Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігінің белгісі



бет6/7
Дата03.12.2022
өлшемі34,13 Kb.
#54535
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Гипербелсенді бала

"Тауға өрмелеп шығушы"
Қатысушылар бос қабырға бойына жармасып, оған бір уақытта кем дегенде екі аяқ және бір қолмен таянып тұруы керек. Бір уақытта бір аяқ пен қолды қозғаған немесе жылжытқан адам «құлаған» болып саналады және стартқа оралады. Қарсы бұрышқа бірінші жеткен команда жеңіске жеткен болып саналады.
XXI ғасырда ерекше қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруіне жаңа мүмкіндіктер ұсынылып келеді. Нақтырақ айтқанда, олар кәдімгі мектепке дейінгі мекемелерге бара алады. Осы кезде инклюзивті білім беру жүйесі ерекше балалар үшін қоғамға ықпалдасудың жаңа тәсілі ретінде қарастырылатынын айта кеткен жөн.
Бұл жүйенің басты ерекшелігі балалардың диагнозын қиындық деп қабылдамай, керісінше оны танып білудің жаңа мүмкіндігі деп қарастыру. Халық арасында осы түсінік қалыптаса бастаған кезде, ерекше жандарға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Дегенмен, мектептердің жағдайы ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қабылдауға әлі дайын емес.
Гипербелсенді баланы тәрбиелеу оңай емес. Р. Кэмпбелл айтуы бойынша ата-аналар төмендегі 3 қателікке жол береді:

  • олар ақыл айтып, бақылап жүріп, онымен әңгімелесуді ұмытып кетеді,

  • бала тәрбиесінде қатаңдық таңытпай, оның тәрбиесін үнемі қадағалап отырмайды,

  • ашуын бақылауда ұстаудың дағдыларын үйретпейді.

«Ашуды бақылауда ұстау» атты кітап авторлары баланың ашулы кезінде ата-аналарға тиімді және тиімсіз қарым-қатынас түрлерін мысал ретінде ұсынады:
Тиімді:

  • балаға тынышталуға мүмкіндік беру;

 баланың дәлелдерін зейінмен тыңдау;
 өзінің сезімдерін анық және дұрыс жеткізу;
 қалыптасқан жағдайдан шығудын дұрыс жолдарын көрсету;
Тиімсіз:

  • баланы жазғыру;

 оны мұқатып, келтірген дәлелдерін күлкіге айналдыру .
Зейін жетіспеушілігі синдромы бар балаларды емдеу мен бақылаудың жүйесінің әлі де зерттелмеуі бұл аурудың патогенезінің анықталмағанымен байланысты. Оны емдеудің дәрімен емдеу және дәрі-дәрмексіз емдеу әдістері белгілі.
Дәрі-дәрмексіз емдеу әдістерінің қатарына психотерапиялық, педагогикалық, нейропсихологиялық коррекция жатады. Гипербелсенді балаға 12 баладан артық емес топта, сабақ ұзақтығы 30 минутқа дейінгі уақыт аралығы және бірінші партада отыру ұсынылады. Себебі бұл баланың мұғалімге қарап отырып, зейіннің шоғырлануын қамтамасыз етеді. Ата-аналармен психотерапиялық жұмыс жүргізу барысында баланың іс-әрекетін «бұзықтық» деп қабылдамай, оған түсіністікпен және сабырлы көзқараспен қарау керектігі айтылған жөн. Сондай-ақ ата-аналар гипербелсенді баланың күн тәртібінің сақталуын, яғни ұйқыға, демалуға жеткілікті уақыт бөлінуін қадағалау керек. Осы орайда гипербелсенді балалардың ашушаң, қозғыш екенін естен шығармай, адамдар көп жиналатын іс-шаралардан алыс ұстағаны дұрыс. Мұндай балаларда зейін шоғырлануында қиындықтары бар болғандықтан белгілі уақыт аралығына бір тапсырма беру керек. Ойын кезінде баланың достарының салмақты болуы шарт.
Зейін бұзылуы мен гипербелсенділік белгілері бар балаларды тиімді емдеу үшін бала мен оның ата-анасына әртүрлі психологиялық әдістерді қолдану, сонымен қатар дәрімен емдеу арқылы қол жеткізуге болады. Дәрігерлер гипербелсенді баланы сабырлы тұрғыда тәрбиелеу үшін түрлі үйірмелерге қатыстырған жөн деген пікірде. Сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы ұшқыр боп жетіледі.
Әр топта гипербелсенді балалар бар. Олар тек өжет емес, шулы немесе жылдам қимылдайтын балалар. Мұндай балалар ұзақ отыра алмайды, білімге деген ұмтылысы тұрақты емес, өз эмоцияларын, тілегін ұстап тұра алмайды және өзінің жүріс-тұрысын басқара алмайды. Егер осындай балалар сіздің тобыңызда кездессе, гипербелсенді тәрбиеленуші мен хореликтерді айыра білу керек. Осы тектес проблеманы педагогтермен, психологпен ұжымдасқан түрде шешкен жөн және осыдан кейін ғана невропатологтың көмегіне жүгіну керек. Гипербелсенділіктің себептері мұрагерлікпен берілуі мүмкін, баланы іштен жарып алғаннан кейін немесе шала туылудың, туу кезіндегі зақымдардың, өмір сүру жағдайы мен қоршаған ортаның және т. б. салдары болуы мүмкін. Гипербелсенді баланы емдеудің қажеті жоқ, жай ғана оны артық белсенділіктен арылтыңыздар.Әр топтарда тек тыңдайтын, тәртіпті, жауапты, байсалды балалар оқығандығын бәріміз қалаймыз. Бұл біздің әрқайсымыздың арманымыз! Бірақ не істеуге болады? «Мұндай балаға қысым жасамаңыз! Оның еш пайдасы жоқ. Сонымен қатар оған жоғары талаптар қоюдың және қарым-қатынас орнатуда артық жұмсақтық танытудың қажеті жоқ! Қалай болғанда да артық кетпеңіз. Мұндай тәрбиеленушіге әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстаудың барлық қағидалары нақты түсіндірілуі керек. Сонымен қатар тыйымдардың, шектеулердің санын барынша азайтқан дұрыс!» Мен меңгерген тағы бір қағида: гипербелсенді балаға үнемі айналу, қимылдау ауадай қажет, себебі оның жеткіліксіз физикалық белсенділігі аса жоғары сезімталдыққа алып келуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың гипербелсенділік белгілерін түзетуге арналған экспериментті ұйымдастырудың жолдары бірнеше әдістерін қарастырсақ.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт — терапия болып табылады. Алғашқы арт — терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни, бұл терапия баланың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, баланың бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп, ашуға да жағдай жасайды.
Арт-терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминің ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Осы терапия әдісінің бір түрі — қуыршақ-терапиясы. Қуыршақ-терапияның рөлі түрлі аспектілерде қолданылады. Қуыршақ-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «қуыршақ арқылы қамқорлық жасау, емдеу» деген мағынаны білдіреді.
Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Қуыршақ арқылы адамның ішкі болмысын тануға болады. Дәлірек айтқанда, баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен сырласуына мүмкіндік беретін ем түрі. Ұсынылып отырған саусақтарға киілген қуыршақтар балалардың психикалық денсаулықты жақсарту, әлеуметтік бейімделуді дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, баланың эмоцияналдық және адамдық дамуын арттыру, денсаулық жағдайларын қалыптастыруда ең тиімді әдісі болып табылады. Бұл әдісті пайдалану — уақытша психикалық дағдарысқа ұшыраған немесе дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі мекемелерге ең пайдалы жұмыс түрі.
Ойын терапиясы – арт терапияның ерекше түрі. Бұл терапияның жүргізу балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатысса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшынысын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Әсіресе бұл гипербелсенді балалардың қатысуымен ойын өткізу барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылау керектігін айта кеткен жөн.
Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін» танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құмның адам ағзасына тигізер әсері мол. Әсіресе балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып, олардың психикасын реттейді. Саусаққа тиген құм түйіршіктері әрбір ұйықтап жатқан қолдың жасушаларын оятады, жүйкесін тыныштандырады. Құмның бала психикасының жағымсыз қуатын жоқ қылатын сезімталдық жай күйді реттейтін қасиеті бар. Құм балаларға магнит сияқты әсер етеді. Ол суды сіңіру қасиетіне ие. Ғалымдар құм барлық ауыр психологиялық энергияны сіңіріп, адамның энергетикасын тазалап, эмоционалдық күйді орнықтырады дейді.
Сондай-ақ музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі арқылы арт-терапия бойынша шығармашылық тапсырма беруге болады.
Тыныштандыруға арналған әуен қосылады. 4-5 топқа балаларды топтастырып, «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбы аясында тапсырма беріледі. Балалар тек саусақтарымен сурет салады. Бұл баланың миының психикалық қызметінің (зейін, еске сақтау, ойлау қабілетін, сөйлеу) дамуына және қол мен саусақ икемділігін дамытуға арналған тапсырма. Берілетін уақыт әуен біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады. Жұмыстың бұл түрі көп жағдайда балалардың көңілінен шығып жатады.
Рольдік әдіс
Топтағы белгілі рольдердің немесе қызметтердің көмегімен балаға өзінің қажеттілігін, пайдалылығын, қатыстылығын сезінуге мүмкіндік беру. Мысалы, осындай баланы өзіңіздің көмекшіңіз етіп тағайындаңыз. Ол сізге сабаққа арналған көрнекілік материалдарын, керек-жарақтарды және т. б. таратуда қуана-қуана көмектеседі. Оның топта жұмыс істеуіне режиссердің, топ көшбасшысының, бастамашысының, аниматордың, актердің ролі көмектеседі, яғни белсенді қызмет міндеттеріне немесе оқу қызметіне қатысты көзқарастарға негізделген рольдер мен қызметтер.
Ойын түрінде оқыту әдісі
Ойын әдістері сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қолданылады. Олар тәрбиеленушілер үшін үнемі қызықты. Көптеген қызмет түрлерінде: ән айтуда, тыңдауда, композицияда балалар музыкалық ойындарды аса қызығушылықпен ойнайды. Ойын барысында тәрбиеленушілердің барлық психологиялық типтері өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет