226
Ешкі берсең сарыдан,
Мол қолда бол жарыған.
Түсін атап,
енін айт,
Асып кет те бәрінен.
Беремін деген қай қатын,
Шығарып беріп жанынан.
Бергенім осы менің дер,
Алыстан келген кей қатын?
Берер едім аямай,
Жақын
емес елім дер,
Бермеймін деген кей қатын?
Дүниенің билігін,
Үйдегі білер ерім дер.
Сылтау қылып кейбірі:
«Өкпелімін бұл тойдан,
Беретін жоқ жерім» дер.
Желдірітпелеп кейбірі,
Сабыр қылып тұратын.
Берейін саған кейін деп.
Кейін барып сұрасаң:
«Ойнамай жүр менімен,
Мен емес сенің теңің» дер.
(
Жұрт күліседі
) Жалпы жұртқа бір сәлем. (
Келін сәлем
етеді.
)
Т ұ р с ы н . Асан! Енді балаларды шаршаттың ғой деймін,
өлеңің бітті ғой... Енді рұқсат қылайық. Үйге кірсін. (
Бұл
уақытта Мөржан бәйбіше де нөкерімен келеді
.)
ІІІ көрініс
А с а н (
жұлып алғандай
)
.
Өлең біткеннен Құдай сақтасын.
Біздің өлең бітпейді, әншейін өздерің үйге кірсін демесеңдер.
Мен ала қаптың аузын жаңа ғана ағыттым! (
Бұл уақытта
үлкендер шетке таман шығып жол береді. Келіндер үйге та
-
ман жүреді.
)
А с а н (
шырқатып әндетіп
)
:
Сал бар ма бұл Арқада Асан салдай,
Алдына келе жатыр ақын салмай.
Асанның Қаракөзге сөзі көпті,
Шығарсақ қырмызыдай талдай-талдай.
(
Келіндер отауға таман келгенінде
)
:
Жаңа
өмір мына туды атқан таңдай,
Балалық дәурен өтті, кетті шалғай.
Қызыл жібек шымылдық мұнда әкелді,
227
Ақ үйің алтын сарай енді болғай.
Ағайын тілеуіңде бірі қалмай,
Көп
тілеуі қалған жоқ, сірә, болмай.
Атта да оң аяқпен босағаңды,
Тілеп кір: «Бере гөр деп өмір балдай».
Қ о й с а р ы . Бәрекелді... Жақсы айтасың, айтқаның келсін,
қарағым. Келін! Осының тілегін сен де тілек қыл... Артыңды
онда көгертіп, алдыңды мұнда жасартсын; «келіннің аяғынан,
қойшының таяғынан» деген; келген ауылың түгіл, еліңнің құт
берекесі бол (
Достарыңызбен бөлісу: