ГЗЖБ пайда болу себептері ГЗЖБ пайда болуында генетикалық механизмдер маңызды рөл ойнайды. Егер осындай баланың отбасында балалық шақта осындай проблемаларды бастан өткерген жақын туыстары болса, гипербелсенділіктің даму қаупі шамамен 30% құрайды.
ГЗЖБ пайда болуына алып келетін жағдайлардың жартысының жуығында жүктілік пен босану кезінде болған келесідегідей қолайсыз факторлар жетекші рөл ойнайды:
ұрықішілік гипоксия (оттегінің жетіспеушілігі); түсік түсіру қаупі; жүктілік кезінде ананың темекі шегуі және дұрыс тамақтанбауы;
жүктілік кезіндегі стресс;
баланың шала болып туылуы (баланың салмағы 2500 г-дан төмен болып туылғанда);
мерзімінен бұрын туу немесе ұзақ уақытқа созылған босану, туу белсенділігін қолдан ынталандыру.
Отбасыда жиі болатын шиеленістер мен қақтығыстар, шыдамсыздық пен шамадан тыс қатаңдықтар баланың осы ауруының дамуына өз үлесін қосады.
Тәрбиедегі қателіктер:
Тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы (аталар мен әжелердің, әкелер мен аналардың, тәрбиешілер мен мұғалімдердің тәрбиелеу тәсілдерінің әр түрлі болуы).
Балаға қойылатын талаптардың тиянақсыздығы (ережелер үнемі өзгеріп отырады, бала оларға үйреніп үлгірмейді).
Агрессияны басқару бойынша білім мен дағдылардың болмауы және оларды балаларға үйрете алмау.
Эмоционалды жылудың болмауы: гипербелсенді бала тіпті ең жақын адамдарының өзін жиі шаршатып, қатты ашуландырады.
Емдеу және түзеу қағидаттары
ГЗЖБ-ін емдеу жан-жақты болуы керек, яғни оған медициналық терапия да, психологиялық түзету де кіруі тиіс. Ең дұрысы, бала дәрігердің және психологтың бақылауында болып, ата-аналардың қолдауын сезінуі және олардың емінің оң нәтиже беретініне сенуі тиіс. Бұл қолдау балада емдеу процесінде пайда болатын дағдыларды нығайтады.
Дәрі-дәрмектерді қатаң түрде дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек екенін есте ұстаған жөн.
Гипербелсенді балалардың психологиялық ерекшеліктері. Олар сөгіс пен жазаға қарсы болып, аздаған мақтауға үлкен мән беретін болады. Бұндай балаларға нұсқауларды анық, нақты етіп тұжырымдап, мейлінше қысқа етіп айту қажет (он сөзден артық болмауы керек), әйтпесе олар сізді тыңдамайтын болады. Ата-аналар оларға біруақытта бірнеше тапсырманы бермей, бір нұсқауларды жеке –жеке беруі тиіс.
Ата-аналар тамақтану, серуендеу, ойнау, үй жұмыстары, ұйықтау уақыты секілді күн тәртібінің сақталуын қадағалап, күн режимін нақты реттеуі керек.
Артық энергияны шығару үшін балаға жаттығу жасауға, ұзақ уақыт серуендеуге, жүгіруге мүмкіндік беріңіз.
Мінез-құлықты түзеу үшін баламен талқылай отырып, жақсы және жаман мінез-құлықты көтермелеу және жазалау жүйесін қолданыңыз; сонымен қатар балабақшада және үйде балаға ыңғайлы болатын жерге мінез-құлық ережелері жиынтығын орналастырып, содан соң баладан оны дауыстап айтып беруін сұраңыз. Бір нәрсеге тыйым салу кезінде тыйымдардың көп болмауы шарт. Тыйымдар баламен алдын-ала келісіліп, нақты түрде тұжырымдалуы керек және бала осы тыйымдардың бұзылу салдарын білуі керек. Жаза дұрыс емес мінез-құлық жасалғаннан кейін бірден, яғни, теріс қылық жасалғаннан кейін бірден қолданылуы керек, әйтпесе бала не үшін жазаланғанын түсінбей қалуы мүмкін.
Тапсырмаларды орындау кезінде балаға артық жұмыс беріп шаршатуға болмайды, себебі, онда гипербелсенділік күшейіп кетуі мүмкін. Көпшілік жиналатын іс-шараларға тез қозатын (тез ашуланатын) балалардың қатысуын болдырмау немесе шектеу қажет.
Бала ауырған кезде оны бағынбағаны үшін ұрысу пайдасыз ғана емес, сонымен қатар зиянды болады. Мұндай жағдайларда балаға тек қылықтары үшін оң баға, теріс баға (Мысалы, "Сен жақсы баласың, бірақ қазір сен мынаны дұрыс жасамадың, негізі былай әрекет етуің керек еді...")беріп, бағалауға болады.. Қандай жағдай болмасын, өз балаңызды төмен бағалап,оны басқа балалармен ("Леша жақсы, сен жамансың!» деген секілді) салыстырмаңыз.
Теледидар мен компьютерлік ойындарды көру және ойнау уақытын қысқарту ұсынылады. Гипербелсенді бала үшін теледидарды ұзақ қарау да және компьютерде ұзақ шұғылдану да шектеулер болуы тиіс (ол компьютерде неғұрлым көп уақыт өткізсе, оның эмоционалды қозуы соғұрлым жоғары болады және оны тыныштандыру соғұрлым қиын болады).
Жоғары талаптар мен шамадан тыс оқу жүктемелер баланың тұрақты шаршауына және онда оқуға деген жиіркеніштің пайда болуын алып келетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан бұл балаларға топтағы, сыныптағы балалардың ең аз санымен, ең аз сабақ ұзақтығымен және т. б. оқу режимінің аялауыш тәсілін қолдану ұсынылады.
Бала үйге келгеннен кейін оған кем дегенде бір сағат назарыңызды салыңыз. Осы уақыт ішінде бала сізге күні бойы өзін не мазалағанын айтып береді. Ұйықтар алдында (2-3 сағат бұрын) баламен серуендеп, ақырын сөйлесу және оның әңгімесін тыңдау арқылы оның көңілін аулаңыз. Шамадан тыс стрессті жеңілдету үшін үнемі тыныштандыратын массажды немесе бойын босаңдататын жаттығуларды жасаңыз. Бұндай балалар әдетте қорқақтау болады. Сондықтан оларға сіздің қолдауыңыз бен мақұлдауыңыз үнемі қажет.
Кейбір балалардың гипербелсенділігі "артта қалып", жасөспірім шағында олардан осы белгілері жойылады. Бірақ ГЗЖБ -мен ауыратын балалардың жартысында осы белгі жасөспірім шағында да, ересек шағында да (әсіресе егер сіз оларды емдемесеңіз)көрініс табуы мүмкін.
Гипербелсенді бала балаларға арналған ойындардың мысалдары: