Гипертермиялық синдромдағы шұғыл көмек



бет1/4
Дата06.10.2024
өлшемі0,51 Mb.
#146925
  1   2   3   4
Байланысты:
1 сабак

Балаларға жедел және шұғыл көмек көрсету




Гипертермиялық синдромдағы шұғыл көмек

Гипертермия (қызба) – балалар кеселдеріндегі ең жиі симптом. Қазіргі кезде гипертермияның сол арқылы организмнің дертке иммундық жауабын күшейтетін қорғаныстық-орнын басушылық реакция екені белгілі болды. Температура көрсеткіштері бойынша баладағы қызба субфебрилдікке (37,2-38,0оС), төменгі (аздаған) фебрилдікке (38,0-39,0оС), жоғары фебрилдікке (39,1-41,0оС) және гипертермиялыққа – 41оС-ден жоғары бөлінеді. 

  • Баланың дене қызуы кенеттен көтерілгенде ол болбырап, әлсіздік, қалтырап-дірілдеу, ентігу байқалады. Бала тамақтан бас тартады, су ішуге сұранады. Тер бөлінуі артады. Егер дер кезінде көмек көрсетілмесе, онда қозғалыстық және сөйлеулік қозу, галлюцинациялар, клоникалық-тоникалық құрысулар пайда болады. Бала есінен танады, тыныс алуы жиі, беткейлі болады. Құрысу кезінде өлім нәтижесіне жеткізуі мүмкін асфиксияның пайда болуы ықтимал. Көбірек гипертермиялық синдромы бар балаларда қан айналысының бұзылысы білінеді: қан қысымының төмендеуі, тахикардия, шеткі қан тамырларының спазмы және с.с.
  • Шұғыл көмек - баланы төсекке жатқызу; - денесін қысқан киімнен босату; - таза ауа келуін қамтамасыз ету; - қалтырап-дірілдеуде, баланың қол-аяғы мұздағанда жылыту, қымтау, аяғына жылытқыш қою. Температура көрсеткіштеріне байланысты шаралар: - 37-37,5оС – көбірек су ішу; - 37,5-38оС – физикалық салқындатуды жүргізу: баланың денесін жалаңаштау, терісін спиртпен немесе асханалық сірке сумен сүрту, шап аймағына, бауыр тұсына салқын қою, желдеткішті қосу, асқазанын және ішегін бөлме температурасындағы сумен жуу; - 38-38,5ос-де ішуге панадол, парацетамол беру, ыстық түсіргіш шырағдан қою (“Цефекон”, “Эффералган”); - “Жедел жәрдем” шақыру.

Баланың мұрнынан қан кеткендегі шұғыл көмек

  • Мұрыннан қан кету – жарақатсыз қан ағудың кең тараған нұсқасы. Мұрыннан қан ағу мұрын жолдарының шырышты қабықтарының елеусіз зақымдануының салдары (мысалы, ол құрғағанда), сондай-ақ қан тамырларының зақымдануымен және қанның ұю жүйесінің ауытқуымен бірге жүретін ішкі ағзалардың елеулі кеселдерінің білінісі болуы мүмкін. Жиі қайталанатын мұрын қанауы – тексерілуге және дәрігерге көрінуге басты себеп.
  • Шұғыл көмек - баланы отырғызу, иықтарын алға сәл еңкейту; - мұрындарын саусақпен 10 минут қысу; - мұрын белдеуіне суық қою; - ауызын салқын сумен шайдыру; - егер 10 минуттен соң мұрынның қанауы тоқтамаса, оны тағы 10 минутке қысу; - мұрынды 10 минут қайта қысқаннан кейін де жалағасатын қан кету медициналық көмекке жедел жүгінуді талап етеді. Мұрын қанағанда баланың мыналарды істемеуіне тырысу керек: - қозғалмау; - сөйлемеу; - жөтелмеу; - сіңбірмеу; - мұрынын шұқымау; - қанды ішке жұтпау. Мұрыннан қан кеткенде бала одан кейін 1-2 сағат ауызымен дем алуы қажет.
  • Профилактика - мұрын жолдарының шырышты қабығының кебуінің алдын алу: таза салқын ылғалды ауа (әсіресе жатын бөлмеде). Оңтайлы температура – 18-20оС, салыстырмалы ылғалдылық – 50-70 процент. - мұрын жолдарын тұзды ерітінділермен (мысалы, физиологиялық ерітіндімен) ылғалдау.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет