221
Н а р ш а . Сырымның ежелгі елі: ұзатылып сыңсыған қыз-
бен күйеушілеген бозбала, оның туған-туысқаны, елі-жұрты
қы зығы да сол. Ол өзге жұрттың жақсы-жаман дегенін ескерген
емес, мен білген Сырым болса, осы шымылдық ішінде солар да
бар...
II көрініс
Үлкен шымылдықты екі жағынан екі қатын ұстап әкеле жатады.
Шымылдықтың артында сәукелелі келін, қасында қыз-келіншектің үлкен
тобы. Қаракөздің жанында Сырым құшақтап келеді. Өзге қыз-келіншектермен
салдар құшақтасқан.
Н а р ш а (
Асанға
). Сырым ойын-сауықтың перісі болып
кетсе де, осы мына шымылдықтың ішінде келе жатқаны тым
сыпайы емес шығар. Әнеугі тойдағы тілі үшін, бүгін бір кезегін
алар орның келді. Енді бір қаруын алып қал...
С ы р ы м (
Шымылдыңтың ішінде Қаракөзге
):
Өз елім дер елім жоқ,
Туысқан-туған менде жоқ.
Осы сені қуантқан жерде қуанып,
Сені уатқан жерде уанып,
Жүрсем маған со да жетпей ме... Сен көргенді мен көрмей-
тін не қасиетім бар... Жұрт не десе о десін, мен де осы шымыл-
дықтың ішінде сенімен бірге кеттім... (
Қыз-келіншек күледі.
)
Тек осы шымылдық осы күйінде алдымда желбіреп отырсын,
ақыретке апарса да соның жетегімен ере берем.
Д у л а т (
Қасындағы келіншегін сүйіп алып
)
.
Мына қалқа-
лармен қайда барсақ та арман емес.., шұбата бер шымылдықты...
(
Үлкендер жиынының алдына келіп, шымылдық тоқтайды.
)
А с а н (
Достарыңызбен бөлісу: