Бронх демікпесі Модуль/пән атауы: Диагностика және емдеу 1/ Фармакология, фармакотерапия
Орындаган:Имангалиева Ажар 3 леч 2 к
“Семей медициналық колледжі” мекемесі Семей, 2022
Анықтамасы
Бронхтық демікпе– бронх қабырғасындағы тегіс бұлшық еттердің спазмасы салдарынан, бронх ағашының шырышты қабығының ісінуінен болады.Соның салдарынан дем шығару қиындайды (Экспираторлық ентігу) қалыпты
Этиологиясы
«Асқындыратын», қоздыратын факторлар: өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлар жүні, басқа да аллергендер; ауа-райы факторлары (жел, барометрлік қысымның өзгеруі, ауа райының ылғалдылығы, ауа-райының құбылуы), жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының вирустық және бактериялық аурулары; кейбір тағам өнімдері, кейбір дәрілер, ағзаның гормондық бұзылуы және көптеген басқа факторлар. Әдетте осы аурудың тұқым қуалайтыны анықталған, ал бронх демікпесінің өзі жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялық (пневмония, жіті, созылмалы бронхит) ауруларынан кейін жиі пайда болады.
Бронх демікпесі-емделмейтін ауру. Терапияның басты мақсаты-күнделікті өмірдің дұрыс сақталуы, физикалық белсенділікті қоса. Приступ басталған жағдайда мейірбикенің көмегі, яғни науқасты ыңғайлы жерге төсек немесе диванға жатқызып, таза ауа бар жоғын қадағалап, кеудесі мен аяғына горчичник басады. Қазіргі кезде астмамен ауыратындар көбінесе қалталық ингаляторларды арнайы заттар қоспасын қолданады.Науқаста бронх демікпесі басталған сәтінде, ол қатты қорқыныш сезімінде болады, мейірбике науқасты тыныштандыру керек. Қазіргі кезде курорттық емдеу орындары өте көп, мұнда аллергиялық ауруларды емдеу шаралары жүргізіледі.