198
Н а р ш а . Біздей жанның қайғысын не бөлу керек?
Сезбеймісің? Арғы атам Досаннан бері қарай дәулет қоры
үзілген емес. Қол-аяғым сау, басым аман. Өзім жас. Ағайынның
аялаған баласымын. Тоқпақ жалды торының үйіріндей қалың
Досанның ардақтысымын. Өзімдей салтанатты қайынға келіп
жатырмын. Қыз... Қызық... Айт пен той. Бірақ сонда да менің
арманым бар... саған соны айтпақшымын... Менің дертім –
Қаракөз!!!
А с а н . Қаракөз??!!... Қаракөздің төркіні олқы ма? Сән-
салтанаты олқы ма? Не болмаса ақ жүзінде мін бар ма, Қаракөзді
хор жігіті олқысынбаса, кім олқысынады? Жас жігіттің алтын
тақ пен тәжі Қаракөздей-ақ болады да, не мін таптың?
Н а р ш а . Қаракөзде мін жоқ. Қаракөздің ақылы мен көркі
мен түгілі менен зор хан-қара, би-төренің қайсысына болса
да олқы келмейді. Оны білемін. Қаракөздің мені сыртымен
күтуінде, жар есебінде қадірлеуінде мін жоқ.
А с а н . Енді не жетпейді? Тойымсыз көңілің енді не тілейді?
Қарауылдың асылы, күміс бәйтерегі, бұлбұлы Қаракөз екен.
Сен оның алған жары екенсің, өзіңді жар деп қадірлейді екен*
енді не тілейсің? Мен ұқпадым.
Н а р ш а . Рас айтасың. Қаракөздей асыл жоқ. Бірақ Қаракөз
қара түнде жанған от болды. Мен сенделіп ұшып қанаты
шарпылған көбелек болдым. Қаракөз мені тақымына толтырма-
ды... Жүрегінде жалын бар. Сұлу Қаракөзің мені жатқа балады.
Жаным деген жақыны бар... Менің қайғым сол. Асылдың екі
бірдей сүйгені бола ма екен? Мен нені місе қыламын? Алған
жардың көңілінде бірдің өзі болмасаң, маған тіршіліктің несі
сән.
А с а н (
Достарыңызбен бөлісу: