Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігінің белгісі



бет7/7
Дата03.12.2022
өлшемі34,13 Kb.
#54535
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Гипербелсенді бала

Сұр қоян жуынады.
Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қоян болған бала ортаға шығады.
Балалар: Қоян, қоян тұршы,
Беті, қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Енді бізді қушы.
Қоян қимылмен көрсете отырып жасап, тұрады. Енді бізді қушы дегенде, балаларды қуа жөнеледі.
Ойын 4-5 рет қайталанады.
Аттар
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.
Шарты:Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. Шабарманның қолында -ауыздық. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ұсыныс: ойында жүгірумен жүгірудің түрлерін кезектестіруге болады.Ойынды түрлендіруге болады: ат шабуы, орманға саяхат, т.б..
Тыныстау гимнастикасы әдісі
Гипербелсенді балалардың жүрек соғысы көбіне жиі болады, кекештеніп немесе өте жылдам сөйлейді. Мұндай жағдайда тыныстау жаттығулары көмектеседі. Оны кейіпке ену арқылы орындауға болады, ал тікелей мұғалімнің тура нұсқаулары немесе ұсыныстары бойынша орындалмайды. 1-ші жаттығу. Балаға ыдыстағы өсімдікті немесе базадағы гүлді иіскеуге мүмкіндік беру. Және де мұны ойнақы түрде орындау керек. Гүлді әртүрлі көңіл-күймен иіскеуді ұсыныңыз. «Балалар! Біздің гүліміздің иісін анықтайық! Бірақ оны күліп тұрып жасайық. Күліп тұрып тереңнен тыныстау…, деміңді шығар, демал, деміңді шығар!» немесе: «Дәл осыларды мұңды түрде қайталаймыз! Демал, деміңді шығар! Ал енді күліп тұрып демаламыз, мұңайып демді шығарамыз». Осылай бірнеше рет қайталаймыз. 2-ші жаттығу: «Қысқа тыныс алу қимылдарын орындаймыз, оны орындау кезінде өзімізді бу шығарушы шәйнек ретінде елестетеміз. Осыны дем шығарған кезде «у-у» дыбысымен орындаймыз».
Гипербелсенділік белгілері баланың бойынан жасөспірім шақта мүлде жоғалып кететін жағдайлар да көптеп кездеседі. Баланың ағзасының өсіп, жетілуіне байланысты кейбір белгілер мүлдем жоғалады. Алайда зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромының 30-70% ересек адамдарда да байқалады.
Гипербелсенді баланың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету үшін жанұяның және мектепке дейінгі мекеменің, қоғамның ынтымақтастығы қажет.
Егер де біз балалардың бойындағы гипербелсенділікті барынша азайту жолында дұрыс жұмыс жүргізетін болсақ, сонда ғана дені сау, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей алмақпыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет