256
қызық... думан, той. Тек сонда да менде арман бар. Саған соны
айтпақпын. Менің дертім – Қарагөз...
А с а н . Қарагөз! Қарагөздің ақ жүзінде мін бар ма? Оны хор
жігіт олқысынбаса, кім кемсінеді? Ер жігіт арман етер алтын
тақ, иран бақ Қарагөздей-ақ болмас па? Не мін таптың?
Н а р ш а . Рас, Қарагөзде мін жоқ. Қарагөздің ақылы мен
көркі мен түгілі менен зор хан-қара, би-төренің қайсысына бол-
са да олқы келмес.
А с а н . Енді не жетпейді? Қарауылдың асылы, күміс
бәйтеректегі бұлбұлы Қарагөз болғанда, сен оның алған жары
екенсің, не тілейсің? Мен ұқпадым.
Н а р ш а . Қарагөз ақылымен, мінезімен тұсау салып тұр ғой
маған.
А с а н . Ой,
тәңірі-ай, ақ батамен қосылған, ақ адал малы
төленген, күйеуі ұрын келген қалыңдық қайтып қапа, не деп
қана тұсаушы еді сендей – нардай жігіт күйеуін?!
Н а р ш а . Өзге кебін айтып ие қылайын. «Көңілімді ала
алмасаң,
қарамасаң қабағыма, мені құшпайсың, маған берген
малыңды құшасың», – деді ғой.
А с а н .
М а т а й .
Бұл қалай дегені! Қандай сөз бұл?
Н а р ш а . Бәсе қай қалыңдық аузынан шығатын сөз еді?
Бірақ сол сөз шықты ғой Қарагөздің аузынан.
А с а н . Е, салмайсың ба тыйымды? Тартқызбайсың ба он-
дай қырсық мінез сазайын?!
Н а р ш а . Қара күш пе, зорлық па?.. Зорлап құшам деп
келдім бе мен өз жарымды.
М а т а й . Е, ата-баба жолы, кәне?
Тіпті не деп тұрғанын
түсінбедім-ау осы мырзаның! Сазайын тарттырып, жазасын
беріп салмаушы ма еді түзу жолға?
Н а р ш а . Оған қалса – ашудан, қамшыдан оңай не болушы
еді! Бірақ Қарагөз ол құралды алып тұр ғой қолымнан.
А с а н . Қалайша? Бұл қалай болғаны?
Н а р ш а . Ол сондай мінезді, биязы, нәзік. Бір ауыз қатқыл
мінез қатаң сөз қатпастан, үзіліп-талған, өзек жарған асыл
сөзбен, әйел баласынан өз басым
көріп-білмеген сыпайылық
әдеппен жүйкемді құртып тұрған жоқ па?.. Тек бірақ... әттең,
бірақ сөйте тұрып сұлу Қарагөздің өзі және мені жатқа бала-
ды ғой. Жаңылмасам, жаным деген жақыны бар. Менің қайғым
257
сол ғой. Алған жардың көңілінде, талассыз, зорлықсыз еркін
көңілінде бірдің өзі болмасам, маған тірліктің несі сән?! Бұл
келген, күйеушілеген келістің несіне қуанайын?!
А с а н . Осы елдің сенімен бақ-талайын таластырар асылы
кім? Соны айтшы маған?
Н а р ш а . Кім екенін білмеймін.
М а т а й . Кім екені белгісіз. Бірақ соны білу керек. Сен
таппасаң табар жан жоқ.
Н а р ш а . Аты-түсі белгісіз болса да, бақ-талайы асқан
дұшпаным бар.
А с а н . Қарагөздің елінде атағы шыққан жас пері – Сырым
бар. Ол жаланған ер, жалындаған ақын, салтанатты сал Сы-
рым... Өз ауылы «тентек» десе де, ол сұлудың албастысы.
М а т а й . Сырымық не? Оны не деп айтасың?! Ол да Өсердің
бірі емес пе?
А с а н (
жарыса
). Рас, Сырым болуға қисын жоқ. Ол қыздың
ағайыны. Аралары неше ата екен осылардың? Тым жақын емес
те ғой өздері.
М а т а й . Неше ата болса да, Өсер ауылы бір-бірінен қыз
алысқан емес қой.
Н а р ш а . Және шоқтай тұтас бір үйір емес пе бұл ауыл?
А с а н . Солай... Жеті атаға жетпей, қыз алысар бұлар емес.
Оған жеткенде де құда болыспайды ғой мұндай ауыл. Ал тегі
(
Достарыңызбен бөлісу: