Гімелер, аудармалар


тау басынан ұшып  келем, жерде тоғай... тоғай... көп



Pdf көрінісі
бет48/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106

тау басынан ұшып 
келем, жерде тоғай... тоғай... көп
 
тоғай (
Сыбырлап, көзін төрге 
қадап, ақырын жүріп

қолмен ишарат қып.
) Шақырады... иә-
иә... барамыз

келе
 
жатырмын... тоғай (
Асанның үстіне келеді

А-а-а?!! Қайда кетті?..
А с а н (
шегіне
)
.
О не, қарағым?.. Қаракөз. Шатасқан ғой...


243
Қ а р а к ө з . Солай ма?!! Солай шығар... Шақырған жоқ қой. 
(
Қойсарыға қарап.
) Ұят-ай! (
Бетін басып Асанға.
) Асан!!!
А с а н . Жаңа кісі таныдың... Кей уақытта танымай қоясың, 
танып жүрсеңші, қарағым.
Н а р ш а . Кісіні таниды... бірақ елемейді... танығанын 
білдірмейді... әйтпесе оңашада: «Кім келді, кімді көрдің?» 
десең, бәрін айтады. Бір алуан қылып берген дерт қой құдайдың.
Қ а р а к ө з (
Асанға
)
.
Асан!.. Маған (
Наршаны көрсетіп

кісіге ән салып беріңізші... ән... ән!!.. (
Әлсіреп, төсегіне барып, 
жығылыңқырап, әлсіреп барып сүйеніп жантаяды.
)
Н а р ш а . Асанды көрген сайын «ән сал» дейді... Ескі 
күннен бұлдыр болып есінде қалған нәрсе осы (
Асан домбыра
-
сын күйлейді.
)
Қ о й с а р ы (
Асанға
)
.
Салып бер бір әнді... аз да
 
болса 
көңілдері сергісін... Шіркін, бұл басы ертегідей-ақ, қызық күн 
болып басталып еді-ау...
Н а р ш а . Уһ-уһ... Көрер көзге мен жұбанар ештеңе болмаса 
да, соның бір күні келсе де, мың күн қайғыны ұмытар едім-ау... 
(
Аз тым-тырыс.
) Асан, айтшы бір ескі әнінді.
А с а н . Қай әнді айтамын... айт дегенмен, көбі тыңдалмай 
қала беретін... сонда да көңіл аулайық.
Н а р ш а . Сен болмасаң маңайымыз тұлдыр болған жоқ па? 
Біздің басымызда жалғыз сен-ақ қалдың ғой... Біз кім болдық 
бұл күнде?
А с а н (
ән шырқатады, Қаракөз селк етіп, қалғығандай бо
-
лып отырып қалады
)
.
Жігіттің падишасы, Әмір-Темір,
Бозбала әнге салсаң қайғың кемір.
Құданың бергеніне сансыз шүкір,
Көңілім бұрынғыдан биыл тәуір.
Н а р ш а . Былтырғыдан тәуір болған көңіл әдіра қалсын да, 
не деп айтқан өлеңің.
А с а н . Олай болса (
ән
):
Шүкіршілік бергеніне зұлжалалым,
Ойында еш нәрсе жоқ бозбаланың.
Қайтейін жас дәуреннің жәрмеңкесін,
Шетіне шығып қалдық ду базардың.
(
Қаракөз ақырын ыңырсып отырады. Текті кіреді.
)
Т е к т і . Сен не деп ән салып отырсың, бұл үйге ендігі 
жетпегені ән бе еді?!


244
Қ о й с а р ы . Бәйбіше, әдейі айтқызып отыр.
Н а р ш а (
Асанға
)
.
Дәурен өткен соң, ән де ажарыңнан айы-
рылады екен-ау, тіпті, бұрынғы ән сияқты болып селт еткізбейді.
Т е к т і . Ән еститін бізде не көңіл қалды? Уһ-уһ. (
Тым-
тырыс.
)
Н а р ш а . Жаратқан ие айығар ма? Бұл тұман сергитін 
күн болар ма? Мен де адам санатына қосыламын ба? Жоқ па? 
(
Күрсініп аунап.
) Неге келмей жүр... Келмей ме әлде?..
Т е к т і . Қарағым тыныштық ал... Жаңа бір-екі атты келе жа-
тыр еді... Асан, білші кім екен?
Қ о й с а р ы . Асан, білші кім екен? (
Асан шығады.
)
ІV көрініс
 
Асаннан басқалар.
Т е к т і . Қаракөзге істемеген ем жоқ. Бақсы-балгер, қожа-
молдалардан келгені, бақпағаны жоқ. Біз де тоздық. Бейшара бұ 
да тозбай ма? Шошитыным, нағашы шешесі осындай науқастан 
өліпті ғой. Бір жағы қай десеңдер де, шошығаннан болса да, бір 
жағы сол ана жағынан келген дерт бар ғой.
Н а р ш а (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет