Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет24/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106
ЖУАНДЫҚ
I
Ақөзектің егіні биылғы жылы бұл атыраптың алды боп тұр. 
Бір болыс Қараадыр: «Ақөзек озды», – десіп аңыз қылысты.
Әр рудан жиылған жиырма-отыз үйлі кедей-кепшік осы 
өзекке екі-үш жылдан бері егін салуды машық қылған. Жаз 
ортасы ауғаннан бері солар егін жайын байқап, іштен қуанып, 
үмітті болатын.
Ел іші әңгімесіз отырмайды. Кейде ананы, кейде мына-
ны аңыз қылады. Мезгіл-мезгіл тыңнан хабарлар шығарып, 
ұзынқұлақ арқылы көпке жайып, таратып отырады. Көп ел 
егіншілікке айналып, адал еңбекке салынған соң, кей-кейдегі 
әңгімесі егін болатын. Қазірде жаз ортасы ауғаннан бері ел 
аузындағы әңгіме – сол биылғы егін жайы. Сонда ананы-мына-
ны мақтасып келгенде, ең аяғы Ақөзекке тоқтаушы еді. «Төрт 
түлігі сай. Төмен егін жоқ, қызыл бидайдың өзі көк найзадай», 
кейбір көтеріп айтқан айтушының сөзіне қарағанда, «ақ би-
дай, қара бас бидай аттың бойын жасырады, құдай Ақөзекке 
беріпті» десіп келіп, онда егін салған кім-кім еді, шаруасы 
қандай еді, қыстауы қайда болушы еді? Қой, түйе, сиыр сияқты 
төрт түліктің саны қанша? Ауылдарында қанша қатын, қанша 
қыз бар? Неше жігіттің әйелі бұзылды? Қандайлық жігіт қатын 
бұзып алды? Жақында кіммен дау-шар, ұрыс-төбелес болды? 
Осының бәр-бәрінің егжей-тегжейіне дейін қағып сұрасатын. 
Кей ауылда қымыз бен ет сағалауды кәсіп қылған, қолы 
бос кәрілерге хабар әкелген қыдырмашы қызмет әнкетінен 
сонағұрлым көп сұрақтарға кездесетін.
Ақөзек осылайша көп елдің аңызы болды. Жерінен пәлен 
бау баулап, пәлен пұт алатынына шейін қымыз басындағы 
әңгімешілер кесіп, пішіп өлшеп жатты. Сонда алыстағы ел 


174
жалпақ Ақөзек деген атты білсе, жақындағы көрші елдер өте-
мөте кімнің егіні жақсы екенін де білген. Олардың айтуынша, 
«биыл бір болыс Қараадырдың алды Жақсылық» болатын.
Жақсылық он бес-жиырма ірі қарасы бар, қырық-отыз 
тұяғы бар еңбекшіл, қарекет иесі адам. Үй ішіндегі топты 
жанды қыстай-жаздай тыным таппай еңбек қып, жанын жал-
дап асырап жүретін. Қолындағы азғана малды соңғы үш-төрт 
жылдың ішінде егінге айналған соң құрап алған. Әуелгі жылда 
екі жер егін салып, содан ішермендік, тұқымдық алған соң, жер 
емшегін емуден дәндей берді.
«Баяғыдан бері арамтер болып жүріппіз, мал жерде көмулі 
жатыпты. Еңбек қылсаң – бермесі жоқ екен. Енді барымызды 
егінге салып күнелтсек деген ниетіміз бар»,– дейтін.
«Егінің тәуір шығыпты», – деген кісілерге:
«Не берсе еңбекке өлшеп береді. Жыртуы жақсы, маласы 
тегіс, майда болса, құр тастамайды», – деп жауап беретін.
Егін тегіс басқа отырды. Осы кезде бір жауын жауса деп 
жүруші еді, тілеген жауыны да жауды. Екі күн, үш күнде ба-
рып бір аралайды. Ақ бидай әлі де бойлап келе жатыр. Қызыл 
бидайдың бірен-сарандап сары құлақтанған уақыты да жетті. 
Әзір ұшықтан, торғай-тышқаннан – пәле-қазаның барлығынан 
да аман. Ертеңді-кеш егіннің амандығын тілеп Жақсылық жүр.
Аз заманда егінге орақ салатын уақыт та жетіп қалды. 
Жақсылықтың ендігі қаупі өзге пәле емес, шынға келгенде, 
ішінара қорқатыны – адамның қастығы.
Ақөзекке егін салған азғана елдің ортасындағы бас көтерген 
тәуірі – Жақсылық. Сол Жақсылық бұрын нашар, кедей күнінде 
маңындағы малды жуан ауылдарға жалтаңгез болатын. Ол 
кезде өзінің бетімен жүріп, ойына сыйғанын істеп, ықтиярлы 
еркін адам болып көрген емес. Жаз болса, көші-қон, егін, пішен 
қарекет, кәсіп; қыс болса – қыстайтын орын, соятын соғым, 
жүретін қала-дала – барлығына да байдың әмірі көлденең келіп 
килігіп, тағдыр бұйрығындай өз айтқанын істетіп отыратын. 
Көгін шабамын деген қонысқа бай ауыл қонып қойса, пішенсіз 
қалатын. Бір жаққа барып, еңбек қылып, мал табамын десе, 
бай өз шаруасының бір керегіне жаратам деп босатпай қоя тын. 
Өзінде жер жоқ; ертеден іргелі, аталы жуан байдың қоң сысы 
болған соң, қыстыгүнгі қыстайтын орнын да бай білетін. Кей де 
өз қасына алып, кейде Жақсылықтың өзі сияқты бір келімсе-


175
гінің жанына, көп қыстаушының біріне уақытша қыстатып 
қоятын.
Қашан болса да бай-бәйбіше, келін-кепшік, бала-шағадан 
Жақсылық қаққы, соққы көретін. Боқтық-қиянат еститін. Бірақ 
бұндайдың көбі Әбіштің қоғамында жүрген кедей-кепшіктің 
барлығының да үйренген нәрсесі. Сыбағалы сыйы болатын.
Ер орта жасқа келгенше Жақсылық бар өмірін осымен 
өткізіп келіп, осы соңғы төрт-бес жылдың ішінде ғана Ақөзекті 
мекен қылып, бір жерге ірге теуіп орнығып отыратын болған. 
Ол кезде Қараадыр егін дегенді білмейтін. Ақөзектің қандай 
қасиеті бар екенін Әбіш те, ағайын да білген жоқ. Қыстаулыққа 
жақсы емес. Қыстыгүні қары қалың болатын, панасы жоқ жер. 
Оның үстіне, суы тапшы, әрі ащы болатын. Әбішке мұндай 
жер дәрі емес. Күздігүні бес-он күн отырып көшіп кететін, 
күзектегі көңілсіз бір қоныс. Жақсылық бір жерге орнығып, 
ірге көмсем деп айта берген соң, бір күні Әбіш шүленсіп, мыр-
засып отырып: «Ақезекке өзгелермен сен де егін сал», – деген. 
Бұл өзек түгелімен Әбішке тиісті емес болатын. Өзге кедейлер 
осы сияқты әрбір байдан рұқсат алып келіп отырған. Сол ретте 
Жақсылық та Әбішке тиісті жерінен келіп қора салып алған.
Сонымен арада төртті-бесті жыл өткенде Жақсылық 
бұрынғы Жақсылық емес, ешкімге жалынбайтын, ел қатарлы 
кісі болды. Шаруасы жыл санап артып, өз қолы өз аузына жет-
кен соң, маңындағы көршілерінің кем-кетігіне қарайласып, 
солардың кепшілігін өзіне дос қылып алды.
Басында Жақсылыққа жер берсе де, артынан өз бетімен күн 
көретін болып, Әбішке бұрынғыдай жалынышты болмаған соң, 
бай барлық маңайымен, ағайын-туысқанымен Жақсылықты 
түртпектей бастады. Орайы келіп, қоңы тәуір аты болса, сұрап, 
түсі тәуір сайманы болса, алғысы келе берді.
Бұл орайда советтің кедейге есе беріп, теңшілік әперуге 
айналғанын өзге елмен бірге Жақсылық та сезе бастаған. Сыр-
тына шығарып ешкімге айтпаса да, ішінен: «Сенің табаныңда 
езілуім жеткен жоқ па? Ендігі жуандығыңа құдай ақта», – 
дейтін ойлар ойлай бастады.
Жақсылықтың қыбыр еткен қабағын аңдып жүрген Әбіш 
бұл жайды ішінен түсіне жүрді. Сонымен іштей күрең қабақтау 
болып жүргенде, биыл бір старшын Қоңырдың арасында шолақ 
партия болып, Жақсылық Ақөзектің өзге елімен бірге Әбіштің 


176
қарсысына шығып қалды. Бұл оқиға елдің жайлауға шығар 
кезінде болған. Жайлауда отырғанда сайлау болды. Әбіш жағы 
жеңіп шықты.
Жақсылық жаздан бері Әбіштің бетін көрген жоқ. Енді 
күзекке байдың аулы маңындағы екі-үш көрші аулымен келе 
жатыр.
Жақсылық іштей қауіп қылғанда, осы жайлардың барлығын 
ойлап келіп: жуан ауыл бұрынғы өктемдігін істеп келіп, бір 
қастығын тигізіп кетер ме деп қорқатын.
II
Байдың ауылдары жылдағы дағдылары бойынша Ақезектің 
желкесіндегі Дөңқияққа келіп қонып алды. Келген ауылдар – 
Әбіштікі, онан соң інісі Құрман аулы, тағы бір-екі көрші кедей 
ауыл.
Бұл қонысқа жылда қонбаса да, анда-санда Жақсылықтың бір 
қылығы ұнамай қалғанда, Әбіштің өз аулы келіп қонып кетеді. 
Бірақ «көршілік хақын», «пәлен-түген» дегенді айтқан бо-
лып, Жақсылықты «құдайын ұмытпасын» дегендей жалтаңгөз 
қылып жасытып алып, егін, пішеніне малын түсіртпей көшіп 
кететін. Биыл не қылары мәлімсіз. «Не істесе де – істейтіні 
биыл», – деп күтті Жақсылық.
Дөңқияқта ауыл отырғанда, Ақезектегі ең жақын қыстау 
Жақсылықтікі болады. Егіні өзектің күн шығыс жағындағы жо-
тада. Ауылдан егін мойны қашандау, бірақ аяқты малды аңдып 
отырмаса, түсіп кетуі де мүмкін. Әбіш қырына алса, осы жақпен 
келеді ғой деп қауіп етеді Жақсылық.
Ауыл көшіп-қонғанына екі күн болды. Егін пісетін уақыт 
тақап қалған соң, қолғанаты аз Жақсылық асығыс қимылдап, 
пішенін шауып алайын деп тырбанып жатыр. Сонымен қолы 
босамай, бай аулына барып амандаса алмай жүрді. Бірақ сөйтсе 
де, жайы өзіне мәлім болған соң, үшінші күн бармақшы болып 
атқа мінді.
Егін жолдан бұрыс болса да көре кету керек. Ел келгенде, 
ертеңді-кеш көздеп, тықақтап тұрмаса – болмайды. Баяғыдан 
жер қорып, күндіз-түні ұйқы көрмей жүрсе ғана егін, пішен 
алатын. Сол дағды бойынша аулынан егінге қарай беттеп келе 
жатып, бір жотаға шықты.


177
Шыға бере Жақсылықтың есі шығып кетті. Іштей қауіп 
қылғанда, қастық қылса – түнде жібереді ғой деуші еді. Бірақ 
мынадай сұмдықты бір күн ойлап есіне алмаған.
Тапа-тал түсте жүз қаралы жылқы шеттегі бір аңызақ би-
дайына емін-еркін кіріп алып, бырт-бырт үзіп, талқандап жүр. 
Жылқы пыр-пыр пысқырып, басын алмай жұлып жатыр. Адал 
еңбек, маңдай тері, қызыл қарын жас баланың көз сүзіп отырған 
егіні күл-талқан болып жоғалып барады. Жаздайғы үміт пен 
тілектің өшкені, өшіргені осы!
Ауыздан ащы зар мен қарғыс араласып айғай шықты. 
Көзден бұла болып жас ытқыды. «Қорлық-ай, қорлық-ай! Әй, 
өлейін, өлмесем, сенен келген керді көрейін!» – деп айғайды 
салып жылқыға келіп араласып, дүркірете Әбіш аулына қарай 
қуып жөнелді. Жағында тыным жоқ, айғай салады, қарғайды. 
Оңаша жуан ауылды жетпіс жеті атасынан бері қарай құлдилап 
боқтайды да, көзінен ыршып-ыршып жасы кетіп жылайды да.
Бірталай жерге шейін жылқыны жосылтып қуып тастап, 
ақырында есін жиды да, ішінен іріктеп жүріп, екі семіз атты 
ұстап алып, үйіне келді. Бұл барымтасы емес, егін жегеніне бай 
аулы бет бақтырмай дау айтуына болады. Соған көрсету үшін 
ұстап алған айғағы.
Дүркіреп үріккен жылқы аулына барды. Бұл Құрманның 
жылқысы екен. Алдынан кесірлі жылқышы шығып, егінге 
түскенін білсе де, түгі кетпей сүйсінгендей болып, малын 
түгендеді. Түгендесе, Құрманның аңға мінемін деп қоя бер-
ген іріңдей екі семіз аты жоқ. Жотаға шығып қарағанда, өзекті 
құлдап, аулына екі атты жетектеп шауып бара жатқан біреуді 
көрді. Дәу де болса Жақсылық шығарсың деп, ауылға қайта 
келіп, байына көрген-білгенін айтты. «Жылқыны қара сорпа 
қылып қуалап, құла ат пен қозыгерді барымталап алып кетіпті. 
Егінге түскен-түспегенін құдай білсін!» – деп келді.
Мұны естіген соң-ақ Құрман етін сыртына теуіп, зәрін 
шашып, Жақсылықты жер-көкке сыйғызбайтын болып, әке-
бабасынан бері қарай боқтай бастады. Шауып алмақ, байлап 
алмақ, қырмақ, жоймақ болды...
Бұл хабарды Әбіш те естіді. Жақсылық келер деп тісін ба-
сып, сабыры кетіп отыр. Екі атты аулына апарып тастай сала, 
12–1247


178
Жақсылық та жылқы Құрмандікі екенін біліп, бұл ауылға тура 
келді. Әлі де нақақтығын ойлап, ызамен күйіп жүрген. «Мұны 
көргенше, өлгенім артық, не аянар жан қалды?» – деп, өртеніп, 
түтігіп келді.
Есіктен кіріп келгенде, Әбіш пен Құрман бір жерде отыр 
екен. Болымсыз күбір етіп сәлем берді. Екі бай қатар сұрланып, 
оқты көздерімен атты. Бір болыс елді партияда жеңіп, бүктеп 
алған Әбішке шүйкедей Жақсылық бұйым ба? Жерге қағып 
жібермесе – несі кісі?!
Жақсылық келіп төрге шығуы-ақ мұң екен. Құрман 
амандықтың орнына әке-бабадан жіберіп келіп:
– Есігімде жүрген есесіз құл, құдайыңды ұмытқан екенсің! 
Бес қара бітті деп теріңе сыймай жүр екенсің ғой сен! Қаң-
ғыртып, қоңыз тергізіп жіберейін. Жылқымды қан сорпа қылып 
қуып, атымды барымта қылып ұстайтын сен қандай әулиесің?! – 
дегенде, Жақсылық өзінің кінәсіздігін ойлап, бұрынғысынан да 
ашынып:
– Жазығым болса, қоңыз тергізерсіз. Жазықсыз болсам, зәрің 
шашқанмен, түк қылмайсың! Құлдануың жеткен! Мен қусам, 
ақы-адал малымды қуып келіп... – дей бергенде, Құрман жа-
нында жатқан қамшыны жұлып алып, атып тұрып Жақсылықты 
отырған жерінен тұрғызбай батырлатып жөнелді. Басқа тиген 
қамшымен бірге, дүреден сонағұрлым ауыр сөздер боқтықпен 
араласып, Жақсылықтың ар-намысын да тілгілеп жатыр.
Басында кішкене тырбанып қарсылық көрсетіп, бас 
қорғайын деп орнынан тұра беріп еді, отырған екі-үш қонақ 
Жақсылықтың екі қолынан ұстай алды. Содан соң Құрман 
қолындағы қамшыны басы үзілгенше Жақсылықтың бауыр 
сыртынан бірдей дүре соғып, ойына келген жауыздығын істеді. 
Ашулы інісі Жақсылықтың керекті сыбағасын беріп болған кез-
де ғана Әбіш: «Қой енді, қой. Тоқтат!» – деген болды.
Өзі де ызалы, өзі де соны істемекші болған Әбіш бұған 
бұрын «қой» демекші емес-ті. Өйткені астыртын жылқыны 
егініне түсіріп отырған, ұрғызып отырған, бәр-бәрін істеп, отты 
Құрманның қолымен көсеп отырған – Әбіш байдың өзі.
Әбіштің ел мінезінде көптен жақтаған тәсілінің бірі осы. 
Тартыста әркімге әртүрлі мінез істеу керек. Біреуді әліне қарай 
сөзбен, малмен, бейілмен алдасаң, біреуді ызғармен, қорқыту, 


179
зілмен алу керек. Тағы бір алуан Жақсылық сияқты қорғаны жоқ 
кедей-кепшік болса, оларды осылай дүре, жазамен ықтырып, 
бауырыңа тығып алу шарт. Мынау – сол ел ішінде талайдан 
бері, талай жерде сыналған айла. Жақсылыққа жаздан бері екі 
байдың арнап жүрген емі осы. Қазірде сонысын ғана істеді.
Сыбағалы таяғын жеп алған Жақсылық енді мұнда отырар 
орны қалмады. «Не көрсе де, бұл ауылдан сырт жерден күтпесе, 
мұнда рақым жоқ. Шағатын Әбіш көзбе-көз бұны істеткен соң, 
не үміт қылсын!»
Жылай, зарлай үйден шығып, атына мініп, басы ауған жаққа 
жүріп кетті.
Есінен адасып, не қыларын білмей, қайда баратынына 
ақылы жетпей, үйіне келсе, Құрманның жылқышылары ауылда 
қатынын сабап, екі атты алып кетіпті. Үйде бала-шағасы мен 
қатыны зарлап отыр.
Әйелі алдынан шығып, көгеріп жылап, Құрманды қарғап-
сілеп жүргенде: «Ұлыққа шақ, ұлыққа бар!», «Өл, өлмесең, 
өшіңді ал!» – деген сөзді айтып, жылап жүр. Жақсылықтың 
ақылы осы сезді естіген соң ғана орнына түсті. Дертіне жаңа 
ғана ем тапқандай.
Қатын-баланың не көргенін сұрап, уату керек болса да, оның 
бірін де ескерместен, бет-аузының қанын да жумастан, үйінің 
сыртында арқандаулы тұрған торы атын әкеп ерттеп алды.
Ақөзектен қырық шақырым жерде, Ақтаста начальник бар 
деп еститін. Бар қорлығын соған айтпақ болып шауып жөнелді. 
Жақсылық үйден шыққанда, түс бола бастаған. Екіндіде началь-
никке келіп жетті. Милиция начальнигі жас жігіт екен. Пішіні 
қара – қазақ жігіті. Көзі үлкендеу, сөзі сыпайы, түсі жылы. 
Есіктен кірген жерден Жақсылық жылап, зарланып бетінің 
қанын көрсетіп, барлық көріп келген қорлық-зорлығын айтты.
Өне бойындағы жараны көрсетті. Ата-бабасынан бері қарай 
көріп келе жатқан іске шейін бәрі де ақтарылды. Ақырында 
тағы да жылады.
– Шағарым жоқ, барар жерім жоқ. Жалғыз сіздің панаңыз 
болмаса, қорғалар, тығыларым жоқ. Мені енді Ақөзекте 
де отырғызбайды. Елдің бар жуанының сөзі бір. Менің на-
мысымды, менің жоғымды жоқтайтын бір мұсылман табылар 
деп білмеймін. Есімді әпер, қолымды теңдікке жеткіз, совет! – 
деді.


180
Тағы да осы сияқты көп сөздер айтты. Барлығы да жуан-
дығы қалмаған елдің ішінде кедей көпшіліктің айтатын шын 
зары. Жуанмен ұстасқан кедей тентек болатыны, оның сөзі 
тыңдалмайтыны, есесі тимейтіні, ылғи ғана алдауға түсіп, 
көптің талқысынан шыға алмай, жуанға жем болатыны, сол 
көргенін ұлыққа да жеткізе алмайтыны – барлығы да айтылды.
Начальник басында арызшыға шала сенетін дағдысы бойын-
ша, бұған да сене алмай төрт бес сұрақ берді. Бірақ басындағы 
ажары сенімсіздеу Қараса да, Жақсылық көрген-білгенін 
күдіксіз қылып орнықты етіп, әлденеше айтқан соң, шын сенді.
Орнынан атып тұрып, үш милицияны шақырып алып:
– Әбіш пен Құрманды қазір барып ұстап әкеліңдер! – деп 
бұйрық айтты.
Жақсылық төбесі көкке тигендей қуанды.
Аздан соң үш милиция қылыштарын сартылдатып, мылтық-
тарын асынып алып, сатырлатып желіп жөнелді.
Жақсылық арттарынан қарап тұрып – үш жігітті өз кегін 
қуып бара жатқан ең жақын досы деп білді. Айдынды, алапатты 
пішіндеріне сырттан сүйсініп, соларды туғызған ата-аналары-
нан айналды.
Ертеңінде екі байды алып келген соң, начальник жер-
ге кіргізгендей қылып ұрсып-ұрсып, Жақсылықтың айызын 
қандырып келіп жауып қойды. Оларды жатқызып тастап, 
Жақсылық үйіне қайтты.
Талайдан ыза көрген сорлы бүгін Әбіш пен Құрманға не 
қылса да аямайтын сияқты еді. Алған кегіне ырза болған 
көңлінен анда-санда қуанышты жалын шығады.
– Енді сол екеуінен не көрсем де арманым жоқ! Әйтеуір 
ке гімді бір алдым, Ырзамын–ырзамын... Советім! Баяғыдан 
білсемші! – деп, Жолшыбай келе жатып жүз қайырып айтты.
III
Бүгін Әбіш аулында жиын бар. Жиын Қараадырдың 
барлық атқамінер пысығы, нелер ызғарлы жуан, нелер сұрқия 
партияқор, нелер пәле іздегіш қулар сақалдарын сипап, әркім-
әркімді қолға алып мысқылдап, кейбірі жымия күлісіп, кейбірі 
сұрланып томсарып, ақ үйлердің сыртында әр жерде топ-топ 


181
болып, күңкіл-күңкіл сөздер сөйлеседі. Бір болыс елдің жуан 
аталы мықтылары өздерінің ежелден келе жатқан әмірін сақтап 
қалмақшы. Бұрынғы уақытта, ешбір заманда көрмеген құқайы, 
естімеген пәлесі келді. Бір болыс елдің, бір беттің бұрынғы 
күннен бастығы болып келе жатқан жуан белі Әбіш болатын. 
Бүгін сол Жақсылықтай құнсыз-бұлсыз келімсектен көрмегенді 
көріп отыр. «Иттің ұлы-итақай» тең түсіп, қарсы сөйлеп, аз күн 
болса да жатқызып, жаза тартқызып отыр.
Бүгінгі күн асауларға ноқта киіліп, тоңмойынның сынған 
күні сияқты. Іштегі барлық қарсылық неше түрлі еппен, айла-
мен жол тауып, өз дегенін істеу керек. Көптің миын қатырып 
отырған – сол сергелдең.
Бір жолда ұлыққа шағып, тең түстім деп отырған 
Жақсылықты әлде болса қорқытып, ықтырып, ендігәрі мұндай 
істі істемейтін қылып алу керек. Құдайын ұмытпайтын, байы-
на қарсы келмейтін болуға керек. «Ұлыққа қазақ баяғыдан да 
шағысатын, ұлықтың жеңгені түбінде жеңген емес, онымен 
әбүйір алмайды.
Әлде болса неғылса да осы қарсылықты істеген 
Жақсылықтарды осы істі машық қылмайтын етіп бұқтырып, 
шошытып жіберу керек! Ниет осы.
Әбіш пен Құрман екеуі Жақсылық жаптырып қайтқаннан 
кейін он күннен артық начальниктің қолында тұрған. Жақсы-
лықтың жанжалынан соң екеуі жабылды дегенде, елдің барлық 
жуандары атқа мініп, Әбішті қуысатын болған. Әлде болса 
алыстан «жуан» деп дабырайтқан сөздер көп болса да, бұл 
күн ге шейін бұл елдің ішінде ешбір жуанға жүген-құрық ти-
ген жоқ. Сондықтан бұрыннан көп сөйлесіп, көп жүріп, көпті 
көріп кіріп-шығатын тесіктің жөнін көп байқағандықтан, елдің 
пысықтары Әбіш пен Құрманды іздеудің жолдарын тауып алды. 
Ел ішінде қызмет қылып тұрған қайсыбір «оқығандардан» на-
чальникке хат алды. Қаладағы таныстарына шауып, солар 
арқылы қағаздар түсіртті. Өздері барып кепілге сұрады. Не 
қылса да «жатып қалды» деген атты шығармаймыз деп, көптің 
намысы келетін істей көріп, жұмыла қуысты.
Бұл істің турасында Қараадырдың атқамінерлерінің ынты-
мағы бір. Себебі, биылғы сайлауда Әбіш жағы жеңіп шыққаннан 


182
кейін, екі жақ: «Енді партияны қояйық, берекелесейік, заман 
бізге жаман болып барады, тоқтасайық!..» деп табысқан. Сай-
лау үстінде сайлаушыдан да бұл адамдар бірталай қатты сөздер 
естіп, қаққы көрген. Көпшілігін жуан деп, қара тізімге тіркеп, 
сайлау басына жуытпаған. Бұған шейін баяғы бір желікпен 
еш нәрсенің нарқын байқамай, қызыл кеңірдек болып жүрсе 
де, нақ биылғы сайлауда арамтер болғанмен, игілігін өздері 
көрмейтініне көздері жеткен-ді. Содан кейін сыртқа: «Енді не 
болса да тыныш отырып, тыныш жүріп байқайық. Үндемей 
момын болып отырсақ, кім басымызға ойнайды?» деген 
дақпырттарын өзара табысқан-ды. Енді бірін-бірі қорғауға 
жұмылғанда, «ел берекесі» деген боп бірінің басына төнген 
қауіпті қалғандары бірігіп жеңілдету қарыз саналған. Оның 
ішінде, Әбіш сияқты топ басы жуанын мықты қылып ұстау 
мақұл. Ол сыртқа айдын үшін керек. Мұны ойласа, Әбіштерді 
әсіресе барлық ынта-пейілмен іздеу міндет.
Осындай көп себептер қамшы болып, көп ел соңына түсіп 
іздеген соң, байларды босатып алған. Бірақ босатарда началь-
ник Құрманның қолынан «Жақсылықтың шығынын төлеймін» 
дегізіп қолхат алып қалды. Ол Жақсылықтың тілегі бойынша 
істелген іс.
Сонымен бүгінгі күнде мына жиылысты шақырып 
отырған Әбіш пен Құрман елге келген соң, қолхат бойынша 
Жақсылықтың пұлын бермек керек еді. Құрман оны берген жоқ, 
сұрайын деген Жақсылыққа тағы да бұрынғыша зәрін шашып, 
маңына дарытпаған. Бұл төлеу былай тұрсын, енді Жақсылықты 
біразырақ көп жуанның талқысына салып, тәубесін есіне 
түсіру керек. Әбіш пен Құрман өз жақындарымен бұл жайдан 
ақылдасқанда: «Жақсылықты қайта ұлыққа бармайтын қылу 
керек», – дескен.
Сол ретпен Жақсылықтың ісін биылғы партияда Жақсылық-
ты өздеріне тартып алған Алатай аулынан көрген. «Солар 
қолтығына дым бүріккен соң барды, әйгпесе Жақсылыққа бұл 
қайрат қайдан келді?» – дескен.
Бір болыс елдің атқа мінерін жиюдағы мақсұт: бүгін «ел 
жақсыларының» берекесі шын болса, Әбіш пен Құрманның 
басын жоқтауларын тілемек. Бұлардың аулына милиция әкеліп 


183
ат ойнатып, байлатып отырған жауы – Жақсылық болса, соны 
сүйеп отырған – Алатай аулы. Содан арылып беруін сұрамақ. 
«Алатай аулы ұстап жүрген Жақсылық бізді жаралап отыр. 
Енді мынаған иелігі бар ма, жоқ па? «Иемін», – десе мынаның 
істеген ісі үшін, ағайын ауқымынан шығып, шеңбер бұзғаны 
үшін жауап берсін! «Жоқ, ие емеспін», – десе – Жақсылықтан 
былай шықсын, ие еместігін айтсын! Бұдан соң өз білгенімізді 
өзіміз істейміз», – деседі. Бүгінгі жиынның ортасындағы сөздің 
бір ұшығы – сол.
Жиын ішіндегі тілді-ауызды шешендер Алатай аулының 
адамдарымен сөйлесіп, арылып шықты. Олардың жауабы: «Біз 
Жақсылықтың бұл жұмысын білмейміз. Ақылдасып істеген 
іс емес. Өз бетімен істеген тентектігі. Мынау елдің береке-
бірлігінің үстінде сау басымызға сақина тілейік деген ниетіміз 
жоқ. Әбіш бізден көргенді қойсын! Араздық үсті болса бір 
басқа, сонда да біз ұлыққа шағып, дуанға шауып көргеміз жоқ. 
Өзі біледі!» – дескен.
Сонымен бұл арадағы қауымның түйінді сөзі бітіп қалды. 
Жуандардың бұрынғы бірлігі – бірлік, берекесі – береке болды. 
Сол ынтымаққа арнап сойған ақсарбас түгі қалмай желінді.
Бұл жолғы іс бір жерден шыққан соң, енді тамам елдің 
атқамінері бірігіп, Әбіш пен Құрманның кұнын жоқтамақ бол-
ды. Сөз сөйлене келе: «Жақсылықтың қылығы кісі өліміндей 
қылмысты жұмыс» болуға айналды. Ел ұйытқысын бұзып, 
ұлыққа шапқаны үшін не жаза істесе де рауа», – десті. Бұл 
Әбіштің басын жоймақ болған іс деп те танылды.
Сонымен барлық жиын көп сөздің артынан байлауын 
қылып, баталасып алды. Батаның серті – Жақсылықты ел бо-
лып жауламақ. Мына шырық бұзған қылығы үшін кезі келгенде 
кегін алмақ болысты.
Бұл ызғар, бұл доң-айбат ежелден дегеніне жететін – «көп 
қор қытады, терең батырады». Заңмен табан тіресіп қарсы тұ-
рып, бүгінде қолмен іс қылмаса да, Жақсылықтың емі осы 
десіп еді.
Шынында Жақсылыққа осының өзі де жеткілікті болды.
Күнде милицияға шауып, арқасын ертеңді-кеш соған тіреп 
отырса – бір жөн.


Сондықтан батаның артынан көптің байлауын айтып 
тілдескелі келген қу-пысықтар айтқанын істетті.
Желінген егіннің шығынын алмақ болып отырған Жақсылық 
енді бұрынғы егіндігінің бәрінен айырылды. «Бермесе қайта 
кел», – деген начальникке енді бара алмады. Шығын алу бы-
лай тұрсын, егінін жиып алған соң Ақөзектегі қорасын тастап, 
Әбіштің жерінен көшетін болды.
«Ұрысы жуан болса – иесі өледінің» аяғын құшып, егінін 
жиып алған соң, боқыраудың басында қызыл қарын жас бала-
сын шұбыртып, Жақсылық Ақезекті ықтиярсыз тастап көшіп 
кетті.


Аудармалар



187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет