші халық комиссары болды. Оның тікелей қатысуымен, Кеңес республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қалыптасты. Кеңестік денсаулық сақтаудың теориялық аспектілері дайындалды. 1922 жылы ол Мәскеу университетінде бірінші әлеуметтік гигиена кафедрасын ұйымдастырды. Оның орынбасары
З.П.Соловьев
(1876-1928жж)
Қызыл Армияның әскери-санитарлық қызметін басқарды, әскерлерді гигиеналық қамтамасыз етуді, тамақтануды нормалауды, казармалардың құрылысын және т.б. ұйымдастыру жөнінде үлкен жұмыстарды жүргізді. Ол, сонымен қатар, кәсіптік гигиенаның және өндірістегі жұмысшыларды медициналық қамтамасыз ету мәселелерімен де айналысты.
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы