Күрсініп, қайғырып
)
.
Апа!! Қойсаңшы... Мен ау-
ырлаймын. Әдейі айтамысың, бейшара? Онсыз да тынысым
тарылып, үміттен айырылып болғаным жоқ па? Әл-қуаттан
да ажырадық. Намыс пен қайғы, өкініш пен арман бір жесе...
қалған қуатын өзім тауысайын деймісің?
Асан, Сырым, Дулат кіреді. Бұлар сал киімін тастаған; белдерінде қанжары
бар, Сырым жүдеу, өңі сұрланған. Үйдегілер кісіге орын береді, амандасады.
V көрініс
С ы р ы м (
Қаракөзді көріп басын төмен салбыратып,
жылап
)
.
Жалғызым, сені бұл күйде көргенше шыққыр көзім,
шықса етті... Нені күтіп жүргенмін мен (
Қаракөз ыңырсып ән
салғандай болады, әлсіз.
) Мен арсыз жетеріме жеттім ғой... Ел-
жұрттан безетін күннен соң, жеті күн осы ауылдың маңайынан
кете алмай, төбесін көріп қана қаңғып жүргенде неге өлмедім.
Қ а р а к ө з (
Шошып, жылап отырған Сырымды көріп
)
.
Жылайды екен!! (
Сырым қарайды.
) Иә... иә... (
Қадалып қарап.
)
мені сені көргемін... тоғайда өлең айтқан... тоғайда осы кісі
көп... қызыл шапан қайда?? Тоғайда... торғай...
245
Д у л а т (
Қойсарыға
)
.
Оңалайын дегені бар ма?
Қ о й с а р ы . Осы қалпы ғой басынан... Осы күнде төмендеп
бара жатқан сияқты.
Н а р ш а . Сырым... Заманын бір кұрбымсың... Құдай кеш-
се, мен кештім.., кешпейтін не шарам бар. Бұ күнде қайғылы
дертті, жалғыз Қаракөз емес, мен де осының ауруынан
екіталайдың үстіндемін. Естіп те жатқан шығарсың, сен екеуің
өзге жаннан бөлек жаралып едің... ел ұқпады... біз де ұқпадық...
екеуіңдегі желік емес... дерт еді. Өмірің кызық емес, қайғы еді...
Қаракөздің сау күйінде өзі айтқан сөздерінен сезуші едім.
С ы р ы м . Рас айтасың, ол күнгі жүрісте мұқыл дүние
білмеген, әке-шеше білмеген сыр, қайғы екеуміздің ғана
ішімізде болушы еді. Жас күнімізде екеуміздің де бір аурудан
шешеміз өлді. Өлген анамызды іздеп, екеуміз оңаша жер болса,
ән қосып жылаушы едік. Сол күймен ересек болдық, ержеттік.
Бір күні Қаракөз қыстыгүні ауыл қыдырамын деп қатты суық
боранға кез болып, адасты, іздеген кісі таппады... Бір күн, бір
түн боран айықпады... Қаракөзден ел күдерін үзді. Әке-шешесі
іздеуден қалды. Сонда сол күндер, күні-түні тыным алмай мен
іздедім... Үсіндім... Таптым.., аман алып қалдым... өлім аузынан
алып келдім. Сол жолы мен Қаракөзді, Қаракөз мені тапты... Ол
жыл былтырғы өткен жылдың қысы еді... Бірақ өзімнің ешкімге
мойынсынбаған көңіліммен, бізді құдайдың өзі табыстырды...
біз ақыреттен табысып келдік дедім. Мен асылық істедім...
Ақырында ұшырадым... Ұшыраттым (
Күрсініп тоқтайды.
)
Н а р ш а . Сол Қаракөзді бір жағы сенің қайғың шатастыр-
са, бір жағы біздің шошытқанымыз, біздің қорлауымыз... кісен
мен ұрысымыз болды. Бұ күндегі Қаракөз мынау... (
Күрсініп.
)
Естіпсің. Сарғайған жүздей, сарылған қайғылы мен де тұлыпқа
мөңіреген сиырдай сол дерттің ұшығын ұстаған ауру болдым...
қор болдым... сен келсе, Қаракөз әлде айығар, әлде жазылар деп
едім... Екеуің бір-біріңе қайғы үстінде сүйеу болып едің. Өзіңді
танытып көр! Ескіні есіңе түсіріп көр!
Қ о й с а р ы . Иә, ескіні қозғап есіне салса бірдеме болар ма
еді?! Қарағым Сырым.., сен Құдайдан да, адамнан да жасырған
жоқсың ғой; өзіміздің сезбестігіміз болмаса, сен бойыңды
бұрын да тасалаған жоқ едің, енді бауырыңа тартып, ой салып
көр... (
Сырым басын төмен салып, жылап отырады.
)
А с а н (
Сырымға
)
.
Сырым, шақырып көрсең қайтеді?
246
Т е к т і . Иә, шақырып, қасыңа алып көрсең, атыңды айтсаң..,
есі кіріп бірдеме дер ме еді, әлде?
Д у л а т . Есіл алмадай перизат... Жүзіне қарауға жан шыда-
майтын болған-ай!! Сырым, «Қаракөздің моласын көріп өлсем,
армансыз болам» деп едің, енді тірі көзін көріп отырсың ғой...
Бірдеме десеңші.
С ы р ы м (
Достарыңызбен бөлісу: |