1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.э.д. VIXIVжж.) және феодализм мен өндірістік капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.) дамуы.
3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына тұруы.
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын алу медицинасының дамуы.
5. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.
Гигиенаның даму тарихы
Құл иеленушілік кезеңдегі эмпирикалық гигиенаның дамуы туралы Ертедегі Шығыс (Ертедегі Үндістан, Ертедегі Қытай, Ертедегі Мысыр), Ертедегі Греция және Ертедегі Рим елдерінде кеңінен таралған алдын алу шаралары жөніндегі ойлар айқын куә бола алады.
Біздің эраға дейінгі (б.э.д.) 4-3 мың жылдары Ертедегі Үндістанда қолданылған гигиеналық ережелер кейінірек (б.э.д. 1000-500 жылдары) Ману мен Аюрведу заңдары жинағына және басқа да тарихи заңнама көздердің құрамына кірді.
Ертедегі Мысырда б.э.д. 4-5 мың жылдар бұрын аурудың алдын алу мақсатында уқалау, дәрет алуды кеңінен қолданған, іш айдайтын, зәр айдайтын және тер шығаратын заттарды қолданған. Сол уақыттың өзінде-ақ жеке бас гигиенасы, жыныс гигиенасы, науқастарды оқшаулау, өлген адамдарды жерлеу сұрақтарына қатысты ұсыныстар болған.
1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
Ертедегі гректер «дене күштерінің жоғарғы деңгейде дамуына, ағзаның бүтіндігі мен сұлулығына, әсіресе, жастарда ұмтылыс болғандығымен» ерекшеленді. (Ф.Ф.Эрисман). Оған дене жаттығуларына, гимнастикаға, шынығуға негізделген спартандық тәрбие арқылы, жарыстарға қатысу, «гигиастиктер» деп аталатын, дені сау адамдарға арналған «диететиктерді» сақтау арқылы қол жеткізген.
Б.э.д. V-IV ғасырларда Ертедегі Грецияда жиналған гигиеналық білімдерді қорытатын, жүйеге келтіретін бірінші еңбектер пайда болды. Ол еңбектердің авторы, ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (б.э.д. 460-377 жж.) болды. Өзінің атақты «Ауа, су және жергілікті жерлер жөніндегі», «Салауатты өмір сүру салты» трактаттарында Гиппократ адамның тіршілігі үшін ауа, су және топырақтың маңызын қарастырды және дәрігерлерге климатты, жергілікті жердің жағдайларын, өмір сүру салтын, халықты тамақтандыру және т.б. зерттеуді ұсынды. Ол дені сау адамдардың ауырмауы үшін жағдай жасаулары жөнінде кеңес берді.
Феодализм дәуірінде Батыс Еуропада өмір сүрудің барлық салаларында, оның ішінде гигиенаның дамуында да, қараңғы дағдарыс және құлдырау кезеңі басталды. Құдіретті шіркеу ауруларды емдеуге тыйым салды, себебі, бұл «құдайдың ісіне араласу» деп есептеді, ал емдеген адамдарды қатаң қуғынға ұшыратты, аскетизмді уағыздап, барлық гигиеналық шаралардан бас тартуға шақырды. Осының нәтижесінде, ертедегі гигиенаның барлық ережелері ұмытыла және жойыла бастады, ал орта ғасырлық қалалар жұқпалы аурулардың нағыз ордасына айналды.