Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу



бет6/7
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#20594
1   2   3   4   5   6   7

  • Үңгір аллегориясы

    Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, соларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетінімізге сенімді болды. Бұл біршама қиын шаруа және аз ғана уақыт ішінде жузеге асыру мүмкін емес. Платон нақты дүние біздің қабылдауымыз бен түсінуімізден сыртқары жатқанын көрсеткісі келді. Платонның ойынша, адамдардың басым көпшілігіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, сол күйінде қабылдау дағдысы тән. Платон мұны қанағат тұтпады. Ол қарапайым адамның әдеті саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиеттерін бейқам да үсгірт қабылдау дағдысы мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні туралы терең пайымдау дағдысы арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге ұмтылды. Платон хикаяны баяндады. Кейде ол «игі өтірік» деп көрсетіледі. Бұл - осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай болғанын көрсетеді деген сөз. «Үңгір аллегориясы» деген осы. Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың артында аласа қабырға бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның арғы жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көреді? Олар үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді. Бірақ бұлай емес қой. Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Бірақ біздің жарыққа шыққымыз келе ме? Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті. Олар заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Олар көздеріне күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен олардың шынайы мәнін саналы түрде үғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана - тіпті өздері алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған Күн астында әлемді өз бейнесінде көретін адамдар



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет