Гипертермиялық синдромдағы шұғыл көмек



бет2/4
Дата06.10.2024
өлшемі0,51 Mb.
#146925
1   2   3   4
Байланысты:
1 сабак

Баланы мұрынға дұрыс гигиеналық күтім жасауға үйрету (мұрынды шұқу емес, бет орамалды қолдану). - қиындаған дефекацияда күшену мұрыннан қайта қан кетуге жетелеуі мүмкін. Сол себепті дәрігермен іш өткізетін дәріні қолдану бойынша кеңесіңіз.

Анафилактикалық талықсу (шок). Жедел көмек

  • Анафилактикалық шок - организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті патологиялық процесс және қан айналымы, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
  • ЖЕДЕЛ КӨМЕК.
  • Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.
  • Аллергеннің организмге одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді 0,18% 0,5 мл эпинефрин ерітіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде крест тәрізді енгізу және мұз басу. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу.
  • Шоққа қарсы шаралар: 0,18% эпинефрин ерітіндісін 0,3-0,5 мл бұлшық ет ішіне. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1% дифенгидрамин ерітіндісі 1,0 мл бұлшық етке (процестің одан әрі өршуін тоқтатады). Көк тамырға инфузионды ем - 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде.
  • Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.
  • Симтоматикалық ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне вазопрессорлы аминдер. Систоликалық артериалдық қысым 90 ммсынбағ-на жеткенге дейін допамин 4-10 мг/кг/мин, бірақ 15-20 мг/кг/мин аспауы қажет (200 мл допамин 400 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде). Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі.
  • Брадикардияда 0,1% атропин ерітіндісі 0,5 мл тері астына. Қажет болған жағдайда 5-10 минуттан кейін қайталап енгізеді.
  • Бронхоспазмда көк тамырға 2,4% аминофиллин ерітіндісі 1,0 мл (10,0 мл-ден көп емес) натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе B2 –адреномиметиктер, сальбутамол 2,5- 5,0 мг небулайзер арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет