Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет55/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   106
Қарагөзге
)
.
Көрмесем деген зауал шаққа жетем 
бе? Не боламын сонда мен?
Қ а р а г ө з . Қайран, Сырым, жан Сырым!.. Жат тағдыр жат 
ететін шаққа жеткізді ғой мені саған.
С ы р ы м . Не дейсің сен, Қарагөз? Арыздаса келіп пе ең 
менімен? Айрылысар шақ жетті деп тұрсың ба?
Қ а р а г ө з . Менде ерік қалды ма?
С ы р ы м . Солай деп көнбіс боласың ба? Өртегелі келдің бе 
мені?
Қ а р а г ө з . Бірге өртенгелі келсем ше?.. Бізден аяған от бар 
ма?
С ы р ы м . Соның үстіне өзің де көнермен боп, менің 
көңіліме тағы бір от тастап тұрған жоқсың ба?
Қ а р а г ө з . Жаным, Сырым қызғанышың балалықтай ғой.
С ы р ы м . Я, мен қызғанамын. Мал қызғанбаймын, жер 
қызғанбаймын, жанып кетсін дүние-мүлік, барлық тірлік – 
бірін де қызғанбаймын! Бірақ бір сені бар әлемнен қызғанамын, 
бар дүние көзінен қызғанамын! Қорғағым, қоршағым келеді 


260
қанатым астында. Бөтеннің көзінен де қызғанамын. Бұл 
қызғаныш – табынатын тәңірім бүгін дәл менің! Сен не деп 
тұрсың? Менен сені айыратын жанның жазығы жоқ – Наршада 
айып жоқ демексің бе?
Қ а р а г ө з . Ол жанның дәл өз басында, шынымды айтам, 
әлі мен айыптар сұм-сұмдық мінез көргенім жоқ.
С ы р ы м . Не дейсің, Қарагөз?! Қайтіп қана, қандай ғана 
отқа өртеп тұрғаныңды білемісің сен мені? Одан да салсаңшы 
мына сапыны менің жүрегіме!
Қ а р а г ө з . Олай деме, жаным Сырым!.. Менің бар дүние-
ден бөліп-жарып алғаным – бір ғана сен өзіңсің? Қандай азап 
көрсем де, қай қайғыда тебіренумен жүрсем де, жүрегімнің 
түбінде құпия боп тығылған жалғыз бір сәулем бар. Өз ішімде 
жанған сол күнім, сөнбес жарығым бар. Әр қайғыда, қауіпте, 
әртүрлі қыспақта «сол жарығым, сәулем бар ғой» деп күйінген 
жаныма жұбаныш табам... Соным – өзіңсің, сен ғанасың! Бірақ 
Наршаны кінәламаймын дегенім – айтқаным айтқан. Ол топас 
болса, озбырлық, зорлық, қара күш иесі болса, оңай еді барлық 
емі. Ол мені өзгеше бір момындық, жуастық майдалығымен 
тұсағандай болады (
Екеуі айналып кетіп қалады
.)
Д у л а т (
Ақбалаға иіле беріп
)
.
Жаным-ау, әлі осы мен ай 
қарап тұрмын ба? (
Өлеңдетіп.
)
Күндіз-түні шарлап,
«Қыз-қыр-ай» деп жас парлап,
«Ақтамақ» деп жыл сарнап!» –
жүргендегі іздегенім – осы отырған Ақбала... Бәйтеректей жа-
панда, жалғыз біткен тақбала... емес пе еді? (
Аймалайды.
)
А қ б а л а . Адасып жүріп айға бата қылғандай, аяқсыз жүріп 
кез келгеніңді мен қайтейін. (
Құшағынан босанады.
) Біз десең, 
бұрын көрмеп пе ең! (
Күледі. Бұл топ сейіл қып құшақтасып 
өтіп кетеді.
)
С ы р ы м . Мен бұл шаққа дейін сағым қуған Сырым едім. 
Тек сені ғана тапқаным өмір таңым атқанын, ашық арай алтын 
күнім туғанын аңғартпап па еді маған? Кеше ғана сәтке ғана 
адасып жүрген жанымның бағы ашылып, күні туыпты. Сен 
емес пе ең сол жаным тапқан жаннатым? Содан бері мен түк 
дүниені көрмеймін де сезбеймін. Бар-бар айналадан бір сені
сені ғана көремін. Мен сені үнемі көрем – далада, ауылда, қара 
түнде, иесізде, айдалада, елсізде, әрбір салған әнімде, тартқан 


261
күйімде ұдайы көз алдымда өзіңсің! Қарайсың да тұрасың... 
Солайсың сен, ару Қарагөз! Қарагөз ару асығым!..
Қ а р а г ө з . Есіл Сырым!.. Сен осындай болмасаң, мен мұн-
дай зарлық болар ма ем?!. Жаңағы бар сөзің – менің аузымнан 
шық паса да, жаныммен күнде құпия сыбырлап, жалбарына ай-
тып жүрген жайларым ғой! Кеше ғана сыр ашысқан сорымыз 
да!
С ы р ы м . Сені қара түнде, ақ боранда, қатер үстінде ажал-
дан айырғанда, адасқан далаңнан тапқанда, «енді айырылмас 
боп табыстық» демеп пе ем мен ішімнен!
Қ а р а г ө з . Маған да сен болмасаң, өзге кісінің басы қайғы 
болар ма еді?
С ы р ы м . Маған барыңды айтып кет. Мені неге келтірдің? 
Кешегі қорғаншақтық болса, неге шақырдың бүгін мұнда?
Қ а р а г ө з . Сағындым, көргім келді, ынтыға сағынамын. 
Есім кете сағынамын, жан құштарым! Сол үшін шақырттым... 
Әйтпесе менен бір ой шығады дедің бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет