Гипоталамус (гр. 'hypo'— төмен, астында, қалыптан төмен; thalamos - камера, бөлім) - көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.
Гипоталамус - сұр төмпектен (tober cinereum), гипофизден - hypophysis — (эндокринді без) және емізікше денеден (corpus mamillare) тұрады. Гипоталамустың сыртқы беті ақзаттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті — қыртысасты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан және лимфаайналым, дене қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сұрзаттан құралған.
Қазіргі таңда белгілі гипоталамус гормондары сәйкес тропты гормондардың әсерін күшейтетін (рилизинг-гормоны, либериндер) және тежейтін (статиндер) болып жіктеледі, алайда бұл бір либерин (статин)-бір гипофиз гормоны деген ұғымға сай келмейді. Мысалы, тиролиберин ТТГ және пролактин өндірілуін ынталандырады, ал гонадолиберин ЛГ мн ФСГ-ға ортақ рилизинг-гормон болып табылады, соматостатин ГР мен АКТГ секрециясын тежейді.
Гормондар гипоталамус ынталандыру
: Тропин adenohypophysis секрециясын келесі гипоталамустың гормондар жүргізуге• мен келісім-рилизинг гормонының (ОАА);