Гипертермиялық синдромдағы шұғыл көмек


Гипогликемиялық жағдайдағы шұғыл көмек



бет3/4
Дата06.10.2024
өлшемі0,51 Mb.
#146925
1   2   3   4
Байланысты:
1 сабак

Гипогликемиялық жағдайдағы шұғыл көмек

  • Гипогликемия жағдайы қант диабетінде инсулиннің жоғары дозасы енгізілгенде немесе қант төмендететін препараттар мөлшерден тыс қабылданғанда пайда болады. Оның сондай-ақ пациент ас ішпей инсулин енгізгенде немесе қантты төмендететін препараттарды қабылдап және тамақ ішпегенде пайда болуы мүмкін.
  • Гипогликемиялық жағдайдың белгілері. Гипергикемиялық комаға қарағанда гипогликемиялық комаға тез басталу тән. Арта түскен гипогликемия бас ауруымен, білінетін аштық сезімімен, тершеңдікпен, тері мен шырышты қабықтардың бозаруымен бірге өтеді. Одан соң жүрек қағуы және қол-аяқ дірілі, көру ауытқулары (көз алдындағы қосарлану), озбырлық (агрессиялық) жай-күй пайда болуы мүмкін. Симптомдар артқан сайын тері ылғалданады, сіңірлік рефлекстер жанданады, құрысулардың болуы ықтимал. Тыныс алу өзгеріссіз қалады. Қандағы глюкоза деңгейін анықтағанда көрсеткіштер қалыптан төмен – 2,78 ммоль/л.
  • Шұғыл көмек Гипогликемиялық жағдайды тойтару үшін пациентке тәтті шәй ішу, бөлке немесе ақ нан көсегін, кәмпит жеу керек. Жеңіл қорытылатын қарапайым көмірсулары бар азықтар тез бойға сіңеді және бұл жағдайды қалпына келтіруге жеткілікті. Адам есінен айрылса “жедел жәрдем” шақыру керек. Бұл жағдайда көмек көрсету үшін глюкозаның 40%-тік ерітіндісін вена ішіне баяу енгізеді. Мұндай емде әдетте сырқат 5-10 минуттен соң есін жияды.

Қант диабетіндегі (диабеттік комадағы) шұғыл көмек


Гипергликемиялық кома қант диабетінің декомпенсирлі ағымының белгісі болып табылады. Бұл жағдайдың себебі ұйқы безімен инсулиннің синтезінің жеткіліксіздігінен қандағы қант деңгейінің бірен жоғарылауы н/е сырттан енгізуде жеткіліксіздігі.

Клиникасы: Кома біртіндеп басталады, салмақ жоғалту нәтижесінде әлсіздіктің өршуі ыстығының көтерілуі, полидипсия және полиурия, тері қышуы. Кома алды жағдайлары: анорексия, құсу, мазасыздану, өткір іш симптоматикасын беру яғни іш аймағының интенсивті ауырсынуы, бас ауру, тамақтың және өңештің ауырсынуы байқалады. Жедел интеркеуррентті аурулардың себебінен комалар бірден дамып кетуі мүмкін. Физикальді зерттегенде дегидратация симптомы (терісінің, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы, кқз алмасының және тері тугорының төмендеуі, біртіндеп анурия дамиды (жалпы бозару, бет доғасындағы, иектің, маңдайының жергілікті гиперемиясы (субфебрилді қызба) бұлшықет гипотониясы артериялық гипотензия, тахипноэ немесе Куссмауль тынысы аузынан ацетонның иісінің шығуы байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет