question 78 Науқас Б. 48 жаста, гастроэнтерологиялық бөлімшеде "Асқазанның ойық- жарасы, өршу фазасы" диагнозымен ауруханалық емделуде. Эпигастралды аймақтағы күшті ауырсынуға шағымданады, тамақтан соң 30-60 минуттан кейiн пайда болады, ауамен кекіреді, кейде тамақпен, іші қатқан, іші
қампайған, "кофе қоюы" түсінде бір рет құсу болған. Науқасты кандай тексеруге дайындау қажет?
+нәжісте жасырын қанның болуына талдау жасауға
нәжістен хеликобактерді табуға
нәжістен көмірсуларды талдауға
нәжістен құрттар жұмыртқасын табуға
нәжістен лямблияның болуын табуға
question 79 16 жастағы қыз бала тұншығу ұстамасына, дем шығарудың қиындауына,құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінен: ерте балалық шақтан бастап цитрустық тағамдарға аллергиясы бар. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тері жабындылары бозғылт. Пульс - 90 соккы/мин, АҚ - 120/80 мм. с.б. ТАЖ - минутына 22. Өкпеде ұзартылған дем шығару кезiнде қатқыл тыныс, көп мөлшерде диффузды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Сіздің болжамыңыз:
ангионевратикалық ісіну
обструктивті бронхит
+бронх демікпесі
пневмония
ПОЛЛИНОЗ
question 80 Ұл бала, 6 жаста жаяу жүріп өтетін жерде автокөлікпен қағылды. Шат және оң жақ шат аймағында ауырсынуға шағымданады. Объективті: жамбас сүйектерін қысқанда ауырсынады, екі жақтан да «жабысқан табан» симптомы оң. Науқасты стационарға қандай диагнозбен жеткізеді?
іш бұлшық еттерінің созылуы
оң санның сынуы
іш қабырғасының соғылуы
іштің тұйық травмасы
+жамбас сүйектерінің сынуы
question 81 Науқас 24 жаста, мейіргер, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бетрпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және iсiну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:
шынайы экзема
микробты экзема
+аллергиялық дерматит
Фотодерматоз
дәрілік токсидермия